400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс іс-шара "Қош келдің-Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі жайлында
Материалдың қысқаша нұсқасы



Армысың Әз Наурыз!

1-жүргізуші:

Келіп қалдық Наурызға қадам басып,

Бақытқа жеткізеді адал кәсіп.

Ассалаумағалейкум баршаңызға,

Алайық алдыменен амандасып.



2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті жамағат,

Бір тамаша шаттық болмақ ғаламат.

Қалар қысты аман-есен өткеріп,

Ұлыс күні той-тойлату ғажап-ақ.

1-жүргізуші:

Көгіме кел төрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп.

Қаймақ-сүтін көлдетіп,

Ырыздық құтын селдетіп

Келді Наурыз Ұлыс күн.

Ақ қар кетіп қыс өтіп

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның бұл кенелген

Құт мейрамы ежелден

Құтты болсын-Наурыз!

2-жүргізуші:

Шығыс халықтарының ішінде түркі тектес Ұлы қазақ халқының ежелден тұрмыстық мерекесі болып келген жаңа жыл мейрамы-Наурыз тойын бастаймыз.

Осынау кереметтей мерекені ашып беруді мектебіміздің директоры Жұманазар Абдуллаев мырзаға береміз


2– жүргізуші:


- Қашанда Құт-Береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.


1– жүргізуші: - Шашу! Шашу!


Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл-көсір!







2-жүргізуші:

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

1-жүргізуші:

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!



2-жүргізуші:

Алас, алас, алас

Шаңырақтан алас

Иесі келді бәлесі көш

Көзі жаманның көзінен сақта

Тілі жаманның тілінен сақта

Алас, алас, алас

Жел іргесінен сақта

Ырысыменен, берекесінен алас

Ақ ниетімен, ырзығынан алас

Көк тәңірі Көк бөрінің

Көк байрағынан алас

Алас, алас, алас

Дұшпанның қатерінен

Көре алмастың көзінен сақта

Алланың қаһарынан

Қауіп пен зіл-заладан сақта

Сақта, сақта, сақта

Бейбіт күні көгінде қалықтаған

Мерейі тасып, несібесі шалқыған

Қазақ жұртына рахымыңды төге гөр!

Төге гөр! төге гөр!



2-жүргізуші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке.

«Он рет айтқаннан бір рет көрген жақсы» деген сөз бар емеспе, Наурыз мерекесі жайында қонақтарға бейнежазба ұсынсақ??? Қалай ойлайсың?

1-жүргізуші: Айтқаның орынды. Ендеше бейнежазбаға назар аударайық





2-жүргізуші:

Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған.

Халық күйі «Тепең көк» Орындайтын «Балауса» халық аспаптар ансамблі.

Жетекшісі Ұлбала Арипова

Тастановтың «Би» күйі орындайтын «Балауса» халық аспаптар ансамблі

Жетекшісі Ұлбала Арипова

1 Жүр: Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ.


Оқушы: Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр. 

1 Жүр:Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ батасын алатын болдық. 

2 Жүр: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. (Қыдыр ата келеді) Батасын береді


Наурыз қыз: Нұржамал -Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Халыққа дәулет дарып, бақ қонса, сіздің шапағатыңыз деп білеміз.


Қыдыр ата: Қош келдің, Наурыз! 
Наурыз қыз: Өлеңін оқиды

2-жүргізуші: Құрметті көпшіл қауым Наурыз тойына арнайы қалың қонақтардың ішінде Шопан ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шекшек аталар да келген екен. Қошеметпен қарсы алайық.

Ойсыл қара текті елдің бурасы екен,

Буралығын білдірген шудасы екен.


Зеңгі бабам табынның бұқасы екен,

Ет пен майға өн бойы тұтас екен.


Шопан ата отардың қошқары екен,

Егіздетіп жылда төл қосқан екен.


Шекшек ата ешкінің айдары екен,

Егіз-сегіз туған соң пайдалы екен.


Төрт түліктің төресіне қол соғып қошеметтеп қояйық ағайын!







1-жүргізуші:

Қара қазан қасиеті халқымның,

Бір өзіңде құдіреті салтымның,
Бірлік сенен басталады әрқашан

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

2-жүрг:

Қасиетті қара қазан тіршіліктің тірегі

Бір өзіңнен қуат алар барша жанның жүрегі.

Сен бар жерде құт-мереке мол болып,

Тірлік, бірлік жұбын жазбай жүреді.


Аңсарбек: Алақай, алақай көк бұқа сойылатын болды.Анам маңдайыма бауыздау қанымен күннің бейнесін салатын болды.Алақай!

1-жүргізуші:

Ән «Құтты болсын Әз-Наурыз» Орындайтын 5-сынып оқушысы Тұрсынбай Ұлнара


Бәрекелді!!! Аналарымызға үлкен рахмет!

Жігіттер қайда? Қара қазанды оттан түсіріп, Наурыз көжеден халыққа дәм татқызайық.


2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық

Жаңа жыл келді біртіндеп.

Берекелі жыл болсын,

Дәулетіміз үрілдеп.

1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық

Жылды қарсы алайық

Көңілдегі кір-өкпе

Кешірілсін сынайып.

2-жүргізуші:

Уа халайық, халайық

Ақиқат үстем болсын деп

Шын көңілмен ниет ет

Күйге болеп аймақты

Шырқа әнді әуелет!


Су ананың көзін аш

Жер анаға еңбек ет

Жаңа жылдың күнінде

Иіліп түгел сәлем ет!

Тағзым ет!

1-жүргізуші:

Наурыз мерекесі бұлақтың көзін ашатын, жер жүзі шаттыққа толатын қасиетті мереке. Әр қазақ өзінің ауласын, даласын, табиғатынкөзінің қарашығындай қорғап, бір тал кессе, он тал еккен дұрыс ағайын! Ұлыс оң болсын! Рахмет балалар.






2-жүргізуші

Мектеп пен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру мақсатында бүгінгі Ұлы мереке қарсаңында ұйымдастырылған "Алтын әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем" атты әжелер сайысын бастаймыз.

1-Жүргізуші:

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.


Сайысқа түскелі отырған ауылымыздың ардақты әжелерін ортаға шақырайық.


1. Темирова Бексұлу әже

2. Бейсенова Тіллә әжеміз

3. Атшабарова Нұржамал әжеміз

4. Есбатырова Қызылгүл әже

5. Мамырова Ханшайым

6.Үсенова Мейркүл әже


2-жүргізуші:


Олай болса, әжелер бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. «Шаңырағым, шаттығым» - өзін немесе отбасын таныстыру;

  2. «Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету;

  3. «Дәстүрім-асыл қазынам» Салт-дәстүрден көрініс көрсету

  4. «Шебердің-қолы алтын» Ұршық иіру

Осы әжелер сайысына әділ шешім шығаратын әділқазы алқаларымен таныстырып өтсек:


1.

2.

3.


1-жүргізуші:

Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем.


Әжелеріміз өздерінің жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай өмір жолдарымен танысытырып өтеді.


Құлақтан кіріп бойда алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй деп-Абай атамыз жарлағандай Мұңайтбасов Аңсарбектің орындауындағы «Жаным қазақ» әнін қабыл алыңыздар

Әділқазылар алқасы сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстырудың» ұпайларын берсеңіздер






2-жүргізуші:

Бұл жандардың қылығына сай ісі

Сәулеленіп тұрады әр бір жай ісі

Аналарды шақырайық ортаға

Ендігі өз өнері сайысы

Әжелеріміз өздерінің бойларындағы өнерлерін дүйім жұртқа паш етеді.


  1. Темирова Бексұлу әжеміз

  2. Бейсенова Тіллә әжеміз

  3. Атшабарова Нұржамал әжеміз

  4. Есбатырова Қызылгүл Әжеміз

  5. Мамырова Ханшайым Әжеміз

6. Үсенова Мейіркүл әжеміз


8-сынып қыздарының «Наурыз» биін қабыл алыңыздар

Рахмет қыздар.Әділқазы алқасы екінші кезеңнің ұпайларын берсеңіздер


1-жүргізуші:


Ата-салтым, асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда салтын бұзбас қадірін,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазақ халқының өзге ұлттар секілді ұлттық салт-дәстүрлері бар. Қазіргі заман ағымына байланысты ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізден әжелеріміз көрініс көрсетеді. Осындай құнды дүниелерімізді біздер Жас ұрпақ санамызға сіңіріп, жалғасын табуға өз үлесімізді қосамыз деген ойдамын.


1.Темирова Бексұлу әжеміз «Қызды оң босағаға отырғызу» салтынан көрініс көрсетеді

2. Бейсенова Тіллә әжеміз «Тойбасты» салтынан көрініс көрсетеді

3. Атшабарова Нұржамал әжеміз «Төркіндету» салтынан көрініс көрсетеді

4. Шамсуддинова Қызылгүл әжеміз «Тоқымқағар» салтынан көрініс көрсетеді

5. әжеміз « » салтынан көрініс көрсетеді

6. Үсенова Мейркул әжеміз «Киіз басу» салтынан көрініс көрсетеді


5-сынып оқушысы Рахимова Ақжүністің орындауында ән «Анажаным»


Әділ-қазылар алқасынан 3-кезең «Салт-дәстүрдің» ұпайларын сұраймыз



2-Жүргізуші:

Зырылда, ұршық, зырылда,
Тезірек толсын алқымың.
Қосайын әуен зырылға,
Калауынша халқымның.
Анамнан қалған мұрасың,
Айнала берші ақұршық.
Сақтаймын сені мұра үшін
Тағы да зырла, бір ыршып.
Зарыққан анам, сенімен,
Өршіте алмай өнерін.
Мұрасың калған өмірден,
Соңдықтан тәуір көремін.
Зырылда, ұршық, зырылда,
Келеді жырым ағылып.
Аналар өтті-ау бұрын да,
Өнімсіз саған табынып.
Өнерсіз күннің ермегі.
Қалсын ізің жырымда.
Өнерім өрге өрледі,
Салмаймын көздің қырын да.

Әжелер ортаға келіп жайғасып ұршықтарыңызды иіре берулеріңізге болады

Әжелеріміз ұршығын иіріп болғанша 7-сынып оқушысы Абайдың күйі «Тор жорға» күйін орындап берсін


Рахмет әжелер.


1-жүргізуші:

Ана жанын әже болсаң ұғарсың

Алдыңдағы ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың-дей отырып бүгінгі сайысымыз өз мәресені де жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз мына отырған жас ұрпаққа өздерінің үлгі-өнегелерін көрсетті деп есептейміз.Енді сайыс қорытындысы шыққанша

мектебіміздің 5-сынып оқушылары Қанжарбай Ақжайық пен Қасимова Сарвиназдың орындауындағы «Наурыз көктем әнін» қабыл алыңыздар

Әжелерімізге:

1.«Алтын діңгекті әже»

2. «Ақылды әже»

3. «Парасатты әже»

4. «Өнерлі әже»

5. «Дана әже»

6. «Шебер әже» номинациялы мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Құрметті жиналған көпшіл қауым осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды.

Көріскенше сау-саламат болыңыздар!

























ШОПАН АТА: - Малды берсе, қойды бер, Ұлды берсең, бойлы бер. Жұртқа ақыл салғандай, Ақылы артық ойлы бер. ЖЫЛҚЫШЫ АТА: - Шаруаның бір пірі – Жылқышы ата, Тілегенде өзің бер ақтап бата. Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып, Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата. ОЙСЫЛ ҚАРА: - Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара, Түйені өсір жарқылдап болсын пана. Ит, құс, пәле, індеттен аман сақтап, Топ-топ қылып боталат аруана. ЗЕҢГІ БАБА: - Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба, Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама. Кең өрісті шұбыртып, өзің бағып, Кешке жақын қотанға әкеп қама. ШЕШЕК АТА: - Қойды көсем бастайтын, Өткелден үркіп саспайтын. Қарағай мүйіз серкелі, Шүйде жалды желкелі, Сексек ата баласы, Ешкі бассын үйіңді! 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/tilek/cc/s1/1953-script-nauryz.html





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі