400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Таланттар отшашуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Таланттар Отшашуы». Онкүндіктің жабылуы, марапаттаулар

Көрнекілігі: Слайд, шарлар, безендірілген сахна, нақыл сөздер

Күй әуені естіліп тұрады.

1-жүргізуші:

Мектеп қой еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі –бәрі,

Жабылу салтанатты жиынында

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.

«Әнұран » орындалады.

2-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер,әз жандар.

Білім іздеп инеменен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

10-күндіктің жабылу салтанатында

Жабылу салтанатымыз:

2-бөлімнен тұрады

1-«Таланттар Отшашуы»

2-«Марапаттау»

1-жүргізуші:

Армысыздар  ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!

Бүгінгі концертті біз бастайық

Қошеметтеп, қол соғып отырайық!

2-жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күә тартылыпң ән салады

Қош келдіңіз  «Таланттар Отшашуы» жобасына

Ұмытарсыз 5 ай  бойғы шаршағанды, — дей  келе Құрметті ұстаздар, оқушылар  және қонақтар бүгінгі  «Таланттар Отшашуы» атты мұғалімдер мен оқушылар арасында дүлділдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!

Құттықтау сөз мектеп директоры: А.А.Мұхтарқұловаға беріледі

1 жүргізуші

  1. Жұп

Микрафонды арасында серік еткен

Сұлу сазды әндерімен тербеткен

Сегіз қырлы, бір сырлы Ғалия апай

Ілияс атты әнші жігіт жұлдызымен

Ән: Аналардың тілегі



2 - жұп

Болашаққа үмітпенен қараған,

Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,

Жас ұстаз, Назерке апай алдыңызда

Жас өнерпаз Магда сұлу қасыңызда!

Ән-би: «Кел, билейік достарым»

3- жұп

Шәкіртіне мейірлене күлімдеген,

Әдептілік әліппесін және үйреткен.

Ұстазымыз Зарифа апайды қарсы алайық,

Талантты да, дарынды оқушыларыменен

Күй: «Әлқиса» Н.Тілендиев

4 – жұп

Балалардың шығар әркез көңілінен,

Шәкірттерін мейіріміне бөлей білген

Қошеметпен Зульфира апайды шақыралық,

Бұлбұлдай әнші ару Айшаменен!

Ән: «Ардақты ұстазым»

5 – жұп

Ботадай көздері бар мөлдіреген,

Шәкіртімен үнемі бірге жүрген.

Мақпалдай апайды қошеметпен,

Қарсы алайық 4 «Ә» сынып қыздарымен!

Өзбек биі: «Нозли Гулим»

6 – жұп

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Ляззат апайдай ұстазымызды қарсы алайық,

Шәкірттері Батыр менен Дінмұхаммедпен!

Күй: «Келіншек»

7 – жұп

  Әрқашан бала үшін жанын берген

Күн-түн демей, әрдайым еңбектенген.

Эльмира апай,үлгі тұтар ұстазымыз,

Қарсы алайық -------------- оқушысымен!

1-жүргізуші. 

Қазақтың қасиетті даласында

 Думанда ауыл аймақ арасында

  Қызықтап көрермендер жиналыпты

  Қошемет көрсетуге баласына, - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен қатысушы таланттарымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Осындай той қазақ бола берсін,

Көңілдерге жақсылықтар тола берсін

Бақ-береке, дәулет, табыс, сәттілік

Әр отбасына молымен қона берсін!           

1-жүргізуші:

Ал ендеше, марапаттау

2-жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Уақыт та біраз жерге таяп қалды

Келесі кездескенше сау болыңдар

«10 күндігіміз» осымен аяқталды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі