400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара «Білгірлер сайысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара «Білгірлер сайысы»


Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Білгірлер сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың тақырыбы: Қазақ тілі – мақтанышым!

Мақсаты:

1.Тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызыметін таныттыру, тіл мерейін көтеру;

2.Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3.Ізденімпаздыққа,шешендікке, ізгілікке, шапшаңдылыққа, тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сайыс кезеңдері:

Таныстыру

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

«Ойлан,тап!»

«Сен,білесің бе?»

«Кім жылдам»

«Сөйлем құрастыру»

Қорытынды.

Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты таныстыруға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызда Болашақ тобы және Білгірлер тобы

Ойынның кезеңдерімен таныстыру.

Әділқазы мүшелерімен таныстыру.

-Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Білімдерін паш етіп сайыскерлер,

Сәті келіп қалғандай танысатын – дегендей сайысымыздың 1 кезеңі.

1-кезең «Таныстыруды» бастаймыз.

(әр топ өзінің тобын,мүшелерін таныстырады)

Жеребе алу.

2-кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әр ойыншыға әріптер беріледі. Берілген сұрақтардың жауаптарын тек сол әріптен бастаймыз.

1 команда сұрақтары.

Атың кім?

Мектепке немен барасың?

Досың қандай адам?

Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?

Абай Құнанбаев кім?

Үйіңде не бар?

Қыз бала қандай болу керек?

Көршіңнің аты кім?

Қай қалада тұрасың?

2 команда сұрақтары.

Фамилияңды айт.

Өзің нешедесің?

Қай обылыста тұрасың?

Досыңның аты кім?

Қазақ тілі сабағынан қандай баға аласың?

Шкафтың ішінде не бар?

Ер жігіт қандай болу керек?

Үйде ақша табатын кім?

Мектебіз неше қабатты?


3 кезең «Ойлан, тап!»

Әріп жұмбақтарды шешу


Әкеңде бар

Атаңда жоқ

Тәтеңде бар

Апаңда жоқ (ә)


Жоқта бар

Барда жоқ

Шоқта бар

Талда жоқ (қ)


Тауда бар

Таста жоқ

Жауда бар

Доста жоқ (у)


Құрықта бар,

Сырықта жоқ

Құдықта бар

Қырықта жоқ (ұ)


Күнде бар

Айда жоқ

Түнде бар

Таңда жоқ (ү)


Қылда бар

Жүнде жоқ

Жылда бар

Күнде жоқ (ы)


Жақанда жоқ

Жаһанда бар

Қапанда жоқ

Қаһарда бар (һ)


4 кезең «Сен ,білесің бе?»


Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.

ұяшық.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9)

ұяшық .Қазақ алфавитінде неше әріп бар?(42 әріп)

ұяшық.Зат есімнің ережесін айтып бер?

ұяшық. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы. (Абай Құнанбаев)

ұяшық .Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

ұяшық. «Оқушы» сөзін жіктеңдер

ұяшық. «Кел,балалар оқылық»өлеңінің авторы.(Ы.Алтынсарин)

ұяшық. Етістіктің ережесін айтып бер.

ұяшық. Сын есімнің ережесін айтып бер.

ұяшық. Септіктерді сұрақтарымен бірге ата.

ұяшық: «б» дыбысына фонетикалық талдау жаса.

ұяшық: «Екібастұз» сөзі неше түбірден құралған? Ол қандай сөз?


5 кезең «Кім жылдам?»

Мақалдарды аяқта.

Отан от басынан ... (басталады)


Отансыз адам – ... (ормансыз бұлбұл)


Көп оқыған ... (көп біледі)


Өмір үлкен ... (мектеп)


Оқу білім бұлағы

Білім ... (өмір шырағы)


Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді ... (құрметте)


Әкеге қарап ұл өсер

Анаға қарап ... (қыз өсер)


Мектеп кеме ... (Білім теңіз)


Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең ... (білесің)


Табиғат жер байлығы

Батырлар ... (ел байлығы)


6 кезең. «Сөйлем құрастыру»

(қима қағаздардағы сөздермен сөйлем құрастыру)

1 сөйлем: Елтаңбамыздың ортасында шаңырақ бейнеленген.

2 сөйлем: Әрбір адамның міндеті мемлекеттік рәміздерді сыйлау.

3сөйлем Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі.

4 сөйлем Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз бейнеленген.


Қорытынды.

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.


Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.


Сау болыңыз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі