Сыныптан тыс жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Үздік информатиктер" Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру; Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату; Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу. Түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, бетшелер. Қатысушылар: 9 сынып оқушылары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Үздік информатиктер"

Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын

білуге тәрбиелеу.

Түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, бетшелер.

Қатысушылар: 9 сынып оқушылары.

Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып "Үздік информатиктер" атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.



Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Сайысымызға қатысушы топтармен таныс болайық (екі топ өздерін таныстырады).

1 топ: «Тапқырлар» тобы

2 топ: «Ақылдылар» тобы

Бүгінгі сайысымыз 6 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз. Слайд шоу

1-тур. «Бәйге»

2-тур. «Жеті жұмбақ»

3-тур. «Тіл-өнер»

4-тур. «Ғажайып алаң».

5-тур. «Қиял әлемі».

6-тур. «Жорға».

1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 10 сұрақ беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)

1. Аталған байттар тізбегі? (файл*, байт, диск)

2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (принтер, сканер*, модем)

3. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (тышқан, пернетақта*, микрофон)

4. Компьютердің ақыл – ойы? (Монитор, процессор*, камера)

5. Мәтін дегеніміз не? (Есептер, Кестелер, Жолдар тізбегі*)

6. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Архивтеу, антивирус*, оперативті программа)

7. Меңзердің алдындағы символды кетіретін перне (Enter, Delete*, пробел)

8. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел*, enter,capslock)

9. Көзден компьютерге дейінгі арақашықтық қанша болуы керек? (40-50см, 10-15cм, 55-65см*)

10. Ғалымдардың деректері бойынша ақпараттың 81% -н қай сезім мүшесі арқылы аламыз? (есту,иіскеу, көру*)



Келесі кезең:

2 - тур. «Жеті жұмбақ»

Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай топ шешсе сол 10 ұпайға ие болады.

Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)



Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)



Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)



Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)



Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)



Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)



Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)



3-тур. «Тіл-өнер»

Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 15 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан топқа 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

1. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)

2. Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)

3. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)

5. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік. (қате, ошибка, error)

6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, landuade)

7. Батырмалы енгізу құрылғысы. (пернетақта, клавиатура, keyboard )

8. Жойылған құжаттар сақталатын қап. (себет, корзина, basket )

9. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

10. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер. (ақпарат, информация, information)

11. Сурет салу құралы – (қарындаш, карандаш, pencil)

12. Windows дегеніміз не? (Операциялық жүйе, операционная система, operation system)

13.Қажет емес символды алып тастау пернесі – (алып тастау, удалить, delete)

14. Үйдің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер болып табылады ОЖ. (терезе, окно, Window)

15. Ctrl+C пернесінің қызметі. (көшірмелеу - копировать - Copy)



4-тур. «Ғажайып алаң».

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.

(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)



30 (оң) жақтағы – WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск =>все программы =>стандартные =>WordPad)

30(ортадағы) – Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск => все программы => стандартные => Paint)

30 (сол) жақтағы –Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. (бит,байт, килобайт, мегабайт, Гегабайт, Терабайт)

40(оң) жақтағы –Дербес компьютерлерге қандай компьютерлер жатады? (үстел үсті компьютері, алып жүретін "ноутбук", алақан компьютері)

40 (ортадағы) – Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)

40 (сол) жақтағы – Бірінші электронды машина (ENIAC)

50(ортадағы) – Мәтінді теруге арналған бағдарлама. (WordPad мәтіндік редакторын)

50 (сол) жақтағы – Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.(Ақпарат)

50 (ортадағы) – Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану туралы ғылым. (Информатика)



Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.



5-тур. «Қиял әлемі».

Финалға шыққан 2 топқа тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.

1.«Егер мен хакер болсам»

2. «Егер мен робот болсам»

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.



Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен



6-тур. «Жорға».

Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс, әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)

3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

4.Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)

5. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)

6. Бір битте қанша байт бар (8)

7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

8. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

9. Аты бар байттар тізбегі? (файл)

10. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)

11. Келесі жолға өту пернесі? (enter)

12. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

13. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)

14. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

15. Қарапайым мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WordPad)

16. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)

17. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

18. Window сөзінің аудармасы (терезе)

19. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

20.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

21. Перне тақта қандай құрылғы (енгізу)

22. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)



Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік. Ұпайы жоғары , алға шыққан топқа «Үздік информатиктер» атты дипломымен марапаттаймыз.



Қорытындылаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған «Үздік информатиктер» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2022
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі