Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс шара "Ойна да ойла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныптарына және бастауыш сынып оқушылары мен педагогтарына арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс оқу қызметінің тақырыбы:

«Ойна да ойла» интеллектуалды сайысы.

Мақсаты: интеллектуалды ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

-Құрметті сайыс қонақтары мен балалар! Біздің «Ойна да ойла» атты интеллектуалды сайысымызға қош келіпсіздер!

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын, ей достар,

Осылаша шабытпен

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар

Жүрегі от боп жалындар

Сайыскерлерді халайық,

Қол соғып қарсы алайық.


-Сайыскерлерді бір-бірден ортаға шақыру.

1. Серік Ақжарқын

2.Несіпқұл Нұржан

3.Жұмахан Аяла

4.Әкімғали Әмина

5.Талғат Муслим


-Ал, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Жарқырап күнде ашылды

Күн нүры түгел шашылды

Қайырлы күн, қонақтар!

Біз әдепті баламыз.

Қайырлы күн, ұстазым!

Біз білімді боламыз.


Әр сайыскер өз орнына отырады.

Әділ-қазы алқасын сайлау:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Шындыққа сал, әділдікпен шеше біл, - деп бүгінгі сайысымыздың әділ-қазы алқасымен таныстырайық.



Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

Кезеңдері:

1. «Кім көп біледі?»

Сұрақтарға жауап береді.


2. «Кім шапшаң?»

Жаңылтпаштарды жылдам айтып береді.


3. «Кім тапқыр?»

Жұмбақтардың шешуін табады.


4. «Кім епті?»

Пазлды тез құрастырып, не бейнеленгенін тауып айтады.


5. «Кім алғыр?»

Балалар тақтада берілген тапсырма бойынша есептер шығарады.


6. «Кім жылдам?»

Ертегі атын және кейіпкерлерін табады.



Ал олай болса сайысымыздың 1 кезеңін бастаймыз. Кім көп біледі?.

Әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады. Тездетіп жауап берулері керек.

5 сайыскер:

1.Бүркітпен аң аулайтын адамды қалай атайды?

2.Қандай музыкалық аспапты білесің?

3.Мемлекеттік рәміздерді ата

4.Елбасымыз кім?

5.Жеті атаңды айтып бер.


2 сайыскер:

1.Бағдаршамның неше көзі бар?

2. «С» қандай дыбыс?

3.Біз қай жерде тұрамыз?

4.Сүттен қандай тағамдар жасауға болады?.

5.Үй құстарын ата.


1 сайыскер:

1.Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

2.16 желтоқсан қандай мереке?

3.Жемістер қайда өседі?

4. «Т» қандай дыбыс?

5.Ғарышкердің киімі қалай аталады?


4 сайыскер:

1.Қандай ертегілерді білесің?

2.Жылдың неше мезгілі бар?

3.Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

4. «О» қандай дыбыс?

5.Ең ыстық планета?


3 сайыскер:

1. Сабақ өтетін бөлме қалай аталады?

2.Көліктің неше түрі бар?

3.Көкөністер қайда өседі?

4.Неше планета бар?

5.Үй жануарларын ата.


2 кезең «Кім шапшаң?»

Әр сайыскерге жаңылтпаш айтамын. Сайыскер сол жаңылтпашты жаңылмай жылдам айтып беруі қажет.

1 сайыскер:

Құрықтан құлдырап түстім,

Сырықтан сылдырап түстім.


2 сайыскер:

Қай тайлақ лақтай,

Қай лақ тайлақтай.


3 сайыскер:

Даланы қар жабар, 

Қарға балалар аққала қалар.


4 сайыскер:

Есет атам ет асатар

Ет асатса бес асатар.


5 сайыскер:

Досқа босқа қарама

Дос та босқа қала ма?


3 кезең «Кім тапқыр?»

Әр сайыскерге 4 жұмбақтан жасырылады:

1 сайыскер:

1.Жуынамын деп жазғаны-ай,

Күннен күнге азғаны-ай... (сабын)

2.Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан

Жолды нұсқап тұрады. (бағдаршам)

3.Таудан түссем тоқтауды білмейді,

Таңға тартсам өмірі жүрмейді. (шана)

4.Ашылып-жабылады,

Әр үйден табылады. (есік)


2 сайыскер:

1.Жазда үйде тыныс алып тұрады,

Қыстай ағаш, көмір асап шығады. (пеш)

2.Кесе-кесе мұқалды,

Жони-жони жұқарды. (пышақ)

3.Таста бар,

Бір арба келіншек,

Әр келіншектің басында,

Бір-бір түйіншек. (сіріңке)

4.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастарқан)


3 сайыскер:

1.Алыстағы қоянды

Алдыңа әкеліп қояды. (дүрбі)

2.Бес балаға бір бешпент

Бірге киіп, бірге шешпек. (қолғап)

3.Арқасында ауыл жүр

Ала тайым шауып жүр. (автобус)

4.Адамның сәні

Онысыз жоқ мәні. (киім)


4 сайыскер:

1.Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жері жоқ. (хат)

2.Төбесінен бу шығады,

Аузынан су шығады. (самаурын)

3.Жүріп келем, жүріп келем,

Сол жүріспен төбеге шығып келем. (баспалдақ)

4.Құрама темір,

Қол қабысы көп

Ғұлама темір. (робот)


5 сайыскер:

1.Базардан алғанда қап-қара,

Үйге әкелгенде қып-қызыл (көмір)

2.Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды,

Алмайды бір тағат,

Оның аты .... (сағат)

3.Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық)

4.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам)


4 кезең «Кім епті?»

Берілген қиындылардан пазлдар құрастырады. Қандай бейнені құрағанын тауып айтады.


5 кезең «Кім алғыр»

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатың, ісің барда – дей отырып, балалар тақтадағы берілген есептерді тездетіп шығарамыз.

  1. Сайыскер – саңырауқұлақ жинау.

  2. Сайыскер – балық аулау.

  3. Сайыскер – жаңғақ жинау.

  4. Сайыскер – алма теру.

  5. Сайыскер – қырыққабат жинау.


6 кезең «Кім жылдам?»

Тақтада ілініп тұрған суретке қарап, ертегіні табады және кейіпкерлерін тауып орналастырады.


Міне, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Олай болса, әділ-қазылар алқасының шешімін тыңдайық.

Ал, құрметті халайық,

Сайысты міне көрдіңіз.

Әділ – қазы алқасы

Әділ баға беріңіз.


Ал құрметті қонақтар мен балалар бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймын!!!

Келгендеріңізге көп-көп рақмет. Көріскенше қош сау болыңыздар!











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
1844
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11