Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Физика-біздің өмірде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың олау қабілеттерін арттыру мақсатында физика пәнінен өткізілген сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика біздің,өмірде

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар ! Өздеріңіз білетіндей Физика, математика пән бірлестігінде «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты апталық өтіп жатыр. Апталық аясында бүгін  7- 9 сыныптар  арасында  «Физика біздің,өмірде» деген  тақырыта сайыс өткізгелі отырмыз.  Олай болса бүгінгі біздің сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

Бүгінгі сайысымзды бастау үшін ортаға қатысушыларымызды шақырайық. Бұл топ қатысушылар 7,8,9 сынып оқушыларынан құралған.

1-топ «Эйнштейн ізбасарлары»

2-топ «Жас физиктер»

Физика-ол менің үйімде,

Физика-музыка елінде.

Физика-мақал мен мәтелде,

Физика тілімен дәлелде!


Физика-жұмбақ пен әзілде,

Физика-ақынның тілінде

Физика-жерімде,көгімде

Осының бәрін сен дәлелде!


дей  отыра  осы  кешіміз де  жоғарда  айтылған  өлең  жолдарының  бөлімдерімен аталады.


І бөлім «Физика-ол менің үйімде»

Тапсырма: Екі топқа тапсырма беріледі.

І топ : «Үйдегі  жылу құбылыстары мен  жарық  құбылыстарына негізделген мысалдар келтіру»

ІІ топ : «Үйдегі механикалық қозғалыстар мен электрлік құбылыстарға негізделген мысалдар келтіру»

ІІ бөлім «Физика-музыка елінде»

«Миға шабуыл»

-Бейнебаян көретіледі. Сол бейнебаянда қандай физикалық құбылыстарды байқағандарын айтады

 

ІІІ бөлім «Физика мақал мен мәтелде»

Тапсырма: Оқушылар өздерінің дайындап келген мақал-мәтелдерін  айтып,мағынасын ашып береді.

Мұғалім: «Тыңдамаса сөз жетім дегендей»  біздің шешен де дана ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер қалдырған екен біз  де солардың бірнешеуін сіздерге түсіндіріп өтейік.

  1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
    2. 
    Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
    3. 
    Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
    4. 
    Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
    5. 
    Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
    6. 
    Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
    7. 
    Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/
    8. 
    Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
    9. 
    Қол жұмылмай — жылынбайды. /Жылу берілу/
    10. 
    Ас — адамның арқауы. /Энергия/
    11. 
    «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.

  2. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.

  3. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.

  4. 16. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.

  5. «Тонның жылуы терісінен емес — жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.

  6. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек. (Меншікті жылу сыйымдылығы)


 IV бөлім «Физика тілімен дәлелде!»

Тапсырма:Топшамаларға жазылған тапсырмалар беріледі.Оқушылар физикалық заңдылықтарға сүйене отырып жауап береді.

1.Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы

2.Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген
Жауап: Инерция заңы

3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады

4. Cұрақ: «Басқан жерде із қалар
Айтқан жерде сөз қалар»-деген мақал физикалық тұрғыдан қандай заңға негізделген?
Жауап: Қысым заңдылығы

5. Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс

6.Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.


8.Сұрақ: Балалар, жазды күні далада серуендеп келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?
Жауап: Диффузия.

V бөлім «Физика- әзілде»

Әзіл сұрақтар
Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды?
Жауабы: Электр зарядының бірлігі — Кулонды
2. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?
Жауабы: Нобель сыйлығы
3. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды?
Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым
4. Қандай сақинаны тағуға болмайды?
Жауабы: Ньютон сақинасы

ІІ әзіл сұрақтары:

1. Қандай торға қамауға болмайды?
Жауабы: Дифракциялық торға

2. Қандай моль киімді жемейді?
Жауабы: Моль — заттың мөлшерінің бірлігі

3. Қандай өріске мал жаюға болмайды?
Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

4.Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма?

Жауабы:Массалары тең.

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн
Мұғалім.  Бүгінгі сайысымызды  Тұрмағамбет ақынның

VІ бөлім «Физикалық тәжірибе»




Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.





Қорытынды. Марапаттау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.02.2021
596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12