жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Көкпар» математикалық ойыны.
Мақсаты:
Қазақтың салт-дәстүрін еске түсіріп, математика пәнінен білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды рухани жаңғыру бағытында тәрбиелеу, халықтың мұрасын жан-жақты түсіне білуге үйрету.
Түрі: топтық сайыс
Әдісі: ойын түрінде
Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер, суреттер.
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін матеатика, сондықтан да оны оқу керек»
«Математиктердің өзіне ән тілі бар, ол формула» /С.В. Ковалевская/
Жоспары:
Таныстыру, сәлемдесу рәсімі.
Бапкерлер жарысы
Шабандоздар жарысы
Көкпар
Дода
Тақым тартыс
Салма көкпар
Жанкүйерлер жарысы
Сарапшылар пікірі.
Барысы :
Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн
Талай талант сенде шыңдалып, сенде өсті.
Талай ғылым, сенен алды бастауын.
Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Ұлы даламыздың бізге қалдырған мұрасы – ұлттық ойынымыз көкпарды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көкпар тарту – сайыс. Бұл қазақтың ұлттық ойыны. Көкпарда екі команда тартысқа түседі. Әр ойыншы көкпарға берілген серкені ат үстінен іліп алып, белгілі бір мәреге немесе сыйлы үйге әкеліп түсіреді. Осылайша сый алуды мақсат етеді.
Абай атамыз, Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпағанмен, білімімізді жарысқа саламыз
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім,терең ой сыналады.
Баға берер төрешілер ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады. – дей келе бүгінгі көкпар ойынына өз төрелігін беретін төрешілермен таныссақ.
1. Таныстыру, сәлемдесу рәсімі.
Адам алып, таңғажайып ісімен.
Көкпар ойын, ой тастаған түсімен
Зерделілер заманды алға жылжытсақ.
Математикалық заңдылықтар күшімен.
Көкпарға қатысатын 3-4 сынып оқушыларынан құралған «Тұлпар» және «Сәйгүлік» топтарын ортаға шақырып, топ мүшелерінің таныстыруына кезек берейік.
Тұлпар тобы: Шақырып жарыстарға сан - салалы
Тұлпарлар топ жарғалы жар салады
Ту етіп достық пенен татулықты
Сәйгүлік командасын қарсы алады.
Сәйгүлік тобы: Құрметтеп тұлпарлады ой - саналы
Сәйгүлік сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
2. Бапкерлер сайысы.
- Балалар, көкпар ойынын өткізу үшін басталған аттар және шабандоз жігіттер болуы керек.Ал баптаушыны бапкер деп атайды.Топ жетекшілерін «Бапкер» деп атаймыз.Олай болса ойынымыздың келесі кезеңі бапкерлер жарысына көшсек.Қай топтың бапкері есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұлпарлары жақсы бапталған болады.
346 + 213= 621 + 245=
5 ц 65 кг =__ кг. 4 ц 42 кг =__ с.
4 мин 7 с =__ с. 6 мин 4 с = __с.
38 дм =__ м __ см. 42 дм =__м__см.
40 • 3= 30 • 5=
3.Шабандоздар жарысы.
Алашына атымен әйгілі кім?
Алып келген бәрі де сәйгүлігін
Тұлпарлар да келіп тұр жер тарпыған
Қай шабандоз озады осы бір күн.
Шабандоздар қалай шыныққан екен соны байқайық.(Екі топтың шабандоздары мақалдардан постер құрап жарысады.)
«Тұлпар» тобына:
2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5)
100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
6)
Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға
азық ал.
«Сәйгүлік» тобына:
Бір тал кессең, он тал ек.
2) Бес саусақ бірдей емес.
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.
5)
Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
6)
1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
4.Көкпар.
Құлагерін ел қалай елемесін!
Көлік мінсең гүл‑жырға бөленесің.
Қоздырады ат жарыс мына жұртты
Сол секілді жұрт аттың делебесін.
Балалар, көкпар тартысты бастайық. Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол бірінші қазандыққа салған болып есептеледі.
Бір тонна мақта ауыр ма? Бір тонна темір ауыр ма? (тең).
Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? (0).
1 м‑ де неше см бар? (100).
62 нешеге тең? (36).
4 қойдың неше аяғы бар? (16).
Сағаттың 4/1 бөлігінде неше минут бар? (15 ).
Айдар өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді.Айдардың туған күні қашан? (29 ақпан).
Ең кіші төрт таңбалы сан неше? (1000).
Қандай санды бір‑біріне көбейткенде олардың нәтижесі екі санның қосындысына тең болады? (2*2=4 2+2=4).
Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (жүз 100, он 10).
5. Дода.
Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады.Ендеше 2 топ додаға түссін. Берілген жұмбаққа кім бұрын жауап берсе, сол серкені іліп алды деп есептейміз.
Жоқ өзінде бас та, қол да, мойын да
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш).
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта
Теңселіп, тербеледі адам соқса
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. (домбыра).
Егіз қайың
Бой бастары тең өскен.
Іске дайын
Бұтақтары бес‑бестен. (қос қол).
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап. (икс).
Қос құлақты жүз тісті
Жүзінен бірақ іс түсті. (ара).
Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер. (8 саны).
Екі қатар тал шыбық
Күндіз алыстайды, қабыспайды
Түнде қабысады, жабыспайды. (кірпік).
Бір санға өсірді, өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді. (сынып).
Жаңылмасам жетеуі
Кезек қызмет етеді. (апта).
6. Тақым тартыс.
Ең мықты деген жігіттердің жекпе жегін тақым тартыс дейді.Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқалдарына қарата айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады.
Тоғыз ұяшық берілген. Тоғыз ұяшықтың әрбірін таңдау арқылы өздеріңе ұпай жинайсыңдар. Әр ұяшықтарда логикалық есептер жасырылған. Егерде сұраққа жауап бере алмасаңдар, келесі топтың мүшелері жауап беруге болады, ұпай саны жауап берген қосылады.
Оң жақтағы 10. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )
Ортадағы 10. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)
Сол жақтағы 10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. ( 33 асығы бар )
Оң жақтағы 20. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ?( тең )
Ортадағы 20. Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады? (144 теңге)
Сол жақтағы 20. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады ? ( 6 кг )
Оң жақтағы 30. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )
Ортадағы 30. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )
Ортадағы 30. « Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ? ( 1 сағат 43 минут )
7 .Салма көкпар.
Салма көкпарда аты мықты шыққан жігіттер өнерлерін көрсетеді екен.Олай болса , мына қызықты есепті шешу арқылы өз білімдерін ортаға салсын.
(1 + 2 ) : 3 = 1
1 2 : 3 : 4 = 1
(1 2 - 3 - 4) : 5 = 1
1 • (2 + 3 - 4 + 5) : 6 = 1
8 .Жанкүйерлер жарысы.
9.Сарапшылар пікірі.
Жабылары шаң жұтып, өліп – талды,
Жүлдегерлер көмбеге келіп қалды.
Суырылып Құлагер шыға берді.
Кімдер қалды? Кім озды? Анықтаймыз.
Сарапшылар пікірі.
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
Қорытынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген