400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара «Химиялық ассорти» 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Химиялық ассорти" іс-шарасы арқылы оқушылардың химиялық заттар, химиялық реакциялар туралы білімдерін бекіту, химия саласындағы ғалымдардың еңбегін еске түсіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Химиялық ассорти»

Сынып: 8-сынып

Мақсаты: оқушылардың химиялық заттар, химиялық реакциялар туралы білімдерін бекіту, химия саласындағы ғалымдардың еңбегін еске түсіру.

Міндеттері:

1. Білім беру: оқушылардың химиялық элементтер туралы білімдерін жалпылау, жүйелеу және бекіту, олардың Д. И. Менделеевтің ПСХЭ-де орналасуы және "химиялық элементтер атомдары" тақырыбы бойынша

2. Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

3. Дамытушылық: жаңа зерттелетін пәнге тұрақты танымдық қызығушылықты дамыту.

Өткізу формасы: ойын

Жабдықтар мен материалдар:

1. Д.И. Менделеевтің ХЭПЖ

2. Командаларға арналған тапсырмалар, индикатор, қышқылдар мен сілтілер.


Іс-шара барысы:

I. Ұйымдастырушылық сәт:

Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Химия-таңғажайып жұмбақтар мен құбылыстарға толы ғылым. Ол әрқашан түрлі-түсті эффектілермен және ғажайыптармен бірге жүреді. Бүгін сіздермен «Химиялық ассорти» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз.


Топқа бөлу: түрлі түсті магнит астына 1,2 санын жазып жапсырамын. Оқушылар магнитті таңдап топқа бөлінеді.


1-САЙЫС «КІМ ЖЫЛДАМ?»

Кубикті лақтыру арқылы өзіне түскен элемент туралы мәлімет айту. ПЖ орны, атом құрылысы, қасиеттері мен қолданылуы. Әр дұрыс жауапқа 1 жетон.


2-САЙЫС «КІМ БІЛГІР?»

Д.И.Менделеевтің Периодтық кестесінде берілген химиялық элементтерді суреттерде сипаттаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 жетон.


3-САЙЫС «КІМ ТАПҚЫР?» Адасқан әріптерден химиялық термин құрастырып, тиісті сұрақтарға жауап беріп, жетон аласыздар.


1. РАЛДМАЕТ-Металдар.

1.Ең қатты металл?

2.Гемоглобиннің құрамына кіретін химиялық элемент?

3.Бактериялық қасиеттері бар металл?

Жауаптар: Хром, темір, күміс


2. МДРЕЙЕАБТЛА-Бейметалдар.

1. Ең қатты және жұмсақ заттарды құрайтын элемент?

2. Қарапайым қарындаш өзегі жасалады?

3. Жер қыртысындағы ең көп таралған элемент?

Жауаптар: Көміртек, графит, оттегі


4-САЙЫС «ТӘЖІРИБЕ»

2-пакеттен химияға байланысты затты сұрақтарға жауап беру арқылы табуымыз керек.

1-топ сұрақтары:

  1. Бұл заттың 4-түрі болады. Біреуі лакмус деп аталады. Бұл қандай зат?

  2. Бұл зат жемістерді тұздауда қолданылады, түссіз сұйықтық.

2-топ сұрақтары:

  1. Бұл заттың 4-түрі болады. Біреуі фенолфталеин деп аталады. Бұл қандай зат?

  2. Бұл заттың судағы ерітіндісі тамақ ауырғанда қолданамыз. Түссіз сұйықтық.

Енді әр топ өздеріңіз тапқан заттарыңызбен әмбебап индикатор көмегімен түсін анықтаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 жетон.


5-САЙЫС «ӘДЕБИ ХИМИЯ»

Сіздерге химиялық элементтерді химиялық тілден жалпы қабылданған сөз тіркестеріне аударуыңыз керек. Әр дұрыс жауапқа 1 жетон.


* Жарқырағанның бәрі аурум емес.

Жарқырағанның бәрі алтын емес.


* Кальций карбонаты сияқты ақ.

Бор сияқты ақ.


* Феррумдей мінез.

Темірдей мінез.


* Көп сөз-аргентум, аз сөз – аурум.

Көп сөз күміс, аз сөз алтын.


* Аш екі о ішкен құдығыңа түкірме

Су ішкен құдығыңа түкірме.


* Астың дәмін натрий хлориді келтірер.

Астың дәмін тұз келтірер.


Қорытынды: Осымен біздің химиялық ойынымыз аяқталды. Бүгін біз химия бойынша біліміміз бен дағдыларымызды бекіттік, сондай-ақ сіздің шығармашылық қабілеттеріңізді көрдік. Енді жетондарыңызды санап, жеңімпаз топты анықтайық. Марапаттау. Қатысқан топтарға белсенді қатысқаныңыз үшін рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі