400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Көктем аруы "

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Қыз - ұлт болашағы ” 

Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Әдісі: байқау

Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, шарлармен безендірілген сахна

Барысы:

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне мектебімізде 4 сыныптар арасында өткелі отырған «Қыз – ұлт болашағы» байқауына келіп отырсыздар. Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

2-жүргізуші : Сонымен бірге «Қыз — қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. Қыз сыны » байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі


Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділтікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші,


1-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық-дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

2-жүргізуші: 

Кім жеңеді байқауда үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Қазы алқасы атыңды ақта бүгін

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда

1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.



2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

1-жүргізуші:Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.

1-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. Мен қазақтың қызымын (таныстыру)

  2. Өз өнері

  3. Сұлулық құпиясы (шаш сәндеу )

  4. Сұрақ-жауап Салт-дәстүрге байланысты

1-жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

2-жүргізуші: 
Бірінші сайыс- өзін-өзі таныстыру Ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1. Беглербек Айша 4в сынып

2.Бақытжан Жансая 4ә сынып

3.Искакова Айдана 4Бсынып

4.Қанатбек Еркежан 4Гсынып

5.Тұрсынғожа Көркем 4Е сынып

6.Сейсенғали Айша 4Есынып

7.Әбделі Жазира 4И сынып

8.Дарханқызы Дина 4Л сынып

9.Абзалова Ақнұр 4К сынып

10.Болатқызы Аруна 4Всынып

11.Скендерова Жанел 4Ғсынып

12.Амиртай Алия 4Ғсыны

1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз-дей келе келесі кезекті 2-ші “Өз өнері ” кезеңіне береміз. Бұл кезеңде қыздарымыздың өнеріне, шеберліктеріне көңіл аударатын боламыз. Олай болса, Аруларымызға сәттілік тілейміз!
2-жүргізуші: Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «
Шаш өру» кезеңінде шаш үлгісін жасау бойынша сынға түседі. Бұл кезеңнің ерекшелігі бір басқа, қыздарымыздың ептілігі қалай екен? Қыздарымыз аяқтап болғанша кезекті әнге берелік.
1-жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі
Сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, “Зерделінің ойы озық” ситуациялық сұрақтарға кезек берелік. Ия бүгін аруларымыз барлық жағынан көп сынға ұшырауда. Ендігі кезеңде кез-келген жағдайда тапқыр және сабырлы бола аламызба? Соны байқап көрелік

2-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

2-жүргізуші: Барлық аруларымызды ортаға шақырамыз. Сайысты қорытындылау үшін

Әділқазыларға  сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Баршаңызды көктем  мерекесімен, әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«
Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, Мерекелеріңіз құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі