Материалдар / Сыныптан тыс жоспар "Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жоспар "Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың."

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жерге арналған өте тиімді сабақ. неге десеніз Ұлттық құндылығымыз туған жерімізге арнап өлеңдер оқып, сурет сабалып екі бөлек саланы байланыстырып оқушылардың жан жақты болуға икемдеу ол казіргі жана заман талабына сай болып табылу үшін маңызды болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2018
1185
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы

56 мектеп-лицейі

Токенова Жулдыз Жомартовна


Тақырыбы: Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың.


Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.

І.Кіріспе: 
( М. Беспаев Туған жер) - Балалар, бір сәтке барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді болашақта басқа елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші.

Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар.

-Сонда көз алдарыңа не елестейді? 
- Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның иісі келе бастайды. 
- Неге ең бірінші топырақ ойларыңа келді?
- Жер деген сөзді топырақпен байланыстырдым.


Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың» атты болмақ. 
Енді үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген.
- Біз оның нәтижесіннен көрме жасадық. Осының ішінен ең үздік шағын шығарманы оқып береміз (__________________________)
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.

________________Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын. 

___________
Өлең жолдары 
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған ел
Отан – ана
Отан үлкен
Қазақстан деген жер!

_______________ Отан деген – ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл. 

-Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, 

-Көп аузынан түспейтін 
Отан деген немене? 
Оның тұлға түс кейпін, 
Достым, білгің келе ме? 

-Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.

-Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.




Мақал-мәтелдерді аяқта
Ел мен (жер) егіз
Туған жер - тұғырың,
(Туған ел) – қыдырың.
Ел қадірін көрген біледі,
(Жер) қадірін жүрген біледі.
Адам (елінде) көгерер,
қоға көлінде көгерер.
Туған жердің күні де (ыстық), түні де (ыстық).
Ел болам десең, (бесігіңді) түзе.
Отан – елдің анасы,
Ел – (ердің) анасы.
Туған жердей (жер) болмас,
Туған елдей (ел) болмас.
Отанды сүю – (от басынан) басталады.

«Туған жер» атты бейне баянға кезек берейік!

Балалар, осы сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз. 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын – «Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың.»
– деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек.

-Рахмет, балалар! Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!