жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс іс шара "Бастауышым-балбұлағым" 4 сынып
Өскемен қаласы, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43
мектеп-лицейі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы
«Бастауышым-балбұлағым»
1.Диафильм «Мектебіміздің алғашқы түлектері»
2.Вальс.
3.Мұғалімдер оқушыларды сипаттап ортаға шығарып тұрады.
1-жүргізуші (Аяулым)
–Армысыздар құрметті ұстаздар,аяулы ата-аналар,қадірлі оқушылар!
2-жүргізуші (Олжас)
«Алтын дән» балабақша мектеппен қоштасқалы тұрған алғашқы түлектердің «Бастауышым –балбұлағым!»атты мерекелік кешіне
Екеуі бірге «Қош келдіңіздер!»
1-жүргізуші (Аяулым)
-Құрылғанына 1 жыл 3айдай ғана уақыт болған мектебіміздің ыстығына күйіп,суығына тоңған,жүзінен үнемі мейірім шуағы төгіліп тұратын,осы мектептің анасы десек те болады,мектеп директоры Алина Нурланқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші (Олжас)
-Мектебіміздің жүрегі,қамқоршымыз,панамыз,жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асыратын оқу ісінің меңгерушісі Алфия Далеловнаға құттықтау сөз кезегі беріледі.
1-оқушы (Елдар)
Армысың сен,алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр-алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағың
Мақтан етем сені мәңгі мектебім
2-оқушы (Амина)
Бастауышым-бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып,білім алып
Рахметімді жаудырамын.
3-оқушы (Сержан)
Бастауышым бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда
Саналы азаматын болашағың
4-оқушы (Дильназ)
Мектеп-деген білім кені,жыр кені
Мектеп-деген ғылымның ең үлкені
Мектеп-деген тәрбиеші адамға
Мектеп-деген даналардың мекені.
5-оқушы (Шыңғыс)
Мектебім-білім берер алтын ұям
Ер жетіп сенде сөзім,артты санам
Баулыған 2 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
6-оқушы (Айша)
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя,ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
7-оқушы (Данияр)
Бастауыштан алдық біз білім нәрін ,
Бар білімнің жинадық шырын балын
Бала деген ұстазға тартады екен,
Менің осы мектептен ұғынғаным.
Ән «Мектебім, аяулы мектебім»
1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.
2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін!
2-жүргізуші (Олжас)
Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың
-Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға-деп айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстазымыз екені бәрімізге мәлім.
1-жүргізуші (Аяулым)
-Иә,батыр Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да,данасында, ғылымның,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Ендеше келесі жырларды ұстаздарға арнаймыз.
1-оқушы (Айым)
Әлі есімде мектепке келгеніміз
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазымыз сенгеніміз
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем мен.
2-оқушы (Едіге)
Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның
Ұстаздан үйренем
Өнерін білімнің
Үйретіп іс сазын
Мың жаса ұстазым!
3-оқушы (Диана)
Хат танытып,үйреткен әріптерді
Ұстатып алғаш қолға әліппені
Рахмет ұстазыма дәріс берген
Үйреткен ғылымдарды өнерменен.
4-оқушы (Рустам)
Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Сағына әр кез суреттерді парақтап
Шәкірттерін жиі еске алатын
5-оқушы (Айша)
Атағым Алатаудай болса биік
Тұрса төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
6-оқушы (Диас)
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады
Ұмытпаймын салған жолын ақылын
Мәңгі,мәңгі есімізде қалады.
7-оқушы (Елдар)
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді
Бар ақылын бізге жиып,мол береді
Қанатымен су себелеп,асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
2- жүргізуші (Олжас)
«Ұстаз-ұлы тұлға!»Иә ол бізді өз баласынан кем көрмей тәрбиелеп өсірді емес пе?
1-жүргізуші (Аяулым)
Ол бізге бар білгенін үйретіп қана қоймай бізді өнерге де тәрбиеледі.
Мысал Сапар мен парта
Адырбек Сопыбеков
Бір күні мен
Сыныпқа кіріп ем,
Сапарға көзін аларта,
Көтерді басын бір парта
Жан-жағына қарап қойып,
Ерінін кезек жалап қойып,
Сөйлеп кетті жасырмастан:
-Мені тыныш қоймады,
Бетімді сызып ойнады.
«Сапар» деп жазды өз атын,
Болдым әбден тозатын.
Есіктен күзде аттап едім,
Онда өзім аппақ едім.
Сапар келіп жайғасты.
Содан бірер ай да асты
Кітабын,басқа керегін,
Кеткенше сақтап беремін.
Айта берсем масқара-ақ,
Дәл желкемнен ұстап ап,
Есіктен төрге сүйретті,
Сүйегімді күйретті.
***
Сөйлемей Парта көп артық
Қарады көзін алартып.
Үнсіз қалды сапар да,
Сол жерде мұрынын бір тартып.
2-жүргізуші (Олжас)
-Ендеше оқушылардың үйренген билерін тамашалап көрейік.
Би «Испан биі»
1-жүргізуші (Аяулым)
Ұстазға қанша өлең,жыр арнасақ та артық етпейді
2-жүргізуші (Олжас)
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау
Қалайша 2 жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы,япыр-ау!
1-жүргізуші (Аяулым)
-Расында 2 жыл 2 күндей өте шықты ғой.Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.
1-оқушы (Шыңғыс)
Мектеп директоры Алина Нурлановаға
Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын,
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақаның
Апай сізге мың алғыс жолданады.
2-оқушы (Айым)
Оқу ісінің меңгерушісі Алфия Далеловнаға
Анамыздай мейірімді құшақ ашып,
Тұрарсыз Алфия апай амандасып
Әр уақыт жылы сөзбен шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.
Қабыл ал шәкірттердің алғыстарын.
3-оқушы (Данияр)
Тәрбие ісінің меңгерушісі, логопед Гүлден Ахмеқалиевнаға
Ұстаздардың арқасында шаттандық
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық
Аямаған тәрбиесін біздерден
Барлығымыз жүретұғын мақтанғып
Мың алғыс жолданады сізге бізден.
4-оқушы (Амина)
Ұстаздарымыз Гулнар Ахмедқызы мен Зинат Кабдрашқызына
Қоңыр үнді дауысың әсем таңдардай
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
5-оқушы (Дильназ)
Тәрбиеші апайлар Жадыра Далелханқызы мен Армангүл Алпыспайқызына
Адамға деген мейірімің өзіңнен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Тәрбиеші апайлар ризамыз өзіңізге.
6-оқушы (Рустам)
Тәрбиеші көмекшілері Раушан Кәрімжанқызы мен Толқын апайларға
Дастархан жайып беретін
Тазалықты да сақтайтын
Апайлар сізге мың алғыс
Балалық балғын көңілден.
7-оқушы (Сержан)
Ән-биден сабақ беретін ұстаздар Лунара мен Ира апайларға
Әдемі ғой ән мен би сабағы мектептің
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Лунара,Ира апай бас иеміз сіздерге
Ән мен биді талмай бізге үйреттің.
8-оқушы (Диана)
Дәрігер Қайша Ахметқызына
Ауырсақ дәрі беретін
Шақырсақ жүгіріп келетін
Дәрігер Қайша апайға
Шексіз алғыс арналған.
9-оқушы (Сержан)
Аспазшы апайларға
Дәмді ас бізге беретін
Аспазшы апай сізге де
Шәкірттеріңіз жолдайды
Ыстық ықылас,мың алғыс.
Ән. «Ұстазым»(009)
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
1-жүргізуші (Аяулым)
Олжас ұстаздың бізге берген білімін,еңбегін ескере отырып,осы кісілерге рахметімізді білдірсек қайтеді.
2-жүргізуші (Олжас)
-Дұрыс айтасың Аяулым,ендеше биден шашу шашайық.
Би «оппа гангнам стайл»
1-жүргізуші (Аяулым)
Олжас ұстаздарымызбен бірге біздің ата-аналарымыз да шыдамдылық танытып,көп еңбек етті.Бала тәрбиесінде қосқан үлестеріңіз үшін мың алғыс.
2-жүргізуші (Олжас)
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әкені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
1-жүргізуші (Аяулым)
-Олжас сенің осы мектепке алғаш келген күнің есіңде ме.Ұстаздарымыз бізді жылы жүзбен қарсы алып еді ғой.
2-жүргізуші (Олжас)
-Ия, менің де есімде.Өздерінің бар білгендерін аямаған,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге тәрбиелеген ұстаздарымыз Гулнар Ахмедқызы мен Зинат Кабдрашқызына,тәрбиешілеріміз Жадыра Далелханқызына мен Армангүл Алпыспайқызына сөз кезектерін берейік.
2-жүргізуші (Олжас)
Шәкірттер сіздер айтып мақтанамыз
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үміт пен сеніміңіз сақталады.
Бәрі:Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Хор:
«Жас дәуірдің түлегіміз»
(068)
1.Бау-бақша, белдер,
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
2.Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып,
Білімді адам боламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
3.Аялар бізді
Қамқоршы ізгі
Сүйікті Отан-анам ыз
Отанды мақтап,
Айтамыз тақпақ-
Шырқатып әнге саламыз.
Қайырмасы
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
1-жүргізуші Олжас
Сонымен «Бастауышым-балбұлағым» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші Аяулым
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Екеуі бірге: Қош сау, болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген