Сыныптан тыс іс-шара «Шебер қыздар» сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара «Шебер қыздар» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың рухани азығын толықтыра отырып, еңбек жайлы түсініктерін кеңейту; Міндеттері: Еңбек сабағында алған білімдерін ауызша жалпылап бекіту; Оқушылардың ойлау,елестету,шешендік қабілеттерін дамыту. Оқушылардың топта жұмыс істеуге бірлесіп,тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелей отыра этикалық әлеуетін жоғарылату
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп















Сыныптан тыс іс-шара











Тақырыбы: «Шебер қыздар» сайысы



Сыныбы: 6



Технология пәні мұғалімдері: Ишимбаева К

Абдрахманова А







Тақырыбы: «Шебер қыздар» сайысы

Жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым!
                      Бүгінгі «Шебер қыздар» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Шебер қыздар» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
               Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
               Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші!
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан аруымыз –6 «А» сынып оқушысы Жұмадулла Арайлымды қарсы алайық.
2. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің 6 «Б» сынып оқушысы Ақглекова Гүлдана
Көрінген күштің басынан.
3. Бәріміз жақсы көретін,
Жарыста демеу беретін.
Келесі біздің 6 «В» сынып оқушысы Ахметова Адина аруымыз,
Шырқап ән салып беретін
4. Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан 6 «Г»  сынып оқушысы Кемелбай Ақнұр аруымыз
Жарысты бүгін жалғапты.
5. Қуантады білімімен бізді 6 «Д» сынып оқушысы Гилманова Алена аруымыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз. Жүргізуші:  Шалқытып ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. 2. 3. 
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.    Өзін-өзі таныстыру
2.    Үй тапсырмасы (ою-өрнек, гүл, сулық бүктеу) түсіндіру 3.    Құрақ құрастыру (7 минут)
4.    Білгенге  маржан (сұрақ-жауап)
«Шебер қыздар» сайысының қатысушылары аруларымыз әділқазы  алқасының  алдынан нөмер  алады да , кезекпен  өздерін таныстырады. 
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
І кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан сұрайық. II кезең Үй тапсырмасы (ою-өрнек, гүл, сулық бүктеу) түсіндіру Ал, кімнің қолөнері бар қаншалықты,
Ою-өрнек пен гүл жасап, сулық бүктеп,
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
ІІ кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан білейік! III  кезең. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ҚҰРАСТЫРЫП КӨР» құрақ құрастыру(7 минут)

Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.  Барлық қатысушы оқушыларға бірдей 2 түсті үшбұрыштар салынған конверт беріледі. Бұл үшбұрыштардан сегізжапырақ немесе жұлдыз құрағын үшбұрышты геометриялық фигуралардан құрастырады.

Оқушылар құрақты құрастырып болғанша 6 «А» сынып оқушылары Әбу Венера мен Бешмағанбетова Ақмаралдың орындауында «Ана туралы жыр» әнін тамашалаңыздар! Келесі 6 «Б» сынып оқушысы Бұхарбай Ұлбикенің орындауында « Қазақтың ерке қызымын» әнін тамашалаңыздар! Әділ-қазылар алқасының бағаларын бергенше 6 «В» сынып оқушысы Мәдібекқызы Жанелдің орындауында «Мерекем» әнін тамашалаңыздар! ІІІ кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан білейік!
IV кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. Әділ-қазылар алқасының бағаларын бергенше 6 «Г» сынып оқушылары Мұхамедияр Қарақат, Шахмарал Інжумаржан, Кемалбай Ақнұрдың орындауында «Флешмок» биін тамашалаңыздар! Әділ-қазылар алқасының бағаларын бергенше 6 «Д» сынып оқушысы Гилманова Аленаның орындауында «Пуст всегда будет солнце» әнін тамашалаңыздар!
ІҮ кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан білейік!
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяғына жетіп қалды. Сайысты қорытындылау үшін
сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.





«Шебер қыздар» атты арулар сайысының бағалау парағы


Сыныбы

Қатысушының аты-жөні

Өзін-өзі таныстыру

Үй тапсырмасы (ою-өрнек, гүл, сулық бүктеу)

Құрақ құрастыру (7минут)

Білгенге  маржан (сұрақ-жауап)

Жинаған ұпайы


1


6 «А»


Жұмадулла Арайлым










2


6 «Б»


Ақглекова Гүлдана










3


6 «В»


Ахметова Адина










4


6 «Г»


Кемелбай Ақнұр










5


6«Д»


Гилманова Алена

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі