400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара: «Туған жердің топырағы да ыстық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған сыныптан тыс іс-шара оқушылардың санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, табиғатқа аялай қарауды қалыптастырады. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шара

М.С.Бердибекова

химия пәнінің мұғалімі

«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ



«Туған жерден, туған тіліңнен асқан қазына жоқ»

(М.Мақатаев)

Тақырыбы: «Туған жердің топырағы да ыстық»

Мақсаты: Оқушылардың бойында туған еліне, жеріне , жалпы табиғи ортаға деген ізгілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру.

Көрнекілік: Слайдтар, бейнероликтер, суреттер, туған өлке туралы өлең жолдары, мақал-мәтелдер.

Өту барысы:

1. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.

2. Қазыналы қалба (презентация).

3. «Шаттығым–Шарым» жергілікті жердің тумасы спорт шебері Ж.Құсмановтың өлеңі. Бейнеролик . (Шар қаласының бүгінгі келбеті жайлы айтылады)

4. Түсті қағаздар бойынша оқушыларды 3 топқа бөлінеді. Әрбір топ интерактивті тақтадағы тапсырмаларды бөліп алды. Әрбір топ тапсырманы орындаған соң ДЖИГСО әдісі бойынша топтарда талқылады.

1- топ- тарихшылар (Шардың тарихы)

2-топ- зерттеушілер (Туған жердің табиғаты)

3- топ- архитекторлар («Болашақтағы Менің қалам»)

Оқушылар топпен тапсырманы орындап, постер қорғады.

1-Топ: Шар өңірі- Шығыс Қазақстанның Жарма ауданына қарасты ірі аймақтарының бірі. Кешегі «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасында елін-жерін қорғаған Қонақай Жанкісіұлы, Жалғыз батыр, Итқара батыр, Қарабұқа батыр есімдері Шар өңіріне белгілі адамдар болса, ал Ұлы Отан соғысында шарлық екі азамат П.Г.Карелин, И.И.Варепа Совет Одағының Батыры атанды. Шар өңірінен елге белгілі халық ақын Төлеу Көбдіков, ақындар:К.Калиев,С.Камшыгер, халқын жыр әлеміне сусындатқан танымал адамдар.Қазақ зиялыларынан: Ә.Лекеров, И.Қазанғапов, Б.Тұрсынов- осы шар өңірінің азаматтары. Туған жерді дәріптеп, тарихын жазған ғалым – директор Қайыртай Керейбаевты Шар халқы ерекше еске алады.Сонау 1928 жылдан іргесі қаланған Шар қаласы, небір тарихи оқиғаларды бастан кешкен киелі өңір.Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменнен 153 шақырым жерде жатқан Шар қаласы Жарма ауданының ірі аймақтарының біріне жатады. Шар өңірі сонау заманнан бері төрт түлік мал өсіріп, егін салып, темір жол бойында жұмыс істеген жері құт, байлығы мол аймақ. Алты алашқа танылған арыстармен, атақтаы әнші күйшілермен, дүлділ ақындармен ел қорғаған батырларымен, шешен–билерімен , әйгілі спортшыларымен кеңінен танымал болған.

Шар өңірінің өсіп-өркендеуіне осы жерден өтетін Түрксіб темір жолының қосатын үлесі мол.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Шар паровоз шарушылығы үлкен жетістіктерге жетіп, Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл туын бірнеше мәрте жеңіп алды.

Қазіргі танда қаламыздың маңында Цемент зауыты қарқынды жұмыс атқаруда. Мұның өзі ел экономикасын дамытуда зор үлесін қосып отыр. Қаладағы төрт мектеп, аурухана, мәдениет үйі жоғары деңгейде жұмыс атқарып, халыққа білім мен тәрбие беріп және салауатты өмір сүру салтына жағдай жасауда.

Уақыт өте келе Шар қаласы жыл сайын жасара бермек.

2-Топ: Шарда туып, Шардың суына шомылып ержеткен адамға «Шар» ұғымы ерекше. Шар өңірінің табиғаты бай және әр түрлі. Сол себептен адам баласы өзіне қажетті қорек, ауа, киім, баспана, дәрі-дәрмек және басқа күнделікті өмірде кәдесіне жарайтын нәрселердің көбін табиғаттан алады. Шар орманы қорығы 1940 жылы құрылған. Қорықтың көлемі 200 га жетеді. Отырызылған ағаштар: қайың, үйеңкі, алма, қарақат, облепиха болды.

Шар өңірінің климаты тым континетті. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250-350 мм. Жазы ыстық, жылы күндер суық күнге тез алмасады.

Өңірдің барлық жерлерінде құстар кең тараған. Дала құстарынан қарға, сауысқан, бозторғай, жабайы көгершіндер, үйрек, т.б. түрлері кездеседі. Өлкенің жануарлар дүниесі әр түрлі. Қасқыр, түлкі, суыр, саршұнақ, қосаяқ мекендейді. Бұталы шөптесін өсімдіктер алқабында қояндар да көп тараған.

Шар өңірінде 48-ден астам жабайы өсімдіктер түрлері кездеседі. Біздің жеріміз сортаң, қызыл топырақты, жері жазық, далалы аймақ. Ағаштардан: ақтерек, көктерек, қарағаш, қайың, дала өсімдіктерінен: қараған, жусан, итмұрын, өгейшөп, жолжелкен өсімдіктері таралаған. Бұталардан: долана, мойыл, шырғанақ, тал түрлері, су қойма өсімдіктерінен: ши, қамыс түрлері кездеседі. Дәрілік шипалы қасиеті бар өсімдіктерден қалақай, өгейшөп, бақбақ, жусан, мыңжапырақ, т.б. түрлері кездеседі.

3-топ : Оқушылар өздері дайындаған жоспар бойынша болашақта Шар қаласының құрылыс макетін ұсынды. Онда қаланың ортасында орналасқан субұрқағы мен әсем гүлзарлар және жайқалған жасыл желекпен көмкерілген «Денсаулық» саябағы, тарихи ескерткіштер, сыртқы ортаға зиянсыз мұржалары бар кәсіпорындар, салауатты өмір салтын дәріптеуші спорт комплестері, бассейн, футбол, хоккей алаңдары, ірі мәдени орталық және кешенді мектептер бейнеленген. Олар осы құрылыс нысандарының әр қайсысына барынша жан-жақты сипаттама беріп, болашақ ұрпақтың толыққанды білім мен тәрбие алуына өздерінің де қосар үлесі зор екендігіне сенім білдірді. Ол үшін қазіргі заман талабына сай жан-жақты білім мен тәрбие алып, еліміздің болашағы білімді жастар деген қағиданы ұстанып, туған жердің өркендеп дамуына өз үлестерін қосып, ат салыспақ.

Қорытынды сөз.

Шығысыма шырай берген

Шарым кие- бесігім.

Шаттық құйған жүрегіме,

Қымбат маған есімің.- деген жерлесіміздің өлең жолдары туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, бойға қуат, ерекше патриоттық сезім құятындай.

Бүгінде Шар қаласы- Жарма ауданының іргелі аймақтарының бірі. Күннен күнге қаламыз көркейіп жасыл желектенуде. Енді қаланы одан әрі дамытып, ірі қала санатына қосуға үлес қосатында , тың идеялар беретіндер сендер. Сондықтан да дамыған еліміздің білімді азаматтары- қаламыздың болашақ өмірі сендердің қолдарыңда.



Кері байланыс орнату. Қатысушылар өткізілген іс-шара туралы ойларын білдіріп, стикерлерге тілектерін жазды.



Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы Шар қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі