Тілашар
(дәстүр)
Жүргізуші:
Ата-аналар
мен ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Тілашар»
тойына қош келіпсіздер! Әр жанұяға
береке, бірлік, табыс тілей отырып,
тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бала
– біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.
Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды
«Хан баласындай нық, бидің баласындай
тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу-
бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-налардың
міндеті. Шәкірттер атаның баласы емес,
халықтың баласы болсын!
Өсті міне,
бойыңда,
Өсті міне, ойыңда.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын тойларың- дей
келе,
Енді осы тойдың иелерін және
бүлдіршінімізді қошеметпен ортаға
шақырайық.
Апа:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын бастайық! /шашу
шашылады
Ән:
Мағжан
Жүргізуші:
Тілашар
(дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу
шашады. Әр отбасы баласы
7
жасқа толған соң, мектепалды даярлық
тобына дайындайды.
Бұл да бала
өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық
елеулі кезең болып табылады. Осы күні
балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын
дайындап, шағын той өткізеді. Мұны
дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды.
Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды,
«ғалым бол» деген сияқты тілек білдіріп
бата береді. Жаңа киіміне байғазы,
тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала
өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға
құмарлығы артады. Жақын – жуық адамдар
баланың ата – анасына құтты болсын
айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
Көрініс
Апа:
Балам, біз бүгін мектепке барамыз.
Немересі:
Апа, мектеп дегеніміз не?
Апа:
Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын.
Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да,
дәрігер де бәрі де білім алған.
Ата:Тіпті
атаң да, мен де, әкең де, шешең де сол
мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие
алғанбыз. Жүре ғой, құлыным!
Тәрбиешіге
әкеп табыстайды.
Әсел:
Қуантуға
елімді,
Қуантуға жерімді.
Қуантуға
барлығын
Мен мектепке барамын.
Тәрбиеші:
Айналайын, балалар,
Сендерде
ой-сана бар .
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар.
Өсті міне
бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Тәрбиешісі
мен бала арасындағы көрініс
Тәрбиеші:
Таудай
болсын талабың,
Ашылсын
тілің, қарағым.
Оқу
сіңіп санаңа
Жарқырай
берсін қабағың
Мақтанышы
бола біл.
Ата
менен анаңның! –
деп баланы шығарып салады.
(
Ата – аналары
баланы уйге алып келеді.)
(
Барлық
қонақтар балаға сыйлықтар беріледі.)
Жүргізуші:
Барына
риза болсын көрермендер,
Байқадық
білгенді де, білмегенін.
Осымен
«Тілашарды» тамамдасақ,
Тағы үйренеміз
аман болсақ.
Құрметті ата-аналар,
ұстаздар, қонақтар. Осымен «Тілашар»
мерекемізді аяқтай келе тойымыздың ақ
батасын тыңдайық.
(Ортаға
бір ата шығады, алақандарын жаяды).
Аумин!
Керегеміз
кертілмесін
Өнегені
өрт ілмесін
Тереземіз
теңселмесін
Теріс
қылық еңсермесін
Іріткі
сөз иықтамасын
Тұрлайсыздың
тұйықталмасын
Тілекті
тәңірім қабыл ет
Шаңырағымыз
шайқалмасын
Аумин!