400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Наурыз-2018"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз тойы –дәстүрлі мереке» сыныптан тыс іс-шара Сабақтың мақсаты: Көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғыларымен таныстыру. Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, есте сақтак қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Өз ұлтына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, халықтың әдет-ғұрпын, өнерін құрметтеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құралай Шаймерденова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Петропавл қаласы. «Наурыз тойы –дәстүрлі мереке» сыныптан тыс іс-шара


Сабақтың тақырыбы: «Наурыз тойы –дәстүрлі мереке» сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың мақсаты: Көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
 
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, есте сақтак қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
 
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Өз ұлтына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, халықтың әдет-ғұрпын, өнерін құрметтеуге баулу.
 
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық тағамдар,ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
 
Пайдаланылған әдебиеттер: Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.
 
 
Музыка (слайды) Мұғалім:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де арманда, 
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар! 
(Наурыз. Қыздардың биі).


Музыка. Мұғалім:
Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық!

Бәріміз міне бас қосып,

Мерекені қолға алайық!

Ұлыстың ұлы күнінде

Наурыз шашуын шашайық! ( Көрермендерге шашу шашады)

1- жүргізуші
:-Қайырлы күн! Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 
НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы, барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз-достық пен еркіндіктің мерекесі. 
 Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.
Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


2- жүргізуші: 22 марта, в день весеннего равноденствия, народы Средней Азии и Казахстана отмечают Наурыз –Новый год. Этот замечательный день-праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны.Наурыз-праздник весеннего равноденствия, когда наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности,а потом начинает неуклонно увеличиваться.Таким образом этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы,торжество светлых сил добра над темными силами зла.Этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы.

Мұғалім:Ал, балалар, тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгітіп
Інжу – маржан шашайық
( 5 сынып оқушылары өлең шумақтарын оқиды.)


1- оқушы:Қыс өтіп, қар кетіп, 
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!


2-оқушы:Когда приходит праздник Наурыз,

Цветут сады,цветут поля,

Когда приходит праздник Наурыз,

Весною дышит вся земля!

3-оқушы:
Ұлыс күні ұлыстың

Мейрамы ортақ Шығыстың.

Бас қосарлы осы күн, Алыс,жақын,туыстың.

Ұлттық тойым-мерекем

Алуан салты ересен.

Ұлан-байтақ қазағым

Бола берсін берекең!


4-оқушы:Мы здесь сегодня собрались

Чтоб встретить праздник-Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех.

Пусть радуют сегодня всех!

Возьмемся за руки.Друзья,

Ведь мы- единая семья.


5-оқушы:Наурыз көктем,наурыз жыр.

Ана мейірім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Наурыз әлем, наурыз құс,

Сұлу дала, сағым тұз.


6-оқушы: Играй, баян,звени, домбра:

Желаю счастья и добра,

Здоровья и терпения,

Отличного настроения

Чтобы мечты у всех сбылись-

Здравствуй, праздник Наурыз!


7-оқушы:Сағынтып келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.


8-оқушы: Счастья,здоровья вам желаю,

Шлю привет всем селам, городам.

С праздником великим поздравляю,

Мы встречаем Наурыз –мейрам!

9-оқушы: Уа, ағайы, халайқ,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойын бастайық!


1-жүргізуші:Жиналыппыз Наурыз тойға бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!


2-жүргізуші:

Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «Бесікке салу». Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік», - деген сөз бесіктің құдыретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады.

Обряд «Бесікке салу» — традиционный казахский  обряд, связанный с рождением ребенка. Это торжественное мероприятие устраивают, когда младенца первый раз кладут в «Бесік» - колыбель-качалку матери.


(Ән «Қошақаным») 4 сынып оқушылары


Мұғалім:

А сейчас я хочу провести национальную игру «Көкпар».

Для данного состязания, требуется несколько настоящих джигитов (3-4).Вы должны отвечать на вопросы по очереди; кто ответить на большее количество вопросов, тот джигит является победителем.

1.Наурыз мерекесін қашан тойлаймыз? (22 наурызда)

2.Что означает слово «Наурыз»? (Новый день)

3. Наурыз мейрамының бас тағамы қалай аталады?? (Наурыз-коже)

4.Из скольких ингредиентов состоит «Наурыз-коже» (7)

5.Қазақ халқының ұлттық ойындары түрін атаңдар? (Алтыбакан, кыз куу и т.д)

6.Какие знаете традиций? (Атка отыргызу, бесікке салу и др.)

7. Қазақ халқының екі шекті аспабы. (Домбыра)

8. Какое число у казахов считается магическим и удачным? (7)

9.Наурыздың 21-нен, 22-сіне қараған түні табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн мен түн теңеледі).

10. Какое название имели качели, устанавливаемые к вечеру празднования Наурыза? (Алтыбақан).


1-жүргізуші: Би «Қамаржай»

2-жүргізуші:Какой же праздник без наших национальных и сказочных героев. Встречаем! Сценка «Алдаркөсе мен қу жауырын»


1- жүргізуші: Мудростью славен казахский народ,

Мудрость в веках с народом живет!

Енді «Орамал тастамақ» ойынын ойнайық.


2- жүргізуші: Условия игры-участники игры передают платочек, при этом называют пословицу на казахском языке, следующий участник должен ее перевести на русский язык. (учавствуют уч-ся 4 класса)

1- жүргізуші: (4сынып оқушыларын «Мереке»-деген әнімен қарсалайық)


Мұғалім:
Наурыз тойы – береке,


Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз.
(Ұлттық ойындардан көрініс: «Арқан тарту»)



2- жүргізуші -:

Жылдың басы Наурыз

Жырдың басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз (5 сынып оқушыларын «Наурыз келді»-деген әнімен қарсалайық) )

1- жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште Қыдыр ата келеді деп түсінген.Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман, тілек ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген. Бата беру әдетте, құдайы қонақтың үлесіне тиген.Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр.


2- жүргізуші: Бата всегда давали уважаемые люди, почетные аксакалы. И вот мы пригласили уважаемого аксакала на наш праздник.


Қыдыр ата: Армысыңдар, қонақтар! (қолың жайып)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді.)


2-жүргізуші: Қыдыр атаның бізге тастап кеткен сыйлығын алғыларың келе ме балалар? Олай болса қазір мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңдер. Дұрыс жауап берген оқушыға қазақша қоржын сыйға тартылады.

  1. Наурыз жыры деген не?

Жауабы: Нарыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

  1. Наурызда тілек қандай мақсатта, қай уақытта айтылады?

Жауабы: Наурыз тілек- достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандар мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйне кіріп дәм татады.

  1. Наурыз туралы не білесіңдер?

Жауабы: Наурыз-парсы сөзі. Нау-жаңа, рыз-күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы- Ұлыстың ұлы күні.



  1. «Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Наурыздың алғашқы күні туылған төл Наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

  1. «Наурызкөк» дегеніміз не?

Жауабы: Наурызкөк- наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурыз көгім келдің бе» деп шақырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

  1. «Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

өсімдік қатарына жатады.


1- жүргізуші:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ата,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


2- жүргізуші: Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына! ( 
Аққу биімен 7-сынып оқушыларын қарсалайық)


1- жүргізуші: Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!
Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!
Осымен оқушыларының дайындаған «Қош келдің, Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 
2- жүргізуші : На этом мы с вами прощаемся . Да будет счастлив Наурыз, уходящий корнями в глубь веков радостный новогодний праздник. Спасибо всем участникам праздника, всего наилучшего. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
1184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі