Сыныптан тыс жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
биеші: Баймағанбет А Тақырыбы: «Дәрумендер-денсаулық кепілі» Сабақтың мақсаты: Дәрумендер пайдасы. Пайдалы дәрумендерді қандай тағамдардан аламыз. Тамақтану тәртібі мен оның пайдасы туралы негізгі түсінік қалыптастыру,тағам құрамымен- дәрумендер, дәрменді заттар туралы түсінік беру. : Оқушылардың алған білімдерін, ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ағза үшін дәрменді заттардың маңызын ұғындыру. Әдісі: Ой бөлісу. Түрі: Сыныптан тыс жұмыс. Көрнекілігі: Суреттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 09.10.2020жыл

Тобы: «Қыздар» тобы

Тәрбиеші: Баймағанбет А

Тақырыбы: «Дәрумендер-денсаулық кепілі»

Сабақтың мақсаты: Дәрумендер пайдасы. Пайдалы дәрумендерді қандай тағамдардан аламыз. Тамақтану тәртібі мен оның пайдасы туралы негізгі түсінік қалыптастыру,тағам құрамымен- дәрумендер, дәрменді заттар туралы түсінік беру. : Оқушылардың алған білімдерін, ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ағза үшін дәрменді заттардың маңызын ұғындыру.

Әдісі: Ой бөлісу.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: Суреттер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезені: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл- күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.

Кіріспе: Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. «Дені сау ұрпақ-мемлекет байлығы» - деп Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз айтып кеткендей. Денсаулық зор байлық, сондықтан да біз өз денсаулығымызды күте білуіміз керек.Міне осы мақсатта біз бүгінгі дәрумендерге байланысты «Дәрумендер-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Дені сау, адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі үшін өз үлесімізді қосу үшін балалар,сендер не істеулерің керек? Денсаулығымыз мықты болу үшін не істейміз? -Салауатты өмір салтын сақтауымыз керек

Негізгі бөлім. Тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады.Сол үшін де тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлген жөн. Ал бірыңғай құнарсыз тағамдарды тұтыну - дәруменнің жетіспеушілігін туғызады. Егер тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, соның салдарынан адам түрлі ауруға тез шалдығады екен. Дәрумендер - адам ағзасы үшін өте қажетті биологиялық белсенді зат болып табылатынын, олар ағзаға күнделікті ішіп-жейтін тағамдар арқылы берілетінін білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін дәрумендердің өзінен сұрап өтейік

Витаминдер тірегің

АВСДЕ деп аласың

Жетіспесе бір оның

Ауырып сен қаласың

А дәрумені

Мен болмасам егерде

Көзің жақсы көрер ме?

Жетіспесе ағзаңд

Бойың биік өсер ме?

Мен сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездесмін. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б.

Д дәрумені

Мен жетіспей қалғанда

Мешел болып өсерсің

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтерсің


Мен жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына боламын.Сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектесемін.

Балалар, жалпы, әр адамның денсаулығы үшін дәрумендердің алар орны ерекше екен. Сол себепті, құнарлы тағамдарды көбірек жеген дұрыс. Ал дайын дәрумендерді пайдаланғанда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

Қорытынды:

Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. . Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі. «Бірінші байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тексерілді_____________________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2020
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі