сыныптан тыс жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
5-6 сыныптарға арналған Жаратылыстану білгірлері атты сайыс сабақ. Мұғалімдерге апталық немесе оқушылар арасында сайыс өткізгенде пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Сынып: 5- 6 Күні: 23.01.2020 ж


Тақырыбы: Жаратылыстану білгірлері

Мақсаты: Оқушыларға табиғат ерекшеліктерін ұғындыра білу, табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Табиғатты аялап қорғауға, әсемділігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : сайыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.

ІІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

Сайыс кезеңдері:

1.«Тосын сұрақ-тапқыр жауап» (сұрақ-жауап.)

2. "Полиглот"(жұмбақтың жауабын тауып, үш тілде айту)

3. «Тез ойла-көп ойла» (берілген сөзден бірнеше сөз шығару)

4. «Адасқан әріптер» ойыны.


Мұғалім:Ал, қанеки қаралық,

Мына жақта жаналық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Білгірлердің елінде.

Жаратылыс тілінде

Тапсырманы шешіп, жарысып

Шабыттасып, шалқысып

Көңілді кеш жасайық.

Құрметт ібалалар, ұстаздар! Бүгін бізде 5 - 6 сынып оқушылары аралығында өткелі тұрған «Жаратылыстану білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз.

Ең алдымен сайысқа қатысушы топтармен танысып алайық.

Тұлпар: Шахизада, Еркеназ, Мәди

Сұңқар: Анель, Элиза, Азамат
Сайыстың әділ бағасын беретін әділ қазыларды сайлап алайық.

1.

2.

І - кезең «Тосын сұрақ-тапқыр жауап».

І топқа

1.Жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі? (Күн)

2. Дүниежүзінде неше мұхит бар және оларды ата? (4. Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиттары)

3.Дүниедегі ең кішкентай құс?(Колибри)

4.Біздің галактикамыз қалай аталады?(Құс жолы)

5.ҚР - ның ғарышкерлерін ата (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А,Айымбетов)

6.Жанғыш пайдалы қазбаларды ата (Мұнай, газ,көмір)

2 топқа

1.Адамша сөйлей алатын құс? (Тотықұс)

2.Жыл мезгілдері жайлы өлең жазған ақын?(Абай Құнанбаев)

3. Жер бетінде неше материк бар және оларды ата (6. Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида)

4. Жердің жалғыз серігі? (Ай)

5.Жердің су қабаты? (Гидросфера)

6. Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар?(Жер)


ІІ. «Полиглот» жұмбақ жарыс. Жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан

І топқа

1. Үй үстінде алтын тас,Алайын десем табылмас. (Жұлдыз, звезда-star )

2. Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап, книга,book)

3.Жылт-жылт еткен,Жылғадан өткен. (су,вода,water)

4.Суда жүрсе күлімдейді,Судан шықса өлем дейді (балық- рыба-fish)


ІІ топқа

1. Ағашта оның мекені, Қозғасаң түсіп кетеді (алма, яблоко, apple)

2. Қысқы ұйқыға жататын ірі жануар (аю – медведь- bear )

3.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн, солнце, sun)

4. Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа, воздух, air)

ІІІ. «Тез ойла-көп ойла» (берілген сөзден 1минут ішінде бірнеше сөз шығару)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


ІV. "Адасқан әріптер". Әр командаға адасқан сөздер беріледі. Солардың дұрыс жауабын табу.

р ы а т л ы с т а н а ж у-жаратылыстану

ф я у и з и д ф-диффузия

о л Ш н п а – Шолпан

а р е ф с о м т а –атмосфера


я т р а с м н о о и - астрономия

а л о м е у к л - молекула

е р у М р и к й - Меркурий

т р о л е ф с и а - литосфера



Қорытынды:Міне, сайысымыз да мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің бағасын есептеп әділ бағасын беру үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. Әділ қазыларымыз жеңімпаз топты анықтағанша әр топ әсем табиғатымыздың қастерлі бөлшектерін қасиетті тіршіліктерін тілге тиек етіп бір-бірімізге жақсы тілек айтып ойын ойнайық.

























Ж А Р А Т Ы Л Ы С Т А Н У
















Ж А Р А Т Ы Л Ы С Т А Н У


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2021
1212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі