400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Үздік жас маман байқауына арналған сыныптан тыс жұмыс. Жас мамандарды әдістемелік шеберлікке баулу мақсатында тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  « Үздік жас маман »


Мақсаты:  Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.


Міндеті: Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашылық талантты педагогтарды анықтау.

Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау



І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2021 » жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.



І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз
.

Жүргізуші:Ендеше сайысқа қатысушы жас мамандардың кезек сандарын алуы үшін әділқазылар алдына шақырамыз.


№1 сайыскеріміз –Қуанышова Айдана

№2 сайыскеріміз –Уренбаева Жадыра

№3 сайыскеріміз – Аханов Нұрсұлтан

№4 сайыскеріміз –Сәулебаев Нұрсұлтан

№5 сайыскеріміз –Алиакбарова Назерке

№ 6 сайыскеріміз- Мұқанов Жанарыс

№7 сайыскеріміз -Махмудұлы Нұрбол

№8 сайыскеріміз- Ахметқалиев Досхан

№9 сайыскеріміз - Кәдірбек Айткүл

№10 сайыскеріміз- Сейдалиева Әлия

№11 сайыскеріміз- Қайырбекова Нұрила

№12 сайыскеріміз- Тынысхан Нұрсана


Жас мамандарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
 Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Жүргізуші: Бірінші кезеңіміз «Эссе Білікті маман –Ел тірегі »

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Бейне сабақ»

Жүргізуші: Үшінші кезеңіміз «Өз өнерін көрсету»



1.Жүргізуші: 

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін –   деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз ортамызда





Қорытынды:



І.Жүргізуші:

Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.


Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 шілде
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі