Сыныптан тыс іс-шара "Робототехника-болашаққа қадам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Робототехника-болашаққа қадам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс шара сынып жетекшілерге көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей


















«Робототехника-болашаққа қадам»

(білімдік сайыс)







Ұйымдастырушы робототехника пәнінің мұғалімі: Абилмажинова Н.Ч.















2020-2021 оқу жылы






Сайыс тақырыбы: «Робототехника-болашаққа қадам»


Сайыс мақсаты: Оқушылардың  робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.

Көрнекі құралдар: Перезентация, роботтар

Сайыс барысы:

І ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып, сынып оқушылары арасында «Робототехника-болашаққа қадам»  атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Психологиялық сәт

«Амандасу» тренингін ұйымдастырамын.

«Күн» бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз.

«Жүрек» бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз.

«Қол» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз.

«Күлкі» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз.

Ең алдымен, ойынымызға төрешілік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсем.

Әділ-қазылар:

___________________________________________________________________


Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайыскерлерімізбен танысып алсақ.

Топтардың таныстыруы 


Сайыскерлер де көрермендер де дайын болса ойын ережесімен таныстырайын. Ойын ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырады).
ІІ кезең. «Сумо» (әр топтың роботтары жарысады)

ІІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру


І кезең «Таныстыру» әр оқушы өзін таныстырады. 2 минут уақыт беріледі

ІІ кезең «Сумо» әр топтың роботтары жарысады.

ІІІ кезең бойынша оқушылар ұяшық сұрақтарына жауап береді

  1. Белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны не деп айтамыз. (Робот)

  2. Робот чех тілінен аударғанда қандай мағына береді? (robota еріксіз еңбек, rob құл )

  3. Роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған пәнаралық сала(РОБОТОТЕХНИКА )

  4. Робототехника қандай пәндермен байланысты? (Физика, математика, информатика

  5. Дүниежүзілік роботтар олимпиадасын қалай атаймыз? (WRO- World Robot Olympiad )

  6. Бірінші дүниежүзілік олимпиада қай жылы қай қалада өтті? (2004 жылы Сингапурде )

  7. WRO футбол деген не? (Роботтар арасындағы футбол жарысы)

  8. Дүниежүзілік олимпиадада неше категорияда жарысады? (4)

  9. LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының құрамы неше бөлшектен тұрады? (541)

  10. Түс датчигі неше түсті ажырата алады? (8түс)

  11. Роботтың айналу қозғалысын және оның бағытындағы өзгерістерді өлшейтін қандай датчик? (Гироскопиялық датчик )

  12. Ультрадыбысты датчик қандай қызмет атқарады? (Қашықтықты өлшейді, нысандарды анықтайды )

  13. Датчик деген не? (Әр түрлі ақпаратты өлшеуге арналған құрал)

  14. EV3 бөлшектері неше топқа бөлінеді? (4)

  15. Электронды құрамдас бөліктерге нелер жатады? (EV3 модулі, Датчиктер. Моторлар. Байланыстырушы кабельдер.)


 Құрметті жарысқа қатысушылар: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне таяп қалды. Олай болса, топтардың әділ бағасын хабарлау үшін әділ қазы алқаларын ортаға шақырамыз.

Таң шуақ тауелсіздік елімізде,

Бақ-даулет шалқи берсін жерімізде.

Аман –сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Марапаттарыңыз құтты болсын.

              


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





































Shape1

Бағалау парағы:


1 кезең Таныстыру

(максималды балл 10)

2 кезең СУМО

1орын-10 балл

2 орын-8 балл

3 орын-6 балл

3 кезең «Ойлы болсаң озып көр»

(әр топ 10 сұрақ таңдайды максималды балл 10)

Нәтиже

Бэймакс





Валли





Аксель










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
2850
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі