жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара. Өз елімді білемін бе? 10-сынып
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: Өз елімді танимын ба?
Пән мұғалімі: Курегенова Г.А.
наурыз, 2019 жыл
15наурызда 10-сыныптар арасында өтілген іс-шара
Іс-шараның тақырыбы: Өз елімді танимын ба?
Мақсаты:
Оқушылардың «Отан», «туған ел» туралы
түсініктерін кеңейту, өз елін, туған
жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу,
отансүйгіштік сезімін қалыптастыру,
рухани
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Портреттер, интерактивті тақта, суреттер.
Өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым!
1-жүргізуші: Бүгінгі «Өз елімді танимын ба?» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа өнерлі де, білімді, танымы жүйрік, өз халқының нағыз патриоттары қатысқалы отыр.
1-жүргізуші:
Ендеше сайысымыздың шарттарымен танысып өтейік.
Сайыс 5 номинация бойынша бағаланады. Атап айтсақ:
1. «Бәйге» сайысы. Бұл сайыста қойылған сұрақтарға тез және нық жауап беріледі.
2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз- сарасы» сайысы. Наурыз тақырыбында өлең жолдарын мәнерлеп оқудан сайыс.
3. «Сұрақ-жауап» сайысы.Таңдап алынған сұрақтарға жауапты толық берулері шарт.
4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» мақал-мәтелдер сайысы.
5. «Ойлы болсаң, озып көр» әңгімені жалғастырып жазудан сайыс
2-жүргізуші: Енді әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.
1-жүргізуші: Келесі кезекте сөзді команда мүшелеріне берейік. Олар өздерін таныстырып өтсін.
ІІІ. Негізгі бөлім.
2-жүргізуші: Олай болса, сайысымызды бастаймыз!
Әр командаға берілетін «Бәйге» сайысының сұрақтарын сыныптасым-Анелина оқиды. Командалар мұқият тыңдап, жылдам және нақты жауап берулері тиіс.
1-команданың сұрақтары.
1.Есту мүшесі. (құлақ)
2.Үш биді ата. (Қазыбек би, Төле би, әйтеке би)
3.Балды жақсы көретін аң? (аю)
4.Соңында түлкі жеп қоятын ертегі қалай аталады? «Бауырсақ»
5.Астанамыз қай қала? (Астана)
6.1 дм неше см? «10 см»
7.Жуан дауысты дыбысты ата? (а, о, ы, ұ)
8.Кітап алатын жер (кітапхана)
9.
Күй атасы. (Құрманғазы)
10.
Қазақстанның
тұңғыш ғарышкері. (Т Әубәкіров)
2-команданың
сұрақтары.
1. Көру мүшесі (көз)
2.Мемлекеттік рәміздерді ата (әнұран, елтаңба, Ту) 3.Бүгін аптаның қай күні
4.Күйді орындайтын адам (Күйші)
5.1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
6.Қ.Р.президенті кім? (Н.Назарбаев)
7.Ең қадірлі ас (нан)
8.Аңыздағы алдайтын адам (Алдар көсе)
9.Мемлекеттік тіл (қазақ)
10.Абайдың әжесі (Зере)
1-жүргізуші: Келесі кезекте сайысымыздың екінші номинациясы «Өлең – сөздің патшасы, сөз- сарасы» бойынша алдымызда келе жатқан төл мерекеміз-Наурыз туралы мәнерлеп оқитын сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Сонымен сіздермен бірге сайыстың үшінші номинациясы- «сұрақ-жауап» кезеңіне көшеміз. Бұл кезеңде екі команда сандықшадан таңдап алған сұрақтарды оқып, оларға толық жауап берулері шарт. Әр команданың бір-бір қатысушысын сұрақ таңдауға шақырамыз.
3-сайыстың сұрақтары:
1-команданың сұрақтары.
1.Астана
Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997ж.
2.
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
Қандай?
3.
Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні
тойлайды?
4.
Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде
нешінші орында ?
5.Қожа Ахмет Иссауи кесенесі қай қалада орналасқан?
1.1желтоқсан
қандай мереке?
2.
Мемлекеттік тудың авторы кім?
3. Конституция қашан
қабылданды?
4.Шоқан Уәлихановтың шын аты кім?
5. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
2-команданың сұрақтары.
1.Тілдер
мерекесі қай күні атап өтіледі?
2.
Мемлекеттік елтаңбаның авторы кім?
3. Үш жүздің
басын қосқан қазақ ханы
4. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
5. Екі ақын арасындағы сөз жарысы қалай аталады?
1.Қазақ
халқының математикалық ұлттық ойыны
қалай аталады?
2.
Бие сүтінен жасалатын ұлттық сусынды
ата.
3.
Қазіргі заманда қазақ халқының атын
әлемге паш етіп жүрген эстрада әншісі?
4.
Қазақстандағы ұлтаралық ресми
қарым-қатынас тілі қай тіл?
5. Қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қос батыр қыздарын ата.
1-жүргізуші: Ендігі «Тапқыр болсаң, тауып көр» мақал-мәтелдер сайысында командалардың алдарына мақал-мәтелдердің сөздері беріледі. Сол сөздерді жинай отырып, мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру керек.
1-командаға арналған мақал-мәтелдер
Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан
соң жаз болмас.
Көктем туа,
Наурыз келер
Күн менен түн теңелер.
2-командаға арналған мақал-мәтелдер
Болар
адам – он бесінде бас болар,
Болмас
адам – қырық бесінде жас болар.
Құдықтан
су ішкен,
Қазғанға
рахмет айтады.
Ағашты
көлеңкелеген,
Еккенге
рахмет айтады.
2-жүргізуші:
Келесі кезектегі сайысымыздың ең соңғы «Ойлы болсаң, озып көр» номинациясы әңгімені жалғастырып, өз ойларымен толықтыруды талап етеді.
Алдарыңдағы сандықшадан мәтін таңдап алуларыңды өтінеміз.
1-командаға берілетін мәтін
Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшағында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді.
2-командаға берілетін мәтін
Арман анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке болып өсті. Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа жыл да келді.Арман үшін басқа мерекелерден гөрі жаңа жыл сыйлығы мол, тәттіге тоятын ерекеше күн. Ата-анасы былтырғы жылы бағасы қымбат тұратын ұялы телефон сыйлаған болатын. Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы алдаса да, Арман сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына Аяз атадан қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.
1-жүргізуші: Екі команданың сайыскерлері қызу жұмыс үстінде. Олар дайындалып жатқан уақытты пайдаланып, командалардың «Наурыз» мерекесіне арналған ән шашуларын қабыл алыңыздар.
Әр команда мәтіндерін оқиды.
ІҮ. Қорытынды 1-жүргізуші: Сөз кезегін құрметті әділқазыларымызға берейік.
Әділқазылар сөйлейді.
2-жүргізуші: осымен бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Өнеріміз өрге жетсін! Келе жатқан Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!!
Екі жүргізуші: келесі кездескенше сау болыңыздар!
Әділ қазылар алқасының мүшелеріне таратылған бағалау парағы
№№ |
Сайыс атауы |
Ұпай саны |
Ескертулер |
|
|
|
10 «А» «Аманат» командасы |
10 «б» «Арыстандар» командасы |
|
1 |
«Бәйге» сайысы |
|
|
|
2 |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз- сарасы» сайысы |
|
|
|
3 |
«Сұрақ-жауап» сайысы. |
|
|
|
4 |
«Тапқыр болсаң, тауып көр» мақал-мәтелдер сайысы |
|
|
|
5 |
«Ойлы болсаң, озып көр» әңгімені жалғастырып жазудан сайыс |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген