Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара бастауыш сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара бастауыш сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2021
7242
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшандыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, топтың атаулары, плакат, маркер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

4-сынып оқушыларымен өткізілетін «Тапқырлар тартысы» танымдық сайысқа қош келдіңіздер! «Асыл тастан, білім жастан» деп сайысқа қатысатын топты ортаға шақырамыз. Әр топтың өз атаулары болды.

  1. Топ – «Зерде»

  2. топ– «Дарын»

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар.

Білімнен аспанға жол салынар. – дей келіп, бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар.

1.___________________________________________

2.___________________________________________

3.___________________________________________

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік?

Қане,ортаға салайық. – дей отырып сайысымыздың әр кезеңін атап, таңыстырып өтем. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Кім жылдам?» ойыны. (Бұл кезеңде 2 командаға бірдей 2 әріп беріледі. («Қ», «Т») Берілген әріптен команда мүшелері бір-бір сөзден ойлап жазады. Оқушылардың жазу каллиграфиясына көңіл бөлу.Әділқазлар оқушының каллиграфиясына назар аудара отырып, 10 балдық жүйеде бағалайды)

2-кезең: «Логикалық сұрақтар» (Әр командаға кезек-кезек ұяшық таңдап сонда жасырынған сұраққа жауап береді.. Оқушылардың шапшаң әрі толық жауап беруіне мән беру. Жылдам әрі толық жауап берген командаға сол ұяшықтағы ұпай санынна ие болады.

3-кезең: «Мың бір мақал» (2 команда ұяшық ішіндегі мақалды тез, қатесіз тауып, мағынасын түсіндіру керек. Өзге түспен жазылған әріптен бастайды. Тапсырманы толық түрде орындаса 10 ұпай қойылады, толық болмаса 5 ұпай қойылады)

4-кезең: «Кім тапқыр?» (Әр топтан бір қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен сөздермен жауап береді. Сөзді толық тауып айтса 10 ұпаймен бағаланады)

5- кезең: «Бір сөзбен айтқанда...» (Тұрақты сөз тіркестері беріледі. Мағынасын айту керек. Сөзді толық тауып айтса 10 ұпаймен бағаланады)

6-кезең: «Олжалы уақыт» (Төрт командаға бірдей сөз беріледі. 2 минут ішінде «Қазақстан» сөзінен сөз ойлап табу керек. Қанша сөз ойлап жазса, сонша ұпаймен есептеледі):

ІІ. Негізгі бөлім.

Ойын толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауысты.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатқанда асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді, ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, 1 кезеңімізді бастаймыз .

1-кезең: «Кім жылдам?» ойыны. (Бұл кезеңде 4 команда 2 әріп беріледі. («Қ», «Т») Берілген әріптен команда мүшелері бір-бір сөзден ойлап жазады. Оқушылардың жазу каллиграфиясына көңіл бөлу.Әділқазлар оқушының каллиграфиясына назар аудара отырып, 10 балдық жүйеде бағалайды)

2-кезең: «Логикалық сұрақтар» (Әр командаға кезек-кезек ұяшық таңдап сонда жасырынған сұраққа жауап береді.. Оқушылардың шапшаң әрі толық жауап беруіне мән беру. Жылдам әрі толық жауап берген командаға сол ұяшықтағы ұпай санынна ие болады.

1 топ

1. Әліпбидегі әріп саны қанша? 42

2. Жақсы сөзіне антоним сөз ? жаман

3. Қандай ұлттық ойындар бар?

4. Қойдың төлі? қозы

5. Рәміздерді ата Ту Елтаңба Әнұран

6. Жыл мезгілдерін ата: Қыс Жаз Күз Көктем

7. Бір сағатта неше минут бар? 60 минут

8. Білім ордасы Мектеп

9. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім? Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев



3-кезең: «Мың бір мақал» (Оқушылар мақал жалғасын табу керек. Тапсырманы толық түрде орындаса 10 ұпай қойылады, толық болмаса 5 ұпай қойылады)

  1. топ:


  1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)
    2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)
    3. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі)
    4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
    5. .Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы).

  1. Топ:

1.Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала).
2. Жүз сомың болғанша,........................(жүз досың болсын)

3. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас).
4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)
5. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен)


4-кезең: «Кім тапқыр?» (Әр топтан бір қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен сөздермен жауап береді. Сөзді толық тауып айтса 10 ұпаймен бағаланады) (А,Ә,Н).

Сұрақтарды 4 «А» сыныбы – «Зерде» (Н)

1.Досың кім?

2.Анаңның аты кім?

3.Қай көшеде тұрасың?

4. Жасың нешеде?

5.Шашыңның түсі қандай?

6. Қандай жемісті жақсы көресің?

7. . Қандай аңды білесің?


1.Сенің атың кім ?

2.Сүйікті пәнің қандай ?

3.Қай көшеде тұрасың?

4. Жасың нешеде?

5.жануардың аты

6. Қандай жемісті жақсы көресің?

7. . Қандай есім ұнайды ?




5- кезең: «Бір сөзбен айтқанда...» (Тұрақты сөз тіркестері беріледі. Мағынасын айту керек. Сөзді толық тауып айтса 10 ұпаймен бағаланады)

1. Көзді ашып жұмғанша... (жылдам)

2. Қой аузынан шөп алмас ... (момын)

3. Төбесі көкке жетті... (қуанды)

4. Бетінен оты шығу... (ұялу)


1. Төбе шашы тік тұрды... (қорықты)

2. Арасынан қыл өтпейді.. (тату)

3. Ит өлген жер... (алыс)

4. Қабағынан қар жауып... (ренжу)


6-кезең «Олжалы уақыт» (Төрт командаға бірдей сөз беріледі. 2 минут ішінде «Қазақстандықтардың » сөзінен сөз ойлап табу керек. Қанша сөз ойлап жазса, сонша ұпаймен есептеледі)

ІІІ. Қорытынды. Әділ-қазы алқасы жеңімпаз команданы анықтап. Мадақтау граматасын ұсынады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!