Сыныптан тыс іс шара: Жеті ғажайып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс шара: Жеті ғажайып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныптар арасында сайыс сабақ. Математика және инфлрматика пәндерінен қызықты есептер шығару арқылы Қазақстанның жеті ғажайыбын табу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Информатика, математика әлеміне саяхат»

сабақтан тыс іс-шара

«Жеті керемет»


Мақсаты: Мұғалімнің Инновациялық даярлығын қалыптастыру барысында оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыру


Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта, ұялы телефон, карточкалар

Жоспары

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Жеті керемет» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған топтарға сәттілік тілейміз.



Таныстыру (Әр сынып оқушылары өздері туралы видео арқылы мәлімет береді) 6 А, 6В, 6Г, 6Е.



Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыс сабақта математика және информатика пәндерінен алған білімімізді шыңдап, Қазақстанның 7 ғажайыбы туралы мәліметтерді білетін боламыз. Яғни сайыс кезеңі 7 турдан тұрады:


Мәңгі бақи есте қалар, 
Қызықты бір жиын болсын 
Білімдірек шәкірт озар, 
Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып сайысымызды бастайық.


1. Логика әлемі. Бұл кезеңде оқушылар пазл құрастырып, Қазақсанның 1-ғажайыбын табады. ең жоғары ұпай 10 ұпай.

2 минут уақыт беріледі.

2. Білгірлер сайысы (информатика пәнімен байланысқан математика) Суреттер сөйлейді. Оқушылар суреттерге қарап, 2-ғажайыпты табады. Падлет вертуалды тақтасын пайддаланып, Алтын адам туралы мәліметтер айтады.

10 минут уақыт беріледі.


Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.


3. Математика әлеміне саяхат (математика пәнінен сұрақтар). Оқушылар Крассворд шешеді, осы крассвордты шешу арқылы Қазақстанның 3-ғажайыбын табады.


4. Сөзжұмбақ:


Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

Сергіту сәтінде оқушылар күй тыңдап, көңіл күйін көтеріп, Қазақстанның 4-ғажайыбын, яғни Қазақстанның 4-ғажайыбы Домбыра екендігін табады.


Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

5. Кім жылдам? Бұл кезеңде оқушылар Джиксо әдісімен математика және информатика пәндерінен логикалық сұрақтарға жауап беріп, қабырғада ілініп тұрған суреттерді жинайды. Осы тапсырмаларды орындап, жинаған карточкалардағы сандарды әріптерге ауыстырып, Қазақсатанның 5-ғажайыпты табады. Тапсырманы 1-орындаған топқа 10, 2-орындаған топқа 7, ал үшінші орындаған топқа 5 ұпай беріледі.



6. Кім жүйрік? Маңғыстау жерасты мешіті – бұл Қазақстанның 6-ғажайыбы. Бұл тапсырмада оқушылар 42 әріпті қолданып карточкадағы сөздерді жазып шығады. Жазылған сөздерден Қазақстанның 6-ғажайыбы «Маңғыстау жерасты мешіті» деген сөз шығуы керек. Қай топ 1-тапсырманы аяқтаса сол топқа 10 ұпайдан беріледі, ал 2-аяқтаған топқа 7 ұпай, үшінші орындаған топқа 5 ұпай беріледі.


Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп, 

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Қас-қағым сәт сайысы» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ тез-тез сұрақтарға жауап беру керек.

7. Қас-қағым сәт сайысы (әр топ тез-тез сұрақтарға жауап беру керек) 7-ші ғажайып кереметтің құпиялары осы шардың ішінде, сұраққа жауап беру арқылы сол құпияны табыңдар.

1.Алпыс төрт бөлмеде


Отыз екі тұрғын бар


Ақ, қара қып бөлгенде


Бірін - бірі қуғындар


Ханы үшін де, жаны үшін де


Бермейді олар намысын.


2.Бір ағаштың он екі бұтағы бар,


Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,


Жапырақтың бір жағы ақ,


Бір жағы қара.

 Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.

Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында

 Компьютердің ең негізгі құрылғысы? ( жүйелік блок)

  1. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы? (модем)

  2. 1 кбайт-та неше бит бар? (1024 байт)

  3. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы? (принтер)



Қорытынды.

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталады.




























«Рахат орта мектебі № 1 орта мектеп» КММ















Сыныптан тыс сайыс сабақ

Тақырыбы: «Жеті ғажайып»











Сынып: 6 «А», 6 «В», 6 «Г», 6 «Е»

Пән мұғалімдері: Ф.Б.Саимбетова, Г.Ж.Жумағалиева









2021-2022

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2022
907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі