15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс іс шара:"Білгірлер сайысы"
Сабақтың тақырыбы: «Білгірлер» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, пән бойынша білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу;
Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі «Зерделілер» атты сыныптан тыс іс-шараға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызға 7 сынып оқушылары қатысып отыр.
Сайыс сабағымызды бастамас бұрын сайысқа қатысушы оқушыларды 2 топқа бөліп алайық. Әр топ өздеріне лайықты ат қою керек.
Сайыс бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1.Алдын ала берілген атаулар. Бұл кезеңде тақтаға бірнеше атаулар ілінеді.Әр топ кубикті айналдыра отырып,жоғары түскен сан бойынша сұрақтарға жауап береді. Екі топ кезектеседі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Әр кезеңнен соң ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығып отырады.
ПРОКАРИОТТАР,МИКОРИЗА,ПАРАЗИТ,ГОММОЗ,МИКОЛОГИЯ,МИКРОБИОЛОГИЯ,ФОТОСИНТЕЗ,ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАР.
2.Сандар сыр шертеді. Тақтаға ілінген сандар ұпайларды білдіреді.Ол сандардың астарында биология ғалымдары туралы сұрақтар берілген.Өз қалауларың бойынша сан таңдап,2 топ кезектесе отырып,келесі беттегі сұрақтарға жауап бересіздер. (Әрбір толық жауапқа 10 ұпай).
20 ұпай.Жасушаны ең алғаш көрген кім? (Р.Гук)
20 ұпай.Жүйелеудің негізін қалаған ғалым. (К.Линей)
20 ұпай. Химияда элементтердің периодтық жүйесін жасаған. (Д.И.Менделеев)
30 ұпай. Барлық жануарларды омыртқалы, омыртқасыздар деп 2 үлкен толпқа бөлген ғалым. (Ж.Б.Ламарк)
30 ұпай.Фотосинтезді ашқан ғалым. (А.Тимирязев)
30 ұпай.Қазақстанның эндемик жануары жалманды тапқан Қазақстандық ғалым.
(В.А.Селевин)
40 ұпай. Гектарына 165-175 центнерге дейін түсім жинаған әйгілі қазақстандық тары өсіруші кім? (Шығанақ Берсиев)
40 ұпай.Әр гектардан 174 ц күріш алып рекорд жасаған күрішші.
(Ы.Жақаев)
40 ұпай. Темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашқан ғалым кім?
(Д.И.Ивановский)
3.Бинго «Биология» Бұл кезеңде оқушылар топта ақылдаса отырып,берілген анықтамалардан не айтылғанын тауып алу керек.Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1топ Бинго «Биология»
Ұзақ уақыт бойы қатар тіршілік етіп,бір-біріне өзара әсер ететін алуан түрлі ағзалардың және жансыз табиғат факторларының тұрақты жиынтығы Жауабы:Экожүйе
|
Ең үлкен экожүйе
Жауабы: Биосфера |
Адам жасаған барлық жасанды экожүйелер аталады.
Жауабы: Агроценоз |
Сирек кездесетін,саны азайып бара жатқан және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері туралы мәліметтер бар негізгі құжат болып табылады. Жауабы: Қызыл кітап |
Бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі Жауабы: Жүйелеу |
Көптеген жасушалардан түзілген ағзалар
Жауабы: Көпжасушалылар |
Жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық, яғни ішкі ортасы.
Жауабы: Цитоплазма |
Өсімдік жасушаларына түс беретін органоидтер.
Жауабы:
Пластидтер |
1 грамы ыдырағанда 38,9 кДж энергия түзіледі.
Жауабы: Майлар |
Ағаш сабағының ең қалың әрі қуатты қабаты.Одан тақта, жихаз жасайды. Жауабы: Сүрек |
Сору аймағында сіңірілген заттардың сабаққа қарай өтуін қамтамасыз ететін аймағы. Жауабы: Өткізу аймағы |
Оттексіз тіршілік ететін ағзалар.
Жауабы: Анаэробтар |
2топ Бинго «Биология»
Экожүйелердің біртіндеп ,уақыт бойынша ретті ауысымы Жауабы: Сукцессия |
Ең үлкен экожүйе
Жауабы: Биосфера |
.Бұл жерде адамдардың жаппай демалуына, аң аулау,балық аулау,орман ағаштарын кесу ,мал жаю,шөп шабу,жидектер мен саңырауқұлақтар жинау,пайдалы қазбалар өндіру сияқты іс-әрекеттерге тыйым салынған. Жауабы: Қорық |
Ядросы бар ағзалар Жауабы: Эукариоттар |
Бір жасушадан түзілген ағзалар Жауабы: Біржасушалы |
Жасушаның маңызды бөлігі,көбеюді жүзеге асыратын,жасуша тіршілігін басқаратын органойды Жауабы: Ядро
|
Жасуша шырыны деп аталатын,қысымды реттеп тұратын органоид.
Жауабы: Вакуоль |
1 грамы ыдырағанда 17,8 кДж энергия түзіледі.
Жауабы: Нәруыздар |
Ағаш сабағының негізгі қор жинаушы қабаты Жауабы: Өзек |
Топырақтағы еріген заттарды суды сіңіруге жауапты аймағы. Жауабы: Сору аймағы |
Оттекпен тыныс алатын және оттексіз тіршілік ете алмайтын тіршілік иелері
Жауабы: Аэробтар
|
Қарапайымдарда бөліп шығаруды жүзеге асырады
Жауабы: Жиырылғыш вакуоль |
Сергіту сәті:
4. «Тез құра!» кезеңі. Бұл кезеңде биологияға қатысы бар сурет қиындылары берілген.Әр топ тез, әрі шапшаң құрап шығу керек.
5.Қызықты сұрақтар. Өсімдік және жануарларға байланысты қызықты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1. Барлық әйелдер үшін мысал бола алатын белі жіңішке жәндік?(құмырсқа)
2. Керемет секіретін бұл жануардың құйрығы тепе-теңдікті сақтауға қажет, ол қандай жануар?(кенгуру)
3.Оның құйрығы жазда сұр түсті, ал қаста ақ түсті болады? (қоян)
4.Бұл алып жануардың тұмсығы құйрығынан ұзын болады? (піл)
5.Жыртқыш
өсімдік (шыбынжұт)
6.Ең
тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
7.Ең
ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
8.Жапырағы
түгел тікенекке айналып кеткен
өсімдік (кактус)
9.Сүтқоректілердің қайсысы бір көзін ашып ұйықтайды? (Дельфин)
10.Жылбасы болған жануар? (тышқан)
6. «Есте сақта,шапшаң жаз» ойыны. 2 топқа бір уақытта 32 сөз тез оқылып шығады.Қай топ есте сақтап сөзді көп жазады сол топқа сонша ұпай қосылады.Қарлығаш,алмұрт,өсімдік, қоян,тоқылдақ,тырна,мысық,кенгуру,арыстан,микроскоп,тамыр,түйе,бактерия,аққу,тауық,түймедағы,вирус,ми,жүрек,қайың,елік,қасқыр,раушан,сиыр,қолтырауын,кит,маймыл,бұғы,аю,адам.
7.Рефлексия. «Алма ағашы» оқушылар өз көңіл күйлерін білдіріп түрлі түсті алмалар іледі.Қызыл алма-тамаша. Жасыл алма-орташа. Сары алма-төмен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген