Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Қош келдің Жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Қош келдің Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мерекелік көңіл күйде болуына көңіл бөлу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
750
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төрлет, төрлет жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2017 жыл)

Қатысушылар: Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата-аналар, ұстаздар.

Тәрбиеші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады).

Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар.

Басталады жаңа жылдық шырша той.

Ән де бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады жаңа жылдық шырша той! Шырша тойына келген балғындарды қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар кіреді).

Тәрбиеші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Тәрбиеші:Жаңа жылдық мерекемізді ашу үшін құттықтау сөзін мектеп директоры Юсвалиев Айбек ағайға береміз.

Тәрбиеші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Ән: «Кел, кел жаңа жыл!»

Тәрбиеші: «қазақша » бий тамашалаңыздар

Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде 
қонаққа келген кейіпкерлер бар.

Балалардың орындауында «Ертегілер» ден үзінді тамашалайық!
Маша, қызыл қалпақ, алдар көсе, зумрад ва қиммат, мұз ханшайымы,

Жаңа жылға арналған тақпақтарды қарсы алыңыздар:

Арнела:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Паризада:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы 

Көңіл өсіп кеңейсін.


Абрар:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Шахноза:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Билол:
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды, 
Ақ тон киіп үстіне.

Екубжан:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Дилшадбек:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!

Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына Сыйлықтар береді. (Аяз Ата

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына
мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! 
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Бий: хид бийин тамашалаңыздар
Тәрбиеші:
Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Аяз атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба? 
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын. 
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық. Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)

Тәрбиеші: Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. 

Тәрбиеші: Жаңа жылды қарсы алмай тұрып, ескі жылмен қоштасайық. Ескі жыл қоштасып кетеді, Аяз-ата: Ескі жыл саған мыңда бір алғыс осы жылда көп жұмыстар атқар дың молшылық тыныштық әкелдің сау бол.

Балалар сау бол ескі жыл.

Жаңа жыл кіріп келеді.

Бәрі: қош келдің жаңа жыл!

Аяз-ата: қош келдің жаңа жыл.
Аяз-ата: Келіңдер барлығымыз бірге Шырша шамын жағайық, 
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(қоян тауып алады) міне мен таптым
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1-2-3
«шырша» әнін шыршаны айналып орындау.

Келген қонақтармен ойын: «сұрақ жауап», «кім бірінші»
Тәрбиеші: Қандай тату өздері 
Күлімдеген көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.

Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Құстар» биін тамашалайық!

Ортаға тақпақтармен:

Шахноза: Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

Паризода: Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.

Арнела: Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді

Еқубжан: Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.

Дилшадбек: Ойыншығым роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.

Билол: Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.

Аброр: Ала добым аямай, БӘРІ: Ойыншықтарым көп менің,
Ұрсам жерге өршиді.
Бәрін жақсы көремін.

Шығып кетіп қолымнан, Кешке дейін жалықпай,

Паналады көрші үйді. Бірге ойнап жүремін.

Тәрбиеші: 
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде

Бий: Ипанша бий қабыл алыңыздар
Тәрбиеші:
Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!

Вальс:

Арнела:  Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге 
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді? 

Абрар: Жасыл шырша жанында

Айналып ойнап ән саламыз

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы аламыз
Шахноза:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Билал: Без дедушки мороза
Снежинки не летят
Без дедушки мороза
Узоры не блестят.
Паризада: Игрушки разноцветные
Она для нас расвесила
И все глядят на елочку
И всем сегодня весело

Екубжан:

Балалар шықты далаға

Ойнап күліп жүр енді

Шаналармен азады

Аққаланы соғады

Дилшадбек:

Сақалының ұзын – ай

Саудыраған мұзын – ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығын – ай!

Ер балалардың орындауында бий «жынгл белс»

Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: АязАта, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
АязАта: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде мыстан кіріп келеді.) Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандақ мында тұр екен ғой! 
АязАта: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
АязАта: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.

Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
АязАта: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
АязАта: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)

Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп
Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды.
Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады
Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды
Қар
5.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым
6.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды
Боран
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге
Шана
Мыстан:
Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)
Құрметті қонақтар сонымен бүгінгі мерекеміз аяқталды барлығыңызға рахмет!

Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!

Ән: жаңа жыл


Shape1

90


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!