«Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Ашық
шара
Тақырыбы:
«Информатика
дарабозы»
6«Ә, В»
сынып
Пән мұғалімі:Құлжабекова
Б.
2017-2018 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы:
«Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне
деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін
жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз
білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, тапсырмалар, викториналық
сұрақтар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта ,
презентация, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс:
ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс
тілі.
І. Ұйымдастыру.
Командалар:
І топ – 6ә -
Apple тобы
ІІ топ – 6в-
Android тобы
Ойынныңбарысы:
Рамазан:
Информатика болашаққа
бастайды,
Келешекке білім қуған
жастарды.
Қадам басып 21-ші
ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын
тастайды.
Мұғалім:
Армысыздар, ұстаздар мен
оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп,
толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында,
жүлде алсын», деп
бүгінгі «Информатика
дарабозы» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Жарыс
кезеңдері:
1 кезең
«Таныстыру» Топ басшы топтың атын
таныстырады. Әр топқа 5 ұпайдан беріледі.
2 кезең
«Бәйге» Бұл кезеңде әр топқа 10
сұрақтан беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5
ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап
беруге болады.
3 кезең
«Тіл
өнер» Бұл сайыс бойынша әр топқа
сұрақ пен жұмбақ аралас берілген үш тілде жауап береді. Үш тілде
жауап берсе 15 ұпай, екі тілде жауап берсе 10 ұпай, бір тілде жауап
берсе 5 ұпай беріледі
4 кезең
«Мақал-сөз
мәйегі» Әр топқа информатикаға
байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс
жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай
беріледі.
5 кезең
«Адасқан
әріптер» топ мүшелеріне информатикаға
қатысты адасқан әріптермен сөздер беріледі. Әр сөзге 1
ұпайдан
6 кезең
«Кім
жылдам?» Әр топтың топ басшыларына 5
сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жедел жауап беру керек. Әр сұраққа 1
ұпайдан
Рамазан:
Жиналған ылғи
дарындар,
Жүрегі от боп
жалындар.
Топтардың бәрін
халайық,
Қол соғып қарсы
алайық.
1-
бөлім. Бұл бөлімде әр топтың
басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ
«APPLE»
Білімді ұрпақ – еліміздің
тірегі!
Жер бетінде адам өмір
өткізер,
Бар нәрсеге біліммен
қолжеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар,
Білімменен аспанға жол
салынар.
Топтың
ұраны: «Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
2-топ
«ANDROID»
Біреу озса сайыста,
біреуарттақалады,
Ренжімейтараса,
озбағандаржарады.
Жарысзаңыежелден – жеңімпазды
анықтау,
Озат болу шартысол –
еңбектену, жалықпау
Топтың
ұраны: «Болашақтыңұрпағымызбілімді,
Көрсетпекпізмектептеалғанбілімді»
Мінекей 2 топтың таныстыруын
тыңдадық.
Мұғалім:
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құрқарап, жым отыру
жарасама?
Туыс, досқа, сыныптас,
танысқаемес,
Соқ қолыңды білімді жас
талантқа. – деп
2 кезең
«Бәйге» атты кезеңімізді
бастайық. Бұл кезеңде әр топқа 10
сұрақтан беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5
ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап
беруге болады.
1. Компьютер
миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен
байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет
енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару
құрылғысы (принтер)
5. Графикалық
редактор? (Paint)
6. Қарапайым
есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс
жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8. Жойылған
нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық
ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге
арналған бағдарлама? (Word
Pad)
11. Пернетақта
қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12. Компьютер деген
не? (ақпаратты өңдеу
құралы)
13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
14. Компьютердің негізгі
құралдары (монитор, жүйелік блок,
пернетақта)
15. Келесі
жүріс. (жүріс келесі топқа
беріледі)
16. Қатқыл
диск(жесткий диск) қайда
орналасқан? (жүйелік блоктың
ішінде)
17.
Банкрот (топтан 5 ұпай
алынады)
18. Графикалық
бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс
істемейді (тышқан)
19. «
Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)
20. Информатикадағы өлшем
бірліктері (бит, байт)
Рамазан:
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
15
ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл -
өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі.
Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде
жауап берсе 5
ұпай, екі тілде жауап берсе
10
ұпай, 3 тілде жауап берсе 15
ұпай қосылады.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)
3. Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
7. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(кітап, книга, book)
8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер
екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
(он екі, двенадцать, twelve)
9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан, мышь, mouse)
10. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
(терезе, окно, windows)
Мұғалім:
« Мақал –сөз
мәйегі» бұл бөлімде топтарға
информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол
мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10
ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап,
бағала (Жігітті досына қарап,
бағала)
2. Байт битен
құралады (Теңге тиыннан
құралады)
3. Вирустан қорыққан,
Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін
екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне
мәлім (Аттың сыры,
иесінемәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі,
сайты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі,
құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан
сұра (Білмесең білгеннен
сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы,
ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі
ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус
ала алмайды (Досы күштіні –
жауалмайды)
9. Күлсең ескірген
компьютерлерге күл (Күлсең кәріге
күл)
10. Компьютерде бес колонка,
дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы
жер жарады)
Рамазан:
Ойынымыздың V кезеңі “Адасқан
әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы
адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Әр сөзге 1
ұпайдан
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу
Мұғалім:
6 кезең
«Кім
жылдам?» Әр топтың топ басшыларына
әріптер мен буындардан сөз құрауға беріледі. Сұрақтарға жедел жауап
беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан
Директордың ӘІЖО: Курмамбаева
Р.