жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара "Қазақ тілі - Мәңгілік елдің мәуелі бәйтерегі " 6- сынып
Тақырыбы: «Қазақ тілі – мәңгілік елдің мәуелі бәйтерегі»
Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу
Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі «
Қазақ тілі – мәңгілік елдің
мәуелі бәйтрегі» атты іс шарамызға қош келдініздер. Қазақстанның
мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері
мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ
ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті
құрал» деп көрсеткен болатын.
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан
дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын
бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының
барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа
сақтап отыратын қазына.
Видеоролик кетеді.
Кезекті оқушыларға береміз.
. 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.
1-жүргізуші: Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық, -
өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып. 6в сынып оқушысы Бақытжан Қаршығаның орындауында «шындық туралы толғау» қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!
(окушылар олен окиды)
1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796
түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл
– 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай
тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын
тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте
мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны
алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз
тілі, араб тілі.
2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді
меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты
фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер
1-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді
меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб
тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш
меңгерген.
2-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
3-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
4-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
5-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.
1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып
тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет
Мұғалім
Слайд кетеді,
Оқушылар
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және
1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш.
Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н.
Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т.
б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия
т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт
т. б)
Оқушылар бір сәт қазақ биімен көңіл көтеріп қояйық.
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Жүргізуші: «Қазақ тілі – мәңгілік елдің
мәуелі бәйтерегі!» атты іс
шарамызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз
жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып
жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп
рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген