400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. "Бірлігіміз жарасқан!" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т


Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан».
Өткізілу формасы: сайыс
1-жүргізуші:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

2-жүргізуші:

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан Наурыз.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған Наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін Наурыз.

1-жүргізуші: Мерекелік сайысымызды бастамас бұрын ортамызда отырған Қыдыр атадан бата алайық.

Қыдыр ата:

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Әумин!

2-жүргізуші: «Бірлігіміз жарасқан» атты іс - шарамызды бастаймыз.
Атаулы шара сайыс түрінде өтеді. Білім мен білік додасына үш топ қатысады. «Бәйшешек» тобы
«Қызғалдақ» тобы
«Сарғалдақ» тобы
1-жүргізуші: Осы сайыста қатысушыларымыздың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Оқу ісінің меңгерушісі: Қазбекова Кульнар Сүгірбекқызы

Қазақ тілі әдістеме бірлестігінің жетекшісі : Утемисова Мадина Белдибекқызы
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Мабакиева Аида Азимжановна



2-жүргізуші: Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.
І айналым: «Танысу» Әр топ өздерін қабырға газеттері арқылы таныстырады.
1-жүргізуші:

ІI айналым: Аудырып, толықтыр. (слайд)
Город -....
Мальчик -...
Класс -...
Замок -....
День -....
Цветок -....
Звук -....
Рисунок -....
Привычка -....
Смейся -....
Белый -....
Вопрос -...
Месяц -....
Богатый -..
Февраль -..
Небо -...

2-жүргізуші:
III айналым: «Көрерменнен көрімдік» (Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат
Айна
Сиыр
Кітап

Маймыл
Балмұздақ
Кесе
(Үш айналым бойынша қазылар алқасына сөз береміз)
1-жүргізуші:

IV айналым: «Сөзстан» деп аталады. (қанағаттандырылмағандықтан) Бұл жұмыстың тәртібі бойынша сіздерге сөз беріледі. Берілген уақыт ішінде сол сөздегі әріптерден сөздер құрау керек. Іске сәт!
Музыкалық пауза

Ортаға әр сыныптың жанкүйерлері өз өнерлерін көрсету үшін шақырылады. Құрметті әділ қазылар жанкүейрлерді де бағалаңыздар.
2-жүргізуші:

Берілген уақыт аяқталды. Енді әр топ жазылған сөздерін қазылар алқасына береді.
V айналым: «Мен – көркем сөз шеберімін» деп аталады. Әр топ дайындап келген шығармадан үзінді оқиды. Сол үзіндіні мәнерлеп оқу керек.
VI айналым: Сұрақ – жауап.
«Бәйшешек» тобы
1. Әнұранның авторлары?




2. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен?
3. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады?

«Қызғалдақ» тобы
1. Қазақстан Туының авторы?
2. Әнді орындайтын адамды кім дейміз?
3. Ұлттық тағамдарды ата.

«Сарғалдақ» тобы
1. Ұлттық ойындарды ата.
2. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?
3. Елтаңбамыздың авторларын ата?
1-жүргізуші:
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерге беріледі.
Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

2-жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!

































Жалпы білім беретін №17 мектеп







Бірлігіміз жарасқан







Орындаған: Конырова Г.А.











Алматы, 2017ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі