жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Қыз өнерімен көрікті» сайысы
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің көркем еңбек пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл
Сыныптан
тыс іс-шараның тақырыбы: «Қыз
өнерімен көрікті»
сайысы Жүргізуші:
Құрметті
жиналған қауым!
Бүгінгі «Қыз
өнерімен көрікті»
атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына
жарасқан күлкі әлемі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға
тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік
тілейікші! Енді
ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
№1
аруымыз Ақзерені
қарсы алайық.
№2
аруымыз
Райхан
№3
аруымыз
Сағдиана
№4 аруымыз
Арайлым
№5 аруымыз
Ақерке №6
аруымыз Жанерке
№7 аруымыз Динара
№8 аруымыз Ақерке
№9 аруымыз Фатиха
№10 аруымыз
Жүргізуші:
Шалқытып ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы
алқасымен танысайық.
1. Мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
2. Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
3. Музыка пән
мұғалімі
Сайысымыздың кезеңдерімен
таныс болыңыздар.
1. Өзін-өзі
таныстыру 2. Көйлек
жасау (пакет, түрлі түсті қағаз, жапырақ,
бисер, моншақ, т.б.)
3. Өз
өнері 4. Үй
тапсырмасы (салат әзірлеу) түсіндіру
5. Қалта
тігу (7 минут)
6. «Мақал
–сөз мәйегі» (мақал-мәтелді
жалғастыру) 7.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою
ою) «Шебер қыздар» сайысының
қатысушылары аруларымыз әділқазы
алқасының алдынан нөмер алады
да , кезекпен өздерін таныстырады.
I
кезең.
Өзін-өзі
таныстыру
Гүл көңілің
қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын
нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой
әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы
өзіңді. І
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
сұрайық.
II
кезең
Көйлек
жасау
(пакет, түрлі түсті қағаз, жапырақ, бисер,
моншақ, т.б.)
Сымбатына
сән киім жарасатын,
Аспандағы
айменен таласатын.
Өнеріне
сәні сай келіп тұрған,
Аруларға
қызығып қарасын деп,- бұл сайыста қыздар
өз қолдарынан шыққан қиял - ғажайып киім
үлгілерін киіп, сән үлгілерін көрсетеді.
ІІ
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
қатысушылардың бағаларын бергенше
орындауында әнін тамашалаңыздар!
ІІ кезеңнің бағасын әділ-қазылар
алқасынан білейік!
ІII
кезең
Өз өнері
(ән, би, өлең оқу)
Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрлі
ой салар,
Әнді сүйсең,менше сүй.
ІІІ
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
сұрайық.
ІҮ
кезең
Үй
тапсырмасы
(салат әзірлеу) түсіндіру
Әділқазылар
алқасы
Дәм
татыңыз, көріңіз
Ас
болсын деп тілеймін
Әділ
баға беріңіз ІҮ
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
қатысушылардың бағаларын бергенше
орындауында әнін тамашалаңыздар!
ІҮ кезеңнің бағасын әділ-қазылар
алқасынан сұрайық
Ү кезең.
Қалта тігу
(7 минут) Шебер
қыздар мата жайса,
Он
саусағы майысып.
Тігін
тігер, тоқу тоқып,
Бәрі
іскер, бәрі ұста. Ү
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
қатысушылардың бағаларын бергенше
орындауында әнін тамашалаңыздар!
VІ
кезең.
«Мақал
–сөз мәйегі»
(мақал-мәтелді
жалғастыру) Ақылдылық
қыздарға жарасады,
Көзі
ашықпен бәрі де санасады.
Келесі
мақал-мәтел жалғастыру сайысында
Сыналар
білімі мен парасаты – дей отырып,
әділ-қазы алқасының алдынан кезекпен
парақшаларды алып, мақал-мәтелді
жалғастырамыз.
ҮІ
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
қатысушылардың бағаларын бергенше
орындауында әнін тамашалаңыздар!
ҮІ кезеңнің бағасын әділ-қазылар
алқасынан білейік!
ҮІІ
кезең
«Ою
ойғанның ойы ұшқыр»
(қағаздан ою ою) Ал, кімнің
қолөнері бар қаншалықты,
Ою-өрнек ою
жасап,
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар
аянбай-ақ жан салыпты.
ҮІІ
кезеңнің бағасын әділ-қазылар алқасынан
қатысушылардың бағаларын бергенше
орындауында әнін тамашалаңыздар!
Жүргізуші:
«Қыз
–ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың
аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі
мен қымбаттысы, даламыздың гүлі,
өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз
сайыста,
Жетелейді алысқа
Бүгінгі
күннің жеңісі,
Дос болып қалуда.
Баршаңызды
құттықтай отырып, құт –береке тілей
отырып, сайысымызды аяғына жетіп қалды.
Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі
әділқазыларға беріліп, жеңімпаздар
мақтау қағаздарымен марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген