«Қалалық жас туристер
стансасы» МКҚК
Бекітемін
_________ А.И
Бекбергенова
«____» _________ 2021
жыл
«Егеменді еліміздің көк
туы желбіресін!»
Құрастырған: ҚББП ШЫНТАС
Н.А.
ҚББП ҮМБЕТИЯР
Ә.З.
Ақтөбе
2021
жыл
Тақырыбы:
Егеменді
еліміздің көк туы желбіресін!
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің
тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін
кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз
Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру;
бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны
үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайд,
видео, суреттер, шар
Барысы:
«Тойбастар» күйі (музыка ойнап
тұрады)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар
және оқушылар! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің
арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен
берекенің дәлелі болып табылады.
2021 жыл еліміз үшін айрықша,
мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл
толды!
Ендеше, бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Егеменді
еліміздің көк туы желбіресін!» атты апталықтың ашылу
салтанатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ
елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп
келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны
ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы
күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік біздің ең басты
құндылығымыз!
Әнұран
орындалады
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік
- ел бақыты, ертеңі,
О,
халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем
күндей күлген шығыстан,
Асыл елім
жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам
аңсап өткен бақытым,
Айналайын, елім менің
Қазақстан!
2-жүргізуші:
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы
орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде
бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз
Қазақстан – елім менің!- дей келе құттықтау сөз кезегін
Қалалық жас туристер стансасының директоры Бекбергенова Алена
Исламқызына береміз.
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен
ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле
бер.
Мерейің құтты болсын
Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе
берер!
Ән:
«Қазақстаным»
Орындайтын: «Жас геолог
өлкетанушы» үйірмесінің білім алушысы Көпжасар
Дильназ
1-жүргізуші:
Бақытым-Республикам
Қазақстан,
Көгінде ақ
көгершін, қаздар ұшқан.
Саған
жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса,
бір шетінде жаз ауысқан.
Ендеше оқушылар, сіздерге қояр
бірнеше сұрақтарымыз бар. Бұл сұрақтарды қою арқылы сіздер қаншалық
тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныс екендеріңізді байқайтын
боламыз.
-
Біздің бақытымызды тербеткен
Тәуелсіздігімізге биыл қанша жыл толып отыр?
(30)
-
1993 жыл Қазақстан
Республикасының тарихында атаулы жыл болып есептеледі. Яғни бұл
жылы қандай елімізде қандай өзгерістер, қандай жетістіктеріміз
болды? (тұңғыш ата заң қабылданды, ұлттық валютамыз айналымға
енді)
-
20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми
түрде жариялаған болатын. Бұл қай жылы? (1997)
-
ҚР-ның Астана күнтізбенің қай
күніне сәйкес келеді? (6 шілде)
-
Қазақстанда , Нұрсұлтан
қаласында бүкіл әлемдік деңгейдегі ЕХРО көрмесі қай жылы
ұйымдастырылды? (2017)
-
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
қай жылы ел Президенті болып сайланды?
(2019)
Би:Қазақ
биі
Орындайтын: «Жас эколог»
үйірмесінің білім алушылары
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далаға жылап келіп
қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ
жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай
қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық
таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш
па
Өз-өзінен жүрегім ән
салады.
«Қабірден хат» (Қайраттың
монологы)
Орындайтын: «Жас геолог
өлкетанушы» үйірмесінің білім алушысы Көпжасар
Дильназ
1-жүргізуші:
Ендеше, осындай
қаһармандарымыздың ерлігін, Тәуелсіздігімізді бағалайтын мына жас
буын ұрпақ сіздерсіздер! Назарларыңыз экранда болсын! Тәуелсіздік
туралы бейнероликті тамашалайық.
Бейнеролик көрсетіледі.
(Роликте 30 жылдағы жетістіктер мен елдің тарихи жеңістері
көрсетіледі)
2-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, жерім, Отаным –
бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім,
өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен
халқыма
Туған тілім шұбарланба
жарқыра
Тарихымызда таланттылар
көбейсін
Бас иемін
ата баба рухына.
Ендеше шекті аспапта, яғни
жетіген арқылы өз құттықтауын жеткізетін «Географ өлкетанушы»
үйірмесінің білім алушысы Куркембаева Лиананының өнерін
тамашалайық.
1-жүргізуші:
«Орнында
бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық
жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің
арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.
120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде,
асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада,
егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
«Тәуелсіздікке
арнау»
Орындайтын: «Әдеби
өлкетану» үйірмесінің білім алушылары Ахметжанқызы Ақжан, Мұратқызы
Алтыншаш және «Жас геолог өлкетанушы» үйірмесінің білім алушысы
Қапышев Расул
2-жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр
бұрқырап
Сол
бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім
барша жұртқа бір ғана
Ырыс,
бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән:
«Мен қазақтың баласы» Орындайтын: «Туған өлке»
үйірмесінің білім алушылары Марал Аруна, Кализина
Сұлушаш
(Барша
бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен
жалауша)
1-жүргізуші:
Ту тігілді
халқымның бүгін бағына
Жас
өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға
жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге
аталардың ерлігі
Ұлағаты
өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі
ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе Кеш соңын тәуелсіз елдің
болашығы мына сіздердің жүрекжарды жылы лебіз-тілектеріңізбен
аяқтасақ. (оқушылар тәуелсіз елімізге
өз тілектерін жолдайды)
Ендеше, бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
2-жүргізуші:
Қазақ
елім!
Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілейік, ағайын.
Келесі
кездескенше сау саламатта болыңыздар!