400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара «Салауатты өмір-біздің болашағымыз»сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шығыс Қазақстан Облысы

Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

География пәнінің мұғалімі: Аубакирова Раушан Толеугазиновна

Сыныптан тыс іс-шара «Салауатты өмір-біздің болашағымыз»сайыс


Сайыстың тақырыбы: Салауатты өмір-біздің болашағымыз (сайыс).

Мақсаты:жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,бағалы байлық екендігін түсіндіру.Оқушылардың зиянды заттарға қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.Денесін шыңдауға ,шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы , талғампаз қанағатшыл,таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Сайыс барысында мектептің үлкен залында бекеттердің аты жазылып макеттер орналастырады,сұрақтар 1-3 ұпаймен бағаланады,жанкүйерлер жауабына 1- ұпай беріледі.

Сұрқтар 1-бекет«Емдік өсімдіктер»

1.Мысық қай өсімдікті ұнатады,ол өсімдікпен қандай ауруды емдейді?(Валериана ,жүрек ауруына ем).

2.Қандай өсімдіктің гүлін,гүл шоғырын емдік шикізат ретінде пайдаланады?(Жөке,жауқазын,календула,түймедақ,пижма,жүгері шашағы)

3.Қандай өсімдіктің тамырын едік шикізат ретінде пайдаланады?(Аир-шалғын,валериана,женьшень,түйе жапырақ,мия).

4.Қандай өсімдіктің жемісін емдік шикізат ретінде пайдланады?(Долана,итмұрын,шетен,қаражидек,қарақат,облепиха-бүрген,шәңгіш жидек,таңқурай).

5.Қандай улы өсімдіктердің емдік қасиеті бар?(Ит жидек,сасық меңдуана ,ландыш- інжугүл)

6.Моншада қайыңның сыпырғышын не үшін қолданады?(Қайыңның жапырағының фитонцидтері микробтарды жояды).

7.Бұл ағаштың жапырағынан бөлінген фитонцидтер микробты жояды,цинга ауруын емдейді,ваннада тыныштандыратын қасиеті үшін қолданады.(Қарағай).

2-бекет «Тазалық – денсаулықтың кепілі»

1.Масадан қалай сақтануға болады?(Түймедақ,қалампыр,мойыл өсімдіктерінің түтінімен сақтануға болады).

2.Аяқтың жағымсыз терлегіштерін қандай ағаштың көмегімен емдеуге болады?(Емен ағашының қабығымен).

3.Бұл өсімдіктің жемісі бет терісін ағартады , жұмсартады.(Қой бүлдірген).

4.Бұл өсідіктің шырынын йодтың орнына пайдаланады ,сүйелді кетіреді,тұнбасына шомылады, шаш жуады.(Чистотел-гүлі сары түсті өсімдік).

5.Бұл өсімдіктің жапырағы мен тамырын соғылғын,көгерген,ауырған жерге басады.(Түйе жапырақ,жолжелкен).

6.Бұл өсімдіктің жапырақтары денені күйдіреді,шырыны көптеген ауруларға ем,тұнбасымен шашты жуса шаш қалың болып өседі?(Қалақай).

7.Бұл өсімдіктің тұнбасымен шашты жуса шаш жұмсарады,сары түске боялады ,ал тері жұмсарады?(Түймедақ гүлдері)

8.Бұл өсімдіктің майымен бастың терісін сүртсе шаш түспейді,жақсы өседі?(Ошаған).

3-бекет «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды»

Бұл бекет өсімдіктердің аты мен суреті салынған суреттер ,ашық хаттар таратылады.Балалар осы өсімдіктерден дайындалатын тамақ түрлерін атауы керек.

1.Қалақай-сорпа,салат.

2.Сәбіз- салат,бәләш.

3.Емен жаңғағы мен ботқа ,жұқа нан пісіреді.

4.Бақ-бақ гүл-жапырағынан салат,тосап қайнатады.

5.Мойыл-жемісінен кисель,сусын қайнатады,бләшке қосады.

6.Жүгері-дәнінен ұн жасайды,салатқа қосады.

7.Жабайы пияз,сарымсақ-түрлә тамаққа қосады.

8.Таңөурай-тосап қайнатады.

4-бекет«Жедел жәрдем»

1.Бұраудың көиегімен қанды тоқтату.

2.Сынған жағдайда көрсетілген алғашқы дірігерлік көмек.

3.Қанды тоқтату үшін қандай өсімдікті пайдаланады?(Қалақай,ақ бас жуан)

4.Ітіндеен жараны емдеуге қандай өсімдікті пайдаланады?(Алоэ,олжелкен,календула,капуста)

5.Жүрек ұысылңанда қандай өсімдікті пайдаланады?(Ландыштың тұнбасын,валериана,сасық шөп)

6.Дененің ыстығын басатын қандай өсімдік?(Таңқурай,лимон)

7.Асқазан мен ішек жолы бұзылғанда ,қандай өсімдікті пайдаланады?(Жолжелкен,қара жидек,мойыл).

8.Күн сәулесі ,ыстық өткенде көрсетілетін дәрәгерләк алғашқы көмек?

9.Улы жануарлар шабуыл жасағанда көрсетілетін дәрәгерләк алғашқы көмек?

5-бекет«Спорт –біздің досымыз»

1.Көзге арналған жаттығуларды көрсету.

2.Гимнастикалық таяқтың көмегімен дене мүсініне арналған жаттығуларды көрсету.

3.Зейін қабілетіне арналған жаттығуларды кқрсету.

4.Денені босатыпғдем алдыратын жаттығуларды көрсету.

5.Мойынға ,иыққа,қолға арналған жаттығуларды көрсету.

1.Қысқы Олимпиада ойындарына жататын спорт түрлерін атаңыздар?(Хоккей,көркем сырғанау,шаңғы,биатлон.)

2.Жазғы Олимпиада ойындарына жататын спорт түрлерін атаңыздар?(Суға жүзу,жеңіл атлетика,футбол,велоспорт)

3.Культуризм деген не?(Дененің белгілі бір бұлшықеттерін дамыту).

6-бекет«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудң жолын ізде»

1.Қысқы мезгілде тұмаудыің алдын алудың қандай шарсын білесіздер?

2.«Лас қол» ауруларын атаңыз?(Дизентерия,гепатит,асқазан ішек жолының бұзылуы.

3.Өзен немесе көлдің бір жұтым суында қандай аурулар бар?(Тырысқақ,дизентерия,гепетит,сольмоннелез,гелльминтер)

4.Дене шынықтырумен айналысып болған соң бірден суық суды неге ішуге болмайды?(Шұғыл түрдегі салқындық тамақтың ангинасның көтерілуіне себеп болады)

5.Педикулез ауруынан қалай сақтануға болады?(Шашты жиі жуу керек,өзгенің тарағын пайдаланбай,өзгенің төсегіне жатпау керек)

6.Бөтен итке не үшін жақындамау керек?(Ішек құртын,бүргені жұқтыру қаупі бар).

7.Дене терісінің қызаруы ,қышуы,бөртпе шығуы қандай аурудың белгісі?(Қышыма ауруы,тез арада дәрәгерге қаралу керек)

8.Күн сәулесінен қалай сақтануға болады?(Күн көзінде көп жүрмеуүбас киім кию)

7-бекет «Зиянды әдеттер»

1.Ұқыпты,таза киінген адамның суреті бейнеленген плакат ілулі тұр.Плакаттың жоғарғы жағында ір сұраққа арналған суреттер жапсырылған,зиянды әдеттер туралы сұрақтарға жауап берілгенде соған сәйкес сурет алынады,соңында плакаттың өзі қалуы тиіс.

1.Темекіні тарту қиын ба?(Жоқ,қиын емес)

2.Темекіні тастау оіңай ма?(Жоқ,оңай емес)

3.Гигиена ержесін сақтамау зиянды әдет пе?(Зиянды әдет)

4.Жаман сөз айту ,көре алмаушылық зиянды әдет пе?(иә,зиянды,жаман әдет)

5.Қарындаштың ,қаламсаптың ұшын неге тістеуге болмайды?(Тіс қисаяды,инфекция түседі)

6.Неге темекі тартуға болмайды?(Түрлі ауруларға шалдығады, тіс сарғаяды,ауыздан жағымсыз иіс шығады,жөтел пайда болады)

7.Алкоголь ішімдігін ішу денсаулыққа,сыртқы келбетке қалай әсер береді?(Тамыр кеңейеді ,мұрын қызарады ,бауыр мен асқазан ауруға шалдығады,ойлау қабілеті төмендейі)

8.Адамның есірткі қабылдағанын қалай білуге болады?(Дөрекі ,арық,жүзі солғын,көзқарасы жалтақ,көзі қызыл,қарашығы ұлғайған)

9.Неге шашты жиі жуу керек?

10.Дос қызыңыз сіздің тарағыныңызды сұрайды,сіз не дейсіз?

-Тарағынызды бересіз-0 ұпай.

-Тарағыңызды бересіз,бірақ одан кейін ол тарақты жуып тазаламайынша қолданбайсыз- 1 ұпай.

-Өзгенің тарағын пайдалануға болмайтынын түсіндіріп,сыпайы түрдеқарсылық білдіресіз-3 ұпай.

11.Тырнақты неге тістеуге болмайды?(Тырнақтың астында микробтар,ішек құрттың жұмыртқасыны болуы мүмкін)

12.Жеуге жарамсыз заттарды неге ауызға салуға болмайды?(Жұтып қоюы мүмкін,таңдайды немесе ауыз қуысын жаралуы мүмкін,ауру жұғуы да мүмкін)

8-бекет«Шынықсан шымыр боласың»

Керекті құралдар:орамал,сабын,шелек,су.

1.Бетті суық сумен жуу.

2.Суық сумен белге дейін жуу.

3.Барлық денеге су құю

4.Суық суға аяқты салу.

5.Денені орамалмен ысқылау.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі