Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі Сыздыкова А.А. Сыздыкова
А.О.
Сыныбы: 5-6
сыныптар
«Білімділер» сайысы
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін
дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға
үйрету
Романова Александра ән
«Елбасы»
Саша. Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар
және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Саша. «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.
Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің
тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер»
сайысына қошкелдіңіздер!
Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар
алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
_______________________________________________________________________________
Алдымен сайысымызды бастамас
бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер екі топқа
бөлінген.
1. «Білгірлер» тобы 5
сынып оқушылары
2. «Талаптылар» тобы 6
сынып оқушылары
Саша. Сайыс мынадай
турлардан тұрады:
1-ші тур – «Мың бір
мақал»
2-ші тур – «Сөз тапқанға қолқа
жоқ»
3-ші тур – «Мәнерлеп оқу
сайысы»
4-ші тур – «Тапқыр болсаң,
тауып көр»
5-ші тур – «Ойлан
тап»
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» тур да сайыскер
жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп
кетер,
Асып, тасып, асықпа,
қалыспағын.
Саша.1-ші
тур «Мың бір мақал» Сіздерге
аралыстырылған мақал-мәтелдер беріледі оларды дұрыс құрастыру
керек. (5-7 минут)
Мақал-мәтел
1.Күш - білімде, білім -
кітапта.
2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас
3.Отансыз адам — ормансыз
бұлбұл
2-ші тур «Сөз тапқанға қолқа
жоқ». Бұл кезеңнің шарты екі топқа
бірдей «Қарлығаштар» сөзі беріледі. Осы сөздің ішіндегі әріптерден
жаңа сөздер құрастыру.
Құрылатын
сөздер:
(Қар, қарлы, тар, ағаш,
ақтар, ғашық, ара, аш, ақ, қаш т.б.) 10
минут
3-ші
тур «Мәнерлеп оқу сайысы». Екі
топқа бірдей өлең беріледі. Олар 10 минут ішінде дайындалып бір
оқушы ортаға шығып оқу керек.
Ана
тілің – арың
бұл
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза
Әли
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа
емес.
Соқ қолыңды білгірлер мен
талаптыға.
4-ші
тур «Тапқыр болсаң, тауып
көр» Орыс тілінен қазақ тіліне
аудару.
Знай - біл,
Совесть – ар,
Язык - ...
Есть - ...
Берег – жаға,
Прибавь – қос,
Оценка - ...
Друг - ...
Расческа – тарақ,
Вода –
су,
Урок - ...
Флаг - ...
Белка – тиін,
Шаг – қадам,
Одежда - ...
Человек - ...
Ү. Тур
«Ойлан тап» деп аталады.
Кестеден берілген сөздерді тап.
Әділ қазылар қорытынды
шығарғанша 5 сынып қыздары өнерлерін
көрсетеді.
Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен
оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға
сәттілік тілеймін!