жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс іс шара ХХі ғасыр көшбасшысы
Тақырыбы: ХХІ ғасыр
көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін,
интеллектуалдық және рухани – танымдық жағынан өздігінен жетілуге
талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік
ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды
анықтау.
Сайыстың
міндеті:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық
жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін
дамыту
Барысы:
І
. Ұйымдастыру
бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер!
« Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық
пен білім қажет » деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым
майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері
дәрежесіне дейін көтеріледі » деп айтып кеткендей , еліміздің
болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта сіздер құрайтын боласыздар. Осы
мақсатпен 4 – сыныптар « ХХІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық
ойынын өткізгелі отырмыз.
Сайысқа
қатысушылар: 4 - сынып
оқушылары
(Әділ-қазы алқасын сайлап
алу)
Сайыстың
кезеңдері:
1 кезең-«Бәйге»
2 кезең- «Полиглот»
3 кезең- «Полиглот» ойыны
4 кезең- «Жорға»
Жүргізуші:
Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы – дей
келе, өз-өзіне
сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын,
болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын 4 - сынып
оқушыларымен таныс болайық.
4 «А» сынып оқушылары: Бахыт Еңлік,
Аңсат Абылайхан, Елтай Ерік Даркембаева Бибігүл, Сатыбалды Ақтоты,
Бақыт Аружан
4 «Ә» сынып оқушылары:Абдрахман Темірлан,
Махмет Айдос, Өмірәлі Гаухар, Балтабай Диляра, Саят Анель, Рахат
Ақмарал . -
Олай болса сайысымызды
бастайық!
І
Тур: «Бәйге»
1. Уақыт өлшем бірлігін ата?
Жауабы:сек,мин,сағ,тәул,жыл.
2. Ас қорыту мүшелерін ата? Жауабы: ауыз қуысы,өңеш,
жұтқыншақ,қарын,ішек
3. Қабырғасы 4см шаршының ауданы? Жауабы: 16
4. 94-тің 3-ке көбетіндісі нешеге тең? Жауабы: 282
5. Зат есімнің сұрақтарын ата? Жауабы: Кім? Не?
6. Тұрлаулы мүшелерді ата? Жауабы: Бастауыш, баяндауыш
7. « Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім ? Жауабы: Ы.
Алтынсарин
8. Адамның жүрегі минутына неше рет соғады? Жауабы: 60-70
9. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? Жауабы: түбір
10. Жуық мәндес сөздер..? Жауабы: синоним
11. Негізгі геометриялық фигуралар? Жауабы: нүкте, түзу,
жазықтық
12. Бұрыштың түрлері? Жауабы: Сүйір, доғал, тік, жазыңқы
13. 100 см-ге тең ұзындық бірлігі қалай аталады? Жауабы: метр
14. Жыл неше айдан тұрады? Жауабы: (12 айдан)
15. «ФА» нотасы қай нотадан кейін айтылады? Жауабы: МИ
16. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша? Жауабы: жалғау
17. Сын есім сұрақтары? Жауабы: Қандай? Қай?
18. Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады.
Ондай сөздерді не дейді? Жауабы: Қаратпа сөздер
19. Қазақтан шыққан тұңғыш суретші кім? Жауабы: Әбілхан Қастеев
20. Шанаға қосарласып жегілген үш ат 30км жол жүріп өтті. Әр ат
қанша км жол жүріп өтті? Жауабы: 30км
21. Ұзындық пен енінің көбейтіндісі нені табуды сұрайды? Жауабы:
ауданын 22. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу? Жауабы:
өрнек
23. Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай табамыз? Жауабы: сұрақ қою
арқылы
24. Ашық ыдыстағы су неге айналады? Жауабы:
буланады
( Ұпайлары аз 3 оқушы
шығарылады)
ІІ тур
«Полиглот»
1. Оқушы күнделігіне қойылатын цифр қалай
аталады? Жауабы: баға-оценка 2. Қатқан су Жауабы: мұз-лед
3. Құмшекер деген не? Жауабы: қант-сахар
4. Шаш жууға арналған сұйық косметикалық зат қалай аталады Жауабы:
сусабын - шампунь
5. Ұлыс күні қай айда тойланады? Жауабы: наурыз-март
6. Егер аяқ пен қолдарының саны 32 болса, балалардың саны неше?
Жауабы: сегіз-восемь
7. Тәттімін жасырмаймын оны сенен, өзіңе шырынымды беремін мен,
Сәнімді келтіремін мен қызарып, айтшы кәне қандай жеміспін мен?
Жауабы: алма-яблоко
8. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? Жауабы: екі-два
9. Мына жануарды ата- Жауабы: қолтырауын-крокодил
10. Оқу құралдарды салатын заттың атауы Жауабы: сөмке-портфель
11. Адамзатты ғарышқа ұшыруға арналған транспорт қалай аталады? ?
Жауабы: ҒАРЫШ КЕМЕСІ- ракета
12. Қоянның сүйікті асы? Жауабы: сәбіз-морковь
13. Қыс қай айдан басталады? Жауабы: желтоқсан –декабрь
14. Қай құс ұя салмайды? Жауабы: көкек
–кукушка
ІІІ тур
«Ғажайып
төрттік»
3 кезең «Ғажайып төрттікте» пәндер бойынша
алған білімдеріңді пайдаға асыра аласыңдар. Әр саладан алынған
барлығы 12 түрлі сұрақ болады. Сіздер тор көзді таңдай отырып, онда
жасырынған сұраққа жауап бересіздер. Дұрыс жауап берген жағдайда
сол торкөздегі ұпай саны беріледі. Ұпайы аз 3 оқушы келесі кезеңге
өте алмайды
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ЛОГИКА АНА ТІЛІ ҚАЗАҚ
ТІЛІ ӘР ТҮРЛІ 10 20 30 10 10 10 20 20 20 30 30
30
Логика - 10 1-ден 100-ге дейінгі сандарда7 цифры неше рет
қайталанады?
Жауабы: 11 рет қайталанады
Логика -20Тебіндегі жылқының үштен бірі және 2-еуі бөлініп
алынды.Бұдан соң қалған жылқының жартысы қорада ұстауға кетті.
Сонда тебінде неше жылқы қалды?
Жауабы: тебенде 8 жылқы қалды 1) 27: 3=9/ж/
2) 9+2=11/ж/ 3) 27 - 11=16/ж/ 4) 16: 2=8/ж/
ЛОГИКА – 30 Фигуралар сандармен белгіленген болса,онда төмендегі
суретке қай жауап сәйкес келер
еді?
А)213 В)234
С)314 А)122 В)322
С)133 А)332 В)443 С)433
ЖАУАБЫ: «В» В)234
В)322
В)443
АНА ТІЛІ – 10 Қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам қайраткері,өте
білімдар ғалымы,Торғай өңірінде туған,балаларға арнап тұңғыш қазақ
“ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т.б
шығармаларымен таныспыз. Бұл кім туралы айтылған?
Жауабы: А.Байтұрсынов
АНА ТІЛІ – 20 1818 жылы туған, қазақ поэзиясының алыбы, күйші, жыр
өнерінің иесі, жастайынан қолына домбырасын алып ел кезіп өлең
айтып, айтысқа түсіп «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» күйлерін
орындаған және өз домбырасын Дина Нүрпейісоваға тапсырған, күй
атасы кім?
Жауабы: Құрманғазы (1818-1889)
АНА ТІЛІ – 30 Ауыз әдебиетінің түрлерін ата
Жауабы: айтыс, батырлар жыры, шешендік сөздер, аңыз, ертегілер,
тұрмыс салт жырлары,мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 10 Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?
Жауабы: жұрнақ
ҚАЗАҚ – 20 Бұл сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралады.
Оның құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Қандай
сөйлем жайлы сұрап тұр?
Жауабы: Құрмалас сөйлем. Бүгін сынып оқушылары жиналып, мектеп
алаңында футбол ойнады.
ҚАЗАҚ – 30 Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада
айтылатын сөздерді сөйлемнің несі дейміз? Олардың арасына қандай
тыныс белгілері қойылады?
Жауабы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері
дейміз Олардың арасына үтір
қойылады.
ӘР ТҮРЛІ – 10 Мұрат ойлаған санынан екі санын
азайтып,оған 4 санын қосты. Нәтижесінде 8 саны шықты. Мұрат қандай
сан ойлады?
Жауабы: 6 саны
ӘР ТҮРЛІ – 20 Әлемдегі ең кіші
құс
Жауабы: колибри.
ӘР ТҮРЛІ – 30 Өсімдіктің бойындағы артық су
қай мүшесі арқылы буланады?
Жауабы: жапырағы
ІҮ тур «Санның
сыры»
«Санның сыры» сайысында қазақ халқының
мақал-мәтелдеріндегі әрбір санның тәрбиелік мәнін түсіне отырып,
мақалдың жалғасын табу керек 5 ұпаймен бағаланады. Алдарыңызда
жатқан жалаушаны кім бірінші болып көтереді,сол жауап беру құқығына
ие болады. Ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығады.
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
5 бармақ жиналса, бас құралады
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Жүздің түсін білгенше,
Мыңның түсін таны.
Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса ауыздағы
кетеді.
Ү тур «Жұмбақ
сыры»
5 кезеңде балалар түрлі жұмбақтарға жауап
берулері тиіс. Сайыс соыңда ұпайы аз бір бала ойыннан шығады. Ұпайы
көп оқушы бірінші болып бастайды.
1 - Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып Жауабы: қалам
2 - Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады жауабы : қоңырау
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі жауабы:
сызғыш
4 - Оқу- білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы жауабы : сөмке
5 - Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда
Шыр айналып шығады. циркуль
6 - Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы:
мектеп
ҮІ тур
«Жорға»
6 кезең «Жорғада» ұпайы жоғары 2 оқушы қалып
сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке
сұрақтарға жауап беруге тиіс.
1. Кез-келген санды 1-ге көбейтсе қандай сан шығады? Жауабы: Сол
санның өзі
2. 426 Мен 2-нІң бөліндісі нешеге тең. Жауабы: 213 1-ші оқушы
3. һ әрпі жазылатын сөзді ата. Жауабы: жиһаз, гауһар
4. Етістіктің сұрақтары... Жауабы: (не істеді? Не қылды?
Қайтті?)
5. Адам дене бөліктерін ата Жауабы: бас, мойын, дене, қол, аяқ
6. Етістік заттың
несін білдіреді? Жауабы: қимыл,
іс-әрекетті
7. Кеңес
Одағының Батыры атағын алған халқымыздың қаһарман қыздарын ата?
Жауабы: Әлия, Мәншүк
8. Екі сөздің
қосарлануы арқылы жасалған сөз Жауабы: қос
сөздер
9. Абайдың
әжесінің аты? Жауабы: Зере
10. Жеті нотаны
ата Жауабы: до, ре, ми, фа, соль, ля,
си
2-ші
оқушы
1. Кез-келген
санды 0-ге көбейтсе қандай сан шығады Жауабы:
0
2. Көбейтудің
компоненттерін ата? Жауабы: көбейткіш, көб-ң
мәні
3. 696 мен
3-тің бөліндісі нешеге тең Жауабы: 232
4. Тік
төртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз? Жауабы: ұзындығы мен
енін көбейтеміз
5. Адам
денесінің тірегі не? Жауабы:
қаңқа
6. «Ақсақ киік»
өлеңінің авторы кім? Жауабы: С.
Сейфуллин
7. Қазақстанның
тұңғыш президенті кім? Жауабы:
Назарбаев
8. Затқа қарап
салынатын суретті не деп атаймыз? Жауабы:
натюрморт.
9.“Оқы” деген
болымды етістікті,болымсыз етістікке айналдыр Жауабы:
Оқыма
10. Батыр
сөзіне жуық мәндес сөз... Жауабы: мықты,
шымыр
Қорытынды
№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
зияткерлік
сайысы
(
4-сынып)
Пән мұғалімі : Сатиева Р.А.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: ХХІ ғасыр
көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық
және рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын,
көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар,
шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
Сайыстың міндеті:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық
жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін
дамыту
Барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер!
« Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық
пен білім қажет » деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым
майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері
дәрежесіне дейін көтеріледі » деп айтып кеткендей , еліміздің
болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта сіздер құрайтын боласыздар. Осы
мақсатпен 4 - сыныптар « ХХІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық
ойынын өткізгелі отырмыз.
Сайысқа қатысушылар: 4 - сынып
оқушылары
(Әділ-қазы алқасын сайлап алу)
Сайыстың кезеңдері:
1 кезең-«Бәйге»
2 кезең- «Дода»
3 кезең- «Полиглот» ойыны
4 кезең- «Жорға»
Жүргізуші:
Мына ғасыр білімдінің
ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы - дей келе, өз-өзіне сенімді,
бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта
әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын 4 - сынып оқушыларымен
таныс болайық.
4 «А» сынып оқушылары: Бердікеева Әнел , Токмурзин Жәнібек
4 «Ә» сынып оқушылары:Болат Нұрбек, Бақытқазықызы Алия
Олай болса сайысымызды бастайық!
І Тур: «Бәйге»
«Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы кім (Б.Момышұлы)
Жер ғаламшары қашан пайда болған?( осыдан 5 миллиард жыл бұрын)
Тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
Көркеуде - оқымаған,надан адам
Домбығу - қызарып ісіну
Сағаттың 1\6 бөлігі? (10 мин, 60:6=10)
Құрмалас сөйлемге айналдыр: Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жауды.(Аспанды бұлт торлады да, жаңбыр жауды.)
Әлемнің жеті кереметіне нелер жатады? (Аспалы бақ, Фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Радос алыбы, Мысыр пирамидасы және свинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы)
«Су мен Балық» мысалының авторы? (Шона Смаханұлы)
Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
Шаршы пішінді сөренің ауданы 64м². Периметрін тап? (S=a*a,Р=32см)
Карта дегеніміз не? (жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні)
Теңге қай жылы айналымға енді? (1993ж 15 қараша)
Қос сөздер дегеніміз, түрлерін ата?(қайталама, қосарлама, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөз)
Биылғы қысқы олимпиада қай қалада өткелі жатыр? (Сочи - Россия қ.)
Ертай, Ерден, Жантай қай әңгіменің басты кейіпкерлері? («Нағыз малшы» Д.Қасенов)
Биыл Тәуелсіздікке қанша жыл?(24 жыл)
Фигураның көлемін тап. 6см, 2см, 11см(132 см³)
Президент күні? (1 желтоқсан)
Жер бетінің өте биік жерлерін не деп атайды (тау )
Бірыңғай мүше дегеніміз? (бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді айтамыз)
12 сәуір, 8 наурыз , 30 тамыз қандай күндер? (Ғарышкерлер, Халықаралық әйелдер күні, Конституция күні)
«Сыбызғышы» ертегісінің басты кейіпкері кім? (Асан)
Желтоқсан құрбандарын ата? (Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков, С.Мұхаметжанова)
Жердің бетінен кен қазу мақсатында қазылатын үлкен шұңқыр ( Карьер)
План дегеніміз? (жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандай етіп бейнелейтін сызба)
Күзгі күн мен түннің теңелуі? (23 қыркүйек)
Биіктік белдеулік дегеніміз? (таудың етегінен басына дейін топырақтың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің ауысу заңдылығы)
Теңеу дегеніміз? (Шығармада бір нәрсені белгілі басқа затқа балап, ұқсатып көрсету мақсатында бейнелі сөз)
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-45 ж.ж)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІ тур «ДОДА»
1 ұяшық.
Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз, мысал келтір?
360:40, 325:65 (9; 5)
Жеті байлықты ата (1-ші байлық - денсаулық
2-ші байлық - еркіндік
3-ші байлық - тіл байлық
4-ші байлық - қайрат күш
5-ші байлық - ақ жаулық
6-ші байлық - балаңыз
7-ші байлық - жүз саулық)
Жердің диаметрі ? (12740 км)
Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
2 - ұяшық
Жатыс септігінің сұрақтары мен жалғаулары? (кімде? неде? қайда?)
: 54= 9 (1 қалд.) (487)
«Шаңырақ» кімнің өлеңі? (Ф. Оңғарсынова)
Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім? (метеоролог ғалымдар)
Автобустан түсу үшін не істеу керек? (Автобусқа міну керек)
3 - ұяшық
Арман сыртқа шықса, далада қар жауып қалыпты. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдыр? (Арман сыртқа шықты. Далада қар жауып қалыпты)
90°-қа тең, 90°-тан кем, 90°-тан асады қандай бұрыштар? (Тік, сүйір, доғал)
Ақ күріштің атасы? (Ыбырай Жақаев)
Тянь - Шань таулары оңт. пен оңт. - шығыста қанша км жерге созылып жатыр? (2450 км)
Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат 2-ші орын алмаса, ал Талғат 3-ші орын алмаса, кім қандай орын алды? (Марат - 1, Талғат-2, Әсет - 3)
4 - ұяшық
«Шие» сөзін септе (Шие, шиенің, шиеге, шиені, шиеде, шиеден, шиемен )
Асан 15км/сағ жылдамдықпен 3 сағ. жүрді, арақашықтығы қандай? (S=45км)
Бір шешімге келгендей. - Жіберейік, аға! - деді
Мен үнсіз бас изедім.
Қай шығармадан үзінді? («Қармаққа түскен шағала» М. Тоқашбаев)
Тыңайтқыш алынатын шөгінді тау жынысы (фосфорит)
Отыз деген саннан және "Я" әрпінен тұратын есімді табыңыз? (Зоя)
5 - ұяшық
Қосарлама қос сөздер дегеніміз? (екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөз)
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте? (15га=□м², 590м=□мм, 45000жыл=□ғасыр (150 000га, 590 000мм, 450ғасыр)
Кейіпкер дегеніміз? (шығармадағы көркем бейнені айтамыз)
Сарыағаш шипажайы қайда орналасқан (Шымкент)
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)
6 - ұяшық
Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар не деп аталады?(септік жалғау)
Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүреді. Ол 5 сағатта қанша жол жүріп өтеді?(S=75 км)
Міз бақпайды - орнынан қозғалмайды
Тізгін - атты жетелеу үшін ауыздығына байлаған қайыс.
Иілгіш, биік өсімдік. Оның сабағы құрылыста жылуды жақсы ұстайтын материал ретінде пайдаланылады. Бұл? (құрақ)
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Егер оны мұз етіп қатырса)
7 - ұяшық
Олар қатал табиғатқа бейімделген. Септік жалғауында тұрған сөзді тап және қай септікте тұрғанын айт?(табиғатқа - барыс септік)
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 4дм, ал ені 30 см. Ауданы мен периметрін тап? (S=1200 кв.см, Р=140 см)
Шытыну, ошарыла қарау, мойынсыну деген сөздердің мағынасы? (қабақ түю, ренжу, бұрылып қарау, мойындау)
Бір - бірімен жалғасып жатқан төбелерді не деп атаймыз? (қырат )
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
8 - ұяшық
«Жұлдыз» сөзін септе
6900 : Х = 92 : 4 Х-тің мәнін тап? (Х=300)
Асық жатыстарын ата? (алшы, тәйке, бүге, шіге)
Ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай күйі не деп аталады? (Ауа райы)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?(Үсті су болып)
9 - ұяшық
«Биші» сөзін жікте (Мен бишімін, сен бишісің, сіз бишісіз, ол биші)
9³, 5³, 8³ есепте?(729, 125, 512)
Қасиетті бабалардың қара шаңырағы атанған қала? (Түркістан)
Қарағанды көмір бассейнін ашқан кім? (Аппақ Байжанов)
Жеген сайын жылататын нәрсе?(таяқ)
10 - ұяшық
Темір-терсек, жора-жолдас, үйрек-қаз қандай сөздер? (қосарлама қос сөздер)
Матаның 3\8 бөлігі 120 метр болса, тұтас мата қанша метр?(320метр)
Қ.Мырза Әли «Қысылу» деген өлеңі арқылы сендерге не айтқысы келді? (Тазалақ туралы)
Мемлекеттің басты заңдық құжаты ?(Конституция)
Аңшы қыста орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? (Сауысқан қарға құлаған)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІІ тур «ПОЛИГЛОТ» ойыны
АКС
Жылдың қай мезгілі?
Аптаның қандай күні?
Қандай түсті ұнатасың?
Досыңның қай жері ұнайды?
Туған жерің қандай?
ҚЖА
Нешінші сыныпта оқисың?
Көңіл күйің қалай?
Қандай кітапты оқығанды ұнатасың?
Ауа-райы қандай?
Қар жауып тұр ма?
СМТ
Сағат неше?
Қалың қалай?
Сүйікті жануарың?
Дала қандай?
Өзіңді қандай оқушымын деп есептейсің?
ЖБО
Дала қандай
Сүйікті жемісің?
Арман қандай оқушы?
Киіміңнің түсі қандай?
Нешінші?
БАД
Кім болғың келеді?
Бір зат есімді ата?
Бүгін нешесі?
Сыныбың қандай?
Қай спорт түрімен айналысасың?
Б Р Ә
Досың қандай?
Қандай гүл ұнайды?
Алма қай жерде өседі?
Қай спорт түрін ұнатасыз?
Қай пән ұнайды?
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІV тур «ЖОРҒА»
Салт - дәстүр
10 - Ұлттық ойындарды ата? (Асық, қыз қуу, алтыбақан, ақсүйек т.б)
20 - Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ақыл-білім, қыран бүркіт, жүйрік тазы).
30 - Енші дегеніміз? (Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады.)
40 - Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі қандай тойжасайды?
50 - Бесік жабдықтарын ата? (жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау)
Өнер және спорт
10 - Адам бойынан қандай өнерлер табылады?
20 - Мына спортшылар кім және қандай спорт түрімен айналысады?
30 - Бейне сұрақ. Бұл кім? (қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова)
40 - Бұл қандай спорт түрі? (Бәйге)
50 - Мына өнер ғимараты туралы не білесің? (М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры)
Тұлғалар
10 - Бұл кім?
20 - 1 ғасырға жуық өмір сүрген ақын, жыршы?
30 - Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі кім? ( Әбілхан Қастеев )
40 - 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, кейін Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Кім туралы? (Ахмет Байтұрсынов)
50 - Бұл кім? (Сәкен Сейфуллин)
Еркін тақырып
10 - Мақалды жалғастыр: «Өзге елде сұлтан болғанша, ......» (Өз еліңде ұлтан бол)
20 - Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
30 - Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
40 - «Алтын адам» қай тайпадан шыққан жауынгер? (сақ)
50 - Үш түбірдің бірігуінен жасалған қала аты? (Екібастұз)
Қорытынды
Выделить текст Код для сайта
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
ADMIN · ЯНВ 14TH, 2016 · 0 COMMENT
Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сержанова Алия Тажимуратовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:
-
Оқушылардың әр салада білімдерін, шығармашылық ізденістерін байқау. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
-
Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін, белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар: Power point таныстырылымы, смайликтер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ, ойын.
Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі « ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа 8 оқушы қатысады.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерімізді шақырайық ортаға,-дей сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
-
Орынбасарова Мадина
-
Жақсылыкова Айшолпан
-
Құдайбергенов Саламат
-
Ертаев Даулетбек
-
Аманбаева Казына
-
Алмухашова Жансая
-
Аманбаев Абылай
-
Бердікүл Жарқынай
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра, бүгінгі әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысы мына кезеңдер бойынша өткізіледі:
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Тіл-өнер»
ІІІ кезең «Көкпар»
ІV кезең « Жорға»
І кезең «Бәйге»
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады бәйге атты жарысың,
Шықсың шәкірт шыңдарға қол созатын, -деп Бәйге жарысын бастаймыз.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!!
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, бірінші болып таяқшаны көтерген ойыншы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі ойыншы таяқшаны көтеріп жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
-
«Менің атым Қожа»шығармасының авторы кім? (Б. Соқпақбаев)
-
Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
-
Көсемшенің жұрнақтарын ата? (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі)
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы кім? ( Ә. Молдағұлова )
-
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жаңа күн)
-
Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)
-
Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)
-
Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465 жылы)
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 – дай)
-
Қазіргі ҚР-ның әнұранының авторлары кім? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)
-
Қасиетті рухани тілек. (бата)
-
Ең кіші планета қалай аталады? (меркурий)
-
«Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)
-
Киіз үйдің төбесі қалай аталады?(шаңырақ)
-
Грекияда олимпиадалық ойындар неше жылда бір рет өткізілген? (4жылда)
16.Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан
Мұңайтпасұлы)
-
Қазақ хандығын кімдер құрды? (Керей, Жәнібек хандар)
-
Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын? (ақсүйек)
Әділ-қазылар Бәйге жарысы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан кетеді. Олар кімдер екен. Сендерге рахмет!
ІІ кезең «Тіл-өнер»
Келді кезек
жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы ұпай, шәкірт саған
несібе.
Олай болса, 2-кезең «Тіл-өнер». Бұл кезеңге 6 ойыншы қатысады.
Ойын шарты:
-
Берілген жұмбақтардың жауабын тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.
-
Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
-
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
1.Қар кетіп, қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл ерді. (көктем, весна, spring)
2.Бүгін киген ақ тоным
Ертең болар қара тон.
Қара тоным аздан соң
Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)
3.Үй үстінде ұсақ тас,
Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, звезда, star)
-
Қабат -қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга,book)
5.Құрғақ жерде сақтайсың
Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)
6.Қардай аппақ,
Балдай тәтті. (қант,сахар,sugar)
7.Ұрсаң оны зулайды,
Жерде қарғып тұрмайды. (доп, мяч, ball)
8.Әрі қызыл, әрі тәтті.
Татқан жанды таңырқатты. (алма, яблоко,apple)
-
Ортасында шегесі,
Жіп – жіңішке денесі. (қарындаш, карандаш, pencil)
-
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар , шапаны жоқ. (мысық, кошка, cat)
ІІІ кезең «Көкпар»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын,-деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Бұл кезеңге 4 ойыншы қатысады.
-
Бұл кезеңде мектеп бағдарламасына сай 5 пәннен сұрақтар қойылады.
-
Екі кезең бойынша жоғары ұпай алған ойыншы бірінші болып жауап береді.
-
Жауап ауызша беріледі.
-
Ойыншы жауап бере алмай қалған жағдайда қарсыластар жауап беріп, ұпайды өздеріне еншілейді.
-
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
№1 қатысушыға
1.Түбір дегеніміз не? (Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі)
-
«Анама хат» өлеңінің авторы? (А. Байтұрсынов)
3.Төрт бұрыштан бір бұрышын қиып алып тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
4.Желдің жылдамдығы қандай құралмен өлшенеді? (желбағар)
5.Пияз бен сарымсақта кездесетін ерекше ұшпа зат не деп аталады? (фитонцид)
№2 қатысушыға
1.Есімше жұрнақтарын ата? (-ған,-ген,-қан,-кен,-ар,-ер,-р,-атын,-етін,-йтын,-йтін,-мақ,
-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек,-с)
2.Баллада дегеніміз не?(Лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең)
3.Шаршының периметрі 36см-ге тең. Осы шаршының ауданы неге тең? (81 см)
4.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қандай құралмен өлшейді? (шашгигрометрі)
5.Бидайдың Қазақстанда неше түрі өсіріледі? (6 түрі өсіріледі)
№3 қатысушыға
1.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? ( 6-ға )
-
«Шыңырау» хикаятының авторы? (Ә. Кекілбаев)
3.Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Қабырғалары 10см, 15см, 7см. Оның
периметрін тап? (Периметрі 32см)
4.Атмосфералық қысым дегеніміз не? (Жер бетіне түсірілген салмақ)
5.Қазақстанда раушангүлділердің қанша түрі өсіріледі? (35 түрі)
№4 қатысушыға
1.Болымсыз етістік жұрнақтарын ата? (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)
2.Сатай қай шығарманың кейіпкері? (Қылау)
3.Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
4.Бұлттардың неше түрі бар? (3 түрі)
5.Гүлді өсімдіктерді неліктен жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне енгізген? (Себебі олардың тұқымы жеміс ішінде жетіледі)
Әділ-қазылар алқасы Көкпар сайысы бойынша қойған бағаларынызды берсеніздер Ойынымыздың шарты бойынша ең аз ұпай алған 2 сайыскер ойынымыздан шығуы керек. Ол қай оқушылар екен?
Сендерге рахмет! Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өздеріңізбен қоштасамыз.
ІV кезең «Жорға»
Ең қиыны жарыстың
“Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Олай болса, сайысымыздың «Жорға» бөлімінеде келіп жеттік.
-
Әр тақырып 10 сұрақтан тұрады.
-
Сұрақтарға тез жауап қайтару керек.
-
Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1 – ойыншыға сұрақтар
-
Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара,күрделі)
-
“Көксерек” шығарманың авторын ата. ( М.Әуезов)
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
-
Қазақстанда қанша оҚблыс бар? (14)
-
Тұйық етістіктің жұрнағын ата? (-у)
-
Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? (епті адам)
-
Қазақ тілінде неше жалғау бар? ( 4 )
8.Әрбір 100м биіктікке көтерілгенде температура орта есеппен неше градусқа төмендейді? (0,6 градусқа)
9.Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен 1-ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)
-
Қазақ тіл білімінің негізгі салалары (фонетика, лексика, грамматика)
2– ойыншыға сұрақтар
1.Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді? (сапалық,қатыстық)
2.”Ереуіл атқа ер салмай” өлеңінің авторы кім? (Махамбет)
-
Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)
-
Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)5
-
Ортақ етіс жұрнағын ата? (-ыс, -іс, -с)
6.Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы? (Еділ)
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9 )
-
Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? (барометр)
-
Қазақтың атын әлемге паш еткен музыкалық топ?(Ұлытау)
-
«Мұзға отырғызып кетті» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы. (алдады)
Тағы келеді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Бүгінгі кештің жеңімпазы атанып
ХХІ ғасыр көшбасшысы болып тұр – деп, сөз әділ-қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _______________________________________________________
Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы аяқталды.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың оты арындап,
Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай жүректеріңде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі сайысқа қатысушылар,ұстаздар, оқушылар көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген