Сыныптан тыс іс шара Кім жылдам? 7 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс шара Кім жылдам? 7 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» танымдық сайыс сабақ. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар (Жүсіп Баласағұн) Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал ету,карта, атластармен жұмыс жасау , өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы КММ





















«Кім жылдам?»



атты сыныптан тыс сайыс сабағы





7-сыныптар

География пәні

мұғалімі: Халикова А.Н.





Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» танымдық сайыс сабақ.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар (Жүсіп Баласағұн)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал  ету,карта, атластармен жұмыс жасау , өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.

Сабақтың барысы:

Сайыскерлерімізді таныстырып, олардың әрқайсысына көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

- сүйікті пәнің?

- қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?

- қай мұғалімді ұнатасың?

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ойын ережесімен таныстыру.

Ойын ережесі:

Ойын 5 турдан тұрады.

І кезең - «Таныстыру»

ІІ кезең – Кім тапқыр?

ІІІ кезең - «Блинц турнир»

ІV кезең - «Не? Қайда? Қашан?»

V кезең - Координата анық

VІ кезең – Номенклатура

V - Қара жәшік

1- кезең. Таныстыру. Топтардың өзін-өзі таныстыруы ( топ аты, ұраны, сайысқа дайындығы, топ жетекшісі)


ІІ кезең. Кім тапқыр? Барлық топтарға географияға қатысты жұмбақтар жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

1. Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ теңіздер (карта, карта, map)

2. Көтеріліп теңізден,

Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)

3. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. ( Тау )

4. Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,

Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.

Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,

Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ. Өзен 

5. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, 
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. 
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, 
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)

6. Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі.       (Күн)

IІІ кезең. Блинц турнир.

1. «География ғылымының атасы» атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)

2.Онтүстікті және солтүстікті қосатын сызық (меридиан)

3. Ең ұзын параллель (экватор)

4. Карталар мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінеді? ( жалпы, тақырыптық)

5. «Кібісе» жылы дегеніміз не? ? ( ол 336 күн. Бітеді, яғни ақпан айы 29-нан бітеді)

6. Жердің ішкі құрылысы (Жер қыртысы, ядро, мантия)

7.





Жер қыртысы қандай қабаттардан тұрады?


  1. Литосфералық какЭкватордың ұзындығы (40 000км)

  2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)

  3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы ( климат)

  1. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)

  2. Су қабығының латынша атауы       (гидросфера).

  3. Дүние жүзіндегі  ең терең шұңғыма  (Мариан).

  4. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы   (мұхит).

  5. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)

  6. ... ең ұзын параллель (экватор)

«Параллель» тобының басшысына сұрақ

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (темірқазық)

  2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)

  3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)

  4. Жердің сыртқы қатты қабығы  (литосфера).

  5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)

  6. Ең терең көл  (Байкал).

  7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)

  8. «Жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)

  9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)

  10.  Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында  түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат       (магма).

  1. Қазақтың тұңғыш географ ғалымы(Ш.Уалиханов)

  2. Глобус пен карта бетіндегі экваторға параллель жүргізілген сызықтар.(Параллельдер)

  3. Антрактиданы ашқан саяхатшылар (Ф.Беллинсгаузен, М.Лазарев)

  4. Жер қабатының қозғалысын сезетін аспап ( Сейсмограф)

  5. Ерте заманда Қазақ жерін зерттегендер: (Герадот, Птоломей, Страбон)

  6. Қытайлықтар, жапондықтар, корейлер қандай нәсілге жатады?( монголоидтық)

  7. Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекет: (Бразилия)

  8. Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер ( Қытай, Ресей)

  9. Орташа таулар мұхит деңгейінен неше метр биікте орналасқан (1000-2000 м)

ІІ топ сұрақтар:

  1. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты: (02.03.1992 ж)

  2. География ғылымының салалары. (Физикалық, экономикалық.)

  3. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы. (Жиынтық радиация.)

  4. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал: (Барометр).

  5. Орта ғасырда Қазақ жерін кімдер зерттеген?(ибн Хордадбек,әл-Истахри, әл-Масуди,әл-Идриси, ибн Фадлан, Махмуд Қашқари,Әл-Фараби, Елюй Чу-Цай,Чань Чунь және т.б)

  6. Жер бетіндегі нүктенің ендігі мен бойлығын осы нүктенің несі деп атайды (Географиялық координаталары).

  7. Қазақстандағы ең алғашқы игерілген мұнай кен орны. ( Доссор)

  8. Қазақстанның шығыс шекарасындағы тау.( Алтай).

  9. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең биік нүктесі.(6995 м Хан-Тәңірі шыңы)

  10. Аласа таулар мұхит деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан? (500-1000 м)

ІІІ топ сұрақтар:

  1. Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. (Плутон)

  2. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері. ( –132 м.Қарақия ойпаты)

  3. 0-тық бас меридиан қай қаланы кесіп өтеді. (Лондон).

  4. Жер бетіне түсетін күн сәулесінің неше пайызын атмосфера шағылыстырады( 20%)

  5. 16-20 ғасырларда Қазақ жерін кімдер зерттеген? (П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов,А.Н.Краснов, Л.С.Берг,Ш.Ш.Уәлиханов)

  6. Қазақстанға тропиктік ауа массасы қашан келеді ? (Жазда)

  7. Жердің бетін оның үстіңгі жағынан кішірейтіп бейнелейтін сызба?(план)

  8. Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін алып жатқан жазық. ( Тұран)

  9. Қазақстанда уран өндірілетін жерлер. (Солтүстік Қазақстан,Маңғыстау облысы)

  10. Биік таулар мұхит деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан?(2000 м-ден астам)





Берілген сөздердің орнын табу  «Меридиан» тобына  

  1.  Л п о ю с  - полюс

  2. Т а р к а – карта

  3. И а н м е д р и – меридиан

  4. М т у з и а – азимут

  5. Е ф а м о т а с р - атмосфера

 «Параллель» тобына

  1. Ф р е а с д и г о р – гидросфера

  2. И о н г з т ь л а р о – горизонталь

  3. С п м а о к  - компас

  4. Қ л ы й о б – бойлық

  5. Ғ д а а р у а л б - бағдарлау



Түрлі мемлекеттің балалары сұрақтар жазылған хат жолдайды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді.

Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, 5 ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда келесі команда жауап бере алады, бірақ ұпай 1 санға төмендейді.

Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай-ақ жауап беруге болады.

Сұрақтар

1.Ұлыбританиядан хат. 30 жылдары ағылшын Кен Астон офистен шығып, үйіне ұлтаралық коммуникациялар туралы мәселелерді ойлап бара жатты. Ол бағдаршамға тоқтағанда, оған жаңа бір ой келеді? Ол не ойлап тапты?

Жауабы: Футбол төрешілер үшін қызыл және сары карточкалар



















4.Египеттен хат.

Ежелгі Мысырда мысықтарды астық қорғауға асыраған. Өгіздердің көмегімен жер жыртқан.Сонымен қоса,б.з.д. ХІХ ғасырда маймылдарды қандай мақсатпен ұстаған?

Жауабы: Жеміс жидектерді жинату үшін (Для сбора фруктов с деревьев)


5. Монғолиядан хат.

Сақтар ең алғашқы болып тамаққа сары майды қолданды. Оның қазіргі сары майдан айырмашылығы қандай?

Жауабы: Оны жылқының сүтінен жасаған.( Оно было сделано из кобыльего молока)


ІІІ тур

Ережесі: Топқа 10 сұрақ қойылады. Әрбір сұрақ бір баллмен есептеледі.

І топ сұрақтар:

 Бәйге.(жылдам жауап беру)

Қорытынды.

Әділ қазылар алқасы ой түйіндейді.Ұпай сандарына қарай топтар марапатталады.
Мұғалім сөзі:   Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Жаратылыстану»апталығында өткізіліп отырған « Мәңгілік елге саяхат» атты сыныптан тыс сайысымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге көп – көп рахмет!






VI кезең.Жағдаят.Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу.

1 топ.  Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды.  Кеме координаты 80 º ш.б. пен 40 º о.е. еді. Кемеге бару үшін , ол қай жерде екенін анықтаңыз.

2 топ. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 º .. е  және 173 º ..б .Жаңа  .... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?

VII кезең.  Географиялық координаталарын  анықтау

1 топ. Карта

 Географиялық   ендік

  Геогафиялық бойлық

 Объектілер

           52º с.е.

           0 º б.б

  Лондон қ.

          34 º о.е.

         150º ш.б.

  Сидней қ.

51 º с.е.

          71 º ш.б.

   Алматы қ.

 

2 топ. Глобус

  Географиялық   ендік

  Геогафиялық бойлық

 Объектілер

           56º с.е.

          37 º ш.б

  Мәскеу қ.

          28 º о.е.

          77º ш.б.

  Дели қ.

          40 º с.е.

          75 º б.б.

   Нью-Йорк қ.

VIII кезең.   Сөзжұмбақ.

 

1. География ғылым ретінде дамыған жер    

              Ешбір тірексіз күмбез,

Жылт-жылт еткен,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Жылғадан өткен.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

(су, вода, water)

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

(Аспан, небо, the sky)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер

(карта, карта, map)

Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады.

(кітап, книга, book)

«Параллель» тобы Көтеріліп теңізден,

Ол келсе орман шулайды,

Аспанға биік барамын.

Толқын теңіз тулайды.

Биіктен қайта түскенде,

Қуса өзін қуады,

Өңі кірер даланың.

Ешкім оны қумайды.

(жаңбыр, дождь, rain)

( жел, ветер,wind)  

Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас.

(жұлдыз, звезда, star)

Қолы да жоқ, көзі жоқ,

сурет салар өзі кеп

(аяз, мороз, frost)

IV бөлім. Берілген сөздердің орнын табу  «Меридиан» тобына  

  1.  Л п о ю с  - полюс

  2. Т а р к а – карта

  3. И а н м е д р и – меридиан

  4. М т у з и а – азимут

  5. Е ф а м о т а с р - атмосфера

 «Параллель» тобына

  1. Ф р е а с д и г о р – гидросфера

  2. И о н г з т ь л а р о – горизонталь

  3. С п м а о к  - компас

  4. Қ л ы й о б – бойлық

  5. Ғ д а а р у а л б - бағдарлау

 


 

IX кезең. Қорытындылау

кезең. Бағалау

VI бөлім.. Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері  алфавитпен байланысты болады. Дұрыс жауап – 5 ұпай.

Б

В

Г

Д

Ж

З

К

Қ

Л

М

Н

П

Ш

С

Т

Ф

  1. Б – Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.(Бағдарлау)

  2. В - Машина маркасымен аттас өзен.    (Волга)

  3. Г – Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы. (географиялық ендік)

  4. Д – Шөп басқан,батпақсыз жазық жер    (Дала)

  5. Ж – Жер бетінің біршама тегіс және белесті алқабы (Жазық)

  6. З – Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (Зоогеография)

  7. К – Қазақстан қаласы (Көкшетау)

  8. Қ – Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық  (Қар жиегі)

  9. Л – Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма   (Лава)

  10. М – Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (Масштаб)

  11. Н – Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал   (Нивелир)

  12. П – Күнді айнала  қозғалып жүретін және Күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі  (Планета)

  13. Ш – жер қыртысында су, жел, т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары (шөгінді тау жыныстары)

  14. С – Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ  (Сейсмикалық аймақ)

  15. Т – Бір - бірімен өзара байланысты табиғат кешендерінің біртұтас жүйесі   ( табиғат кешені)

  16. Ф – Географияның бір саласы  (Физикалық география)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі