жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара Білімділер бәйгесі
Білімділер бәйгесі.
Сайыс сабақ 9-сынып
Сабақтың мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту. Шығармашылдыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, топшамалар, сөзжұмбақтар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз».
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру.
2. Бәйге сайысы (сұрақ-жауап)
3. Тіл өнері (сөзжұмбақтар шешу).
4. «Сырлы сандар әлемі»
5.Қызықты әзіл сұрақтар. (логикалық есептер)
6. Ширату (сөздер құрау).
7. ( капитандар сайысы).
8. Қорытынды.
Сайыстың барысы:
Мінекей, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы –
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Қазылар алқасымен таныстыру.
«Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты» - дей келе І тур бойынша топтар өздерін таныстырып өтсін.
І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
тең қабырғалы үшбұрыш
тең бүйірлі үшбұрыш
әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
тік бұрышты үшбұрыш
сүйір бұрышты үшбұрыш
доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Қасиеттері: 1) диогональдары тең
2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.
ІІ тур. «Бәйге» сайысы
«Осындай дүбірмен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан» - дей келе келесі турымызды бастаймыз.
І топ «Үшбұрыш» тобына:
1.Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус.
2. Сәуленің ұшы бола ма? Иә.
3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Шаршы.
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш. Сүйір.
5. Қосудың теңдігі. Қосынды.
6. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз.
7. Санның жүзден бір бөлігі. Процент.
8. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.
9. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? Жазыңқы.
10. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін кесінді Биссектриса.
11. Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800
12. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең? 4м
13. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларын қалай атайды? Катет
14. Алымы мен бөлімін бірдей санға бөлуді. Қысқарту
15. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. Бұрыш
ІІ топ «Квадрат» тобына:
1. Тік бұрыштың шамасы . 900
2. Көбейтінді қай кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең болғанда.
3. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға қалай аталады? Гипотенуза.
4. Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан
5. Екі санның бөліндісі. Қатынас
6. Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік
7. Математика патшасы. Арифметика
8. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. Диагональ.
9. Диаметрдің жартысы. Радиус
10. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. Радиус
11. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? 900
12. Түзудің ұштары бола ма? Жоқ
13. Қиылыспайтын екі түзуді қалай атайды? Параллель
14. Екіден артық бөлінгіші бар сан. Құрама сан.
15. Бағытталған кесінді (вектор)
ІІІ тур. «Тіл өнер» (математикалық жұмбақ шешу және жауабын үш тілде айту)
1. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді.
(8)
2. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
(15)
3. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
5. Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)
6. Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль)
7. Түзудің бір бөліг,
Екі шеткі нүкте көрігі.
Ұзындығы әжне бар,
Айтшы ұпай сенікі. (Кесінді)
8. Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
/күнделік/
9. Он екі парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
10. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/
4-тур «Сырлы сандар әлемі»
1. 1888 санын екіге бөл. Оның әр бөлігінде 1000-саны болатын болсын
2. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100
3. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100
4. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық (* / - + таңбаларын пайдаланып): 3 3 3 3 3 3 = 333*3+3/3=1000
5. 4 4 4 4 4 4 4 4=444+44+4+4+4=500
5-тур «Қызықты әзіл сұрақтар» (логикалық есептер)
1. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша? (3кг)
2. Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
3. Тақтайды 12 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? (11)
4. Екі ана, екі бала 3 алманы тең бөліп жеуі мүмкін бе? (мүмкін. апасы, мамасы, баласы)
5. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг)
6. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72)
7. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? (6)
8. Алмас күнде сабақтан қайтқанда жаяу қайтады. Жазда үйіне дейін 85 минут жүреді. Ал қыстыгүні дәл сол жолмен 1 сағат 25 минутта үйіне жетеді. Неліктен? (85 минут деген 1 сағат 25 минут)
9. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, ал үшеуі тізбектеліп ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? (3)
10.5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)
Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)
Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады? (қоюлатылған сүтке айналдырамыз)
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
6-тур «Ширату» сөз құрау
«Арифметика» сөзнің әріптерін пайдаланыып сөз құрау. Қай топ көп құраса сол топ женеді.
7-тур. Каптиандар сайысы. Топ басшылары ортаға шығып кезектесіп құрамында саны бар мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Қорытынды.
«Бұл кезеңнің сұрағы,
Сайыскерлерге ұнайды.
Көп шаршының орнында,
Қандай әріптер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты да үнемдеп.
Кім жазады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.
Әділқазы армысыздар, алқалар,
Талай-талай шындық сізде бар табар!
Бағаларын балалардың беріңіз,
Қымбат бізге-билігі бар орталар – деп сөз кезегін әдіқазыларға беріледі.
Жеңімпаз топтар марапатталады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген