жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара "Жұлдызды сәт" 7-сынып
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
(7-ші сынып оқушылары арасында физика пәнінен сайыс)
Физика пәні мұғалімі: Букабаева А.Т.
Семей-2017
Мақсаты:
7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Ойын. Жарыс.
Жоспары: І-тур. «Блиц турнир»
ІІ-тур. «Ұлы тұлғалар»
ІІІ-тур. «Лабиринт»
ІV-тур. «Сиқырлы текше»
V-тур. «Раундровер»
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
2-жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
Көрермендер аман ба,
Отырған анау, ойланып.
Бірге: Бәріңізге бір сәлем!
2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,
Екеуіміз асып-саспайық.
1-жүргізуші: Мінеки мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
2-жүргізуші: Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен, даласы.
1-жүргізуші: Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,№№?
Физика кереметті көрсетті елге.
2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалайық.
1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның жұлдыздары: Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.
1- 7 «А» сынып оқушылары
2- 7 «Д» сынып оқушылары
3- 7 «Ж» сынып оқушылары
4- 7 «Е» сынып оқушылары
5- 7 «З» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:
1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 5 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:
І-тур. «Блиц турнир» - деп аталады. Мұнда әр топқа 5 сұрақтан қойылады (1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін ойыншыларға жұлдыздар таратылады.
ІІ-тур. «Ұлы тұлғалар»-деп аталады. Мұнда ойыншылар берілген ғалымдардың атын айту қажет және ашқан жаналығын табу керек. Дұрыс жауап үшін ойыншыларға жұлдыздар таратылады. екі тур сайын қортынды жасалып, жұлдыздар саналып, жұлдызды аз жинаған топ шығып отырады
ІІІ-тур. «Лабиринт»-деп аталады. Мұнда қалған 4 топ физикадан, математикадан, логикадан алған білімдерін пайдаланып лабиринттен шығулары керек.
Олар ойланғанша, «Көрермендер сайысы» өткізіледі.
ІV-тур. «Сиқырлы текше»-деп аталады. Бұл турда топ мүшелері берілген құралдармен тәжірибе жасап, оны түсіндіру керек. Осы ойыннан кейін тағы 1топ ойыннан шығады.
V-тур. «Формулалар әлемі»-деп аталады. Бұл ойында екі топтың капитандары шығып формулалар жазады. Кім көп формулалар жазса, сол жеңіске жетеді.
2-жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.
1-жүргізуші: Бірінші болып сұрақтарға 7 «А» сынып оқушылары жауап береді:
Табиғат туралы ғылым. (физика)
10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)
шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? (пысқан жұмыртқаның айналу жылдамдығы шикіден артық болады)
жылу, электр, жарық, механикалық қозғалыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
«Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
Келесі топ 7 «Д» сынып оқушылары:
«Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)
Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуі оне перпендикуляр бағытта айналады)
Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)
Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)
Келесі топ 7 «Ж» топ оқушылары:
Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
Жердің серігі. (Ай)
Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы...(диффузия)
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)
Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың. Майшамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)
Келесі 7 «Е» сынып оқушылары:
Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
1 жұмыртқа 4 минутта пысады. Ал 4 жұмыртқа неше минутта пысады? (4 минутта)
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
5.Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
Келесі 7 «З» сынып оқушылары:
Температураны өлшейтін құрал? (термометр)
Физикалық құбылысқа мысал келтір.(күннің күркіреуі, найзағайдың ойнауы, жаңбырдың жаууы, жанартаудың атқылауы)
Дененің биіктігін, енін, қалыңдығын физикалық шама деуге бола ма? Олар қандай бірлікпен өлшенеді? (Иа. м3)
Ұсақ денелердің диаметрін қалай анықтаймыз? (қатарлау тәсілімен)
Айға аяғы алғаш қадамбасқан ғалымдар кімдер? (американ ғалымдары Армстронг пен Олдирн)
2-жүргізуші: ІІ-тур. Келесі «Ұлы тұлғалар»-атты турнирімізді бастаймыз.
1.
Серпімділік күшін ашқан ғалым кім?
(Р.Гук)
2. Саяхат жасауға аттанған кезде «Ал
кеттік!» деп айтатын саяхатшы ким
(Ю.
Гагарин)
3. Итальян ғалымы, инерцияны ашыпты,
оны білген балалар, залда жүруден
қашыпты. Бұл кім? (Г.Галилей)
4. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда
«Таптым!» деп айғайлаған қай ғалым?
(Архимед)
5. Бүкіләлемдік тартылыс
заңын ашқан ғалым. (И.Ньютон)
1-жүргізуші:
ІІІ-тур. Үшінші
турниріміз «Лабиринт»-деп
аталады. Қалған 4 оқушыға тапсырмалар
таратылады. Ойыншылардың міндеті, осы
тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға
көрсету. (Сендерге 3
минут
уақыт берілсін)
Жауабы: масса, уақыт, жылдамдық, жол, тығыздық, күш.
Жауабы: кг, с, м/с, м, кг/м3, Н
ІV-тур. «Сиқырлы текше» Осы текшенің көмегімен экрандағы қалташадан қажетті номерді таңдаймыз. (осы ойыннан соң, жұлдыз саны аз екі ойыншы шығарылады)
№1.Қажетті құралдар: Мензурка, суы бар ыдыс, ағаш блеуше, сызғыш.
Тапсырма: Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып, дененің көлемін табыңдар.
№2.Қажетті құралдар: Мензурка, суы бар ыдыс, алюминий цилиндр.
Тапсырма: Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып, дененің көлемін табыңдар.
№3.Қажетті заттар: Динамометр, 100гр жүктер жиыны.
Тапсырма: Динамометрді пайдаланып, ауырлық күшін есептеп табыңдар.
V-тур. «Формулалар әлемі» -деп аталатын. Бұл ойында әр ойыншы өзінің физикадан, математикадан білімдерін барынша қолджану керек. (Ойыншылар плакатқа көбірек формулалар жазуға тырысу керек)
Әділ-қазылар алқасы осы ойынның қортындысы шығарылып, орын алған оқушылар марапаттайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген