400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. "Тіл - көңілдің айнасы" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін №17 мектеп




Сыныптан тыс іс - шара




СЫНЫБЫ: 6


ТАҚЫРЫБЫ: «Тіл - көңілдің айнасы»











Өткізген мұғалімдер: Конырова Г.А.


Алматы 2017 ж.

Күні: 22.09.2017 ж.


Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: «Тіл - көңілдің айнасы»


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тілдің қаншалықты адам өміріне маңызды екенін, тіл – қатынас құралы екенін меңгерту.

2. Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, сана сезімдерін ояту.

3. Тілді сүюге, оны құрмет тұтуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар, құрметті қауым. Сіздерді «Тілдер мерекесімен» құттықтаймын.

1998 - жылы, 20- қаңтарда Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жарлығымен 22 - қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың «Тілдер мерекесі» деп жарияланды. Сондықтан осы жылдан бастап, еліміздің барлық аймақтарында Тілдер мерекесі өткізілуде. Тіл – адамдар арасындағы қарым – қатынас құралы. Өмірде адамдар тіл арқылы бір – бірімен сөйлеседі, пікір алысады.


Анастасия: Ана тілім-

Шежірем,

Өсиетім!

Аз ба, көп пе? Білмеймін, қасіретің.

Ата - баба түгілі кейінгілер

Анасының білмейді қасиетін.


Никита: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ, желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Ирина: Ана тілі – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Анаға сәлем» оқушылардың орындауында хор

Оқушылар мақал- мәтелдерді жатқа айтады.

Өнер алды – қызыл тіл.


Тіл қаруы - сөз,

Сөз қаруы - ой.


Тіл- буынсыз,

Ой - түпсіз.


Тіл- шекер,

Бала - кетер,

Байлық - бекер.


Тіл қылыштан да өткір.


Тіл жүйріктен де озады.


Анам берген туған тіл,

Атам берген құрал тіл.


Тура жолды тіл табар


Ана тілім өзім үшін,

Өзге тіл күнім үшін.


Сөз бір күндік, тіл ғұмырлық.

Көңіл – патша, тіл –уәзір.


Тіліңмен озба,

Білігіңмен оз.


Әдеп басы – тіл.


Туған тілін білмес –

Туған анасын сүймес.


Тіл жұбатады да,

Жылатады да.

Фирузаның орындауында «Қаражорға» биі.


Оқушылардың орындауында хор «Ананың тілі».


Өмірге келдім,

Анамды көрдім.

Деді ол маған:

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырына ертіп.

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін.


Қайырмасы:

Ананың тілі

Айбыным менің.

Ананың тілі

Ай, Күнім менің

Сүйемін байтақ

Елімді туған.

Сүйемін мәңгі

Өмірді думан.




Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді:

«Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - сөздік қор - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.»

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.





«Ананың тілі».

  1. Өмірге келдім,

Анамды көрдім.

Деді ол маған:

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырына ертіп.

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін.

Қайырмасы:

Ананың тілі

Айбыным менің.

Ананың тілі

Ай, Күнім менің

Сүйемін байтақ

Елімді туған.

Сүйемін мәңгі

Өмірді думан.

2. Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім.

Тыңдадым сөзін,

Табынып, сүйіп.

Ананың тілін

Үйретті тынбай

Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

3. Көңілге көрік,

Өмірге серік,

Әсем ән мен жыр -

Қайрат, қуатым.

Сөйлесем мұңға,

Өрлесем шыңға

Ананың тілі

Асыл мұратым.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі