Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. Жыл басына таласқан жануарлар. Мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: оқушылардың ертегіге деген қызығушылығын ояту. Ізденіске жетелей отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара.

Сабақтың тақырыбы: Жыл басына таласқан жануарлар

Мектепалды даярлық топ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың ертегіге деген қызығушылығын ояту. Ізденіске жетелей отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге, тақпақ айтып, жұмбақ жасыру арқылы сөйлеу белсенділіктерін дамыту, сөздік қорын молайту

3. Тәрбиелік: мақтаншақ әдеттен аулақ болуға, адамгершілік қасиеттерге баулу. Рольді көркемдеп, дауыс ырғағымен дәл айта білуге үйрету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, ертегі кітаптар, нақыл сөздер.

Жүргізуші:Құрметті жиналған ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой.

Бүгінгі "Ертегілер елінде" атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.

-Ән

Бүгінгі Дәуренова Балаусаның жетекшілік етуімен дайындаған 0"а" тобының "Жыл басына таласқан жануарлар" ертегісін тамашалап көріңіздер

Автор: Ерте заанда жануарлар жыл басы болуға таласыпты. Әрқайсысы өзінің иесіне келтірер пайдасын айтып таласыпты.

Сиыр:

- Адам егін еккенде мені пайдаланады, сүтімді ішеді жіне сүтімнен құрт- май алады, жыл басы болуға мен лайықпын. - дейді

Жылқы:

- Мен алысты жақын қыламын. Менің күшімді пайдаланады, сүтінен сусын әзірлейді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, - дейді

Сонда түйе:

- Сен адамның жұмысын істесең өз тамағың үшін құл болдың себебі адамдар саған сұлы, жем-шөп береді. Ал мен сен көтере алмайтын ауыр жүкті көтеріп, айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса - көде, жусан болса - жусан не келсе соны қорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шөлде де жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықпын,-деді.

Қой өз кезегі келгенде:
-Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді, жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Шаруаға менен пайдалыларың жоқ деді.-деді

Ит болса:

- Мен болмасам, сендерді ұрылар ұрлап немесе қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің барлығыңды күзетемін дұшпан көрінсе - абалап үріп, иеме хабар беремін.-деді

Тауық:

- Мен болмасам, иеміз ерте тұра алмай, ұйықтап, жұмысынан қалар еді. Мен таңертең тұрып таң атты деп шақырып хабарлаймын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп тағы шақырамын.-деді

Тышқан не айтарын білмей тұрды да бір қулық ойлап, жиналған көпшілікке:

-Бұл таластан еш нәрсе өнбес. Одан да бәріміз келе жатқан жылды қарап тұрайық кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.-деді

Өзгелері ойланып тұрғанда, Түйеге оны менен бұрын кім көруші еді? Деген ой келді. Тышқанның сөзін бәрі қостады. Біраздан соң Тышқан жорғалап Түйенің үстіне, одан өркешінің ұшына шығып отырады. Жануарлар өзара таласып: Мен көремін! - деп тұрады. Бірақ олар ең биікте отырған тышқанды көрсе де ешнәрсе демепті.

Сондықтан да күнді бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Ал түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты.

Ән:

1."Көрерменге шашу"

1-тапсырма.Слайдтта көрсетілген жан-жануарлардың пайдасын атау.

2-тапсырма.Берілген жұмбақтарды шешу.


Жүргізуші:

Өнеріміз сахнадағы,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің қуанышы,

Сақталады жадымызда.

Баршаңызға құт-береке тілей



отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2020
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12