400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс 10,11сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық тарихымызға , салт дәстүрімізге шолу жасап білімімізді шыңдау болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих , дінтану пәнінің мұғалімі Омарова Гаухар Жолдасовна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылы

Мұғалімнің сөзі Құрметті ұстаздар , оқушылар !Тарих апталығы аясында өткізіліп отырған «Тарих – ғасырлар куәсі»атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі тарихи танымдық сайысымыздың мақсаты ұлттық тарихымызға , салт дәстүрімізге шолу жасап білімімізді шыңдау болып табылады.

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Тарих апталығы» аясында 10 «а»,10ә,11ә сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар!

1. « Сақ » тобы:

2. « Ғұн» тобы:

3. «Үйсін» тобы:

Сайысымызға баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар:

1. Директордың міндетін атқарушы Мамырқұлова Үміт

2. . Оқу ісінің меңгерушісі география пәнінің мұғалімі Әлімқожа Қуаныш Ауғанбайұлы

3.Тарих пәнінің мұғалімі Бектібаева Назира Бәкібекқызы

4. Тарих пәнінің мұғалімі Раушан

-----------------------------------------------------------------------

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1 - кезең. Үй тапсырмасы Театрландырылған қойылым.

1 топ 11ә сынып Сақ тайпасынан үзінді қойылым , сақ тайпасының тарихына тоқталады.

2 топ 10ә сынып Ғұн тайпасынан үзінді қойылым , ғұн тайпасының тарихына тоқталады.

3 топ 10а сынып Үйсін тайпасынан орналасқан жер аумағы мен ерте темір дәуіріндегі тайпалардың тұрмысқа қажетті заттарға галерияға шолу .

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

2 кезең

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы.

Әр дұрыс жауап – 10 ұпай

1 - топ

1. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – Тәуке хан

2. Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз – Шара Жиенқұлова

3. 31 - мамыр қандай күн? Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні

4. Е. Пугачев көтерілісінің қамтыған уақыты? 1773 - 1775жж

5. ҚР туының авторы – Ш. Ниязбеков

6. Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орталық Қазақстан

7. Абай Құнанбаевтың шын есімі – Ибраһим

8. Этнография - халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.



2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем 2 – топ

1. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан

2. Қазақ хандығының негізін салушы? Керей хан

3. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілістің қамтыған уақыты? 1836 - 1838жж

4. Күміс не алтын теңгелер, тиындар қадалған шашпау қалай аталады? Шолпы

5. ҚР Елтаңбасының авторы? Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков

6. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан аймақ? Түркістан қаласы

7. Шыңғысханның шын есімі? Темучин

8. Нумизматика - тиындар, құйма ақша кесектері, т. б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина 3 - топ.

1. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының авторы – Есім хан

2. Қазақтың тұңғыш шешені кім? Жиренше (15ғ.)

3. С. Датұлы көтерілісінің уақыты? 1783 - 1797жж

4. Жылқының тосырқамауы үшін немесе мұздан таймауы үшін тұяғына тағылатын ат әбзелі? Таға

5. ҚР Әнұранының авторы? Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; Ш. Қалдаяқов

6. Айшабибі кесенесі? Жамбыл облысы

7. Абылайханның шын есімі - Әбілмансұр

8. Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым? археология

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

3 - кезең. «Қанат қақты» Топтық тапсырма 7 сұрақ қойылады, ия немесе жоқ деп жауап береді.

1-ші топ сұрақтары

1)Қабанбай батырдың шыққан руы- Шапырашты руы

(жоқ) (Қаракерей руы)Азан шақырып қойған аты Ерасыл .Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Шығыс Қазақстан

2) Астана Есіл өзені жағасында салынған?

(иә)

3)Абылай ханнан қалған ұрпақ 40қыз, 30ұл?

(иә)

4)Ахмет Яссауи кесенесін салғызған Әмір Темір?

(иә)

5)Көне Отырар қаласының батыс жағында 3км. Жерде орналасқан Көккесене

(жоқ) (Арыстанбаб кесенесі)

6)Өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы-Оғызнама?

(жоқ) (<<Мухаббатнама>>)

7)<<Араб-қыпшақ>> сөздігінде <<қазақ>> сөзіне берілген түсіндірме: еркін, кезбе

(иә)

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

II-ші топ сұрақтары

1)Қазақстың соңғы ханы Жәңгірхан?

(жоқ) Кенесары Қасымұлы 1841-1847 ж өмір сүрген

2)ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия?

(иә)

3) Абылайдың шын есімі-Сабалақ?

(жоқ) (Әбілмансұр)

4) Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған

кесене-Көккесене?

(жоқ) (Алаша хан кесенесі)

5)Ахмет Игунекидің кітабы- <<Ақиқат сыйы>>?

(иә)

6)Белгілі ақын және исламды таратушы Яссауидің ұстазы-Арыстан баб?

(иә)

7)Ш. Уалиханов ақсүйек Шыңғыс тұқымы?

(иә)

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

III-ші топ сұрақтары

1)Әл-Фараби шығармалары жазылған тіл-қыпшақ тілі?

(жоқ) араб тілінде

2)<<Диуани лұғат ат-түрік>> кітабының авторы-М. Қашқари?

(иә)

3)XI-ғасырда түрік тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған ғылыми еңбек-<<Ақиқат сыйы>>?

(жоқ) Ж. Баласағұн Құтадғу білік

4)Қаракеңгір өзенінің оң жағасында салынған кесене-<<Жошы хан>> кесенесі

(жоқ) (Алаша хан кесенесі)

5)<<Түрік шежіресі>>М. Х. Дулатидің еңбегі

(жоқ) (Әбілғазы)

6)Жамбыл қаласының екінші атауы Тараз?

(иә)

7) Қазақта өлең атасы- Абай, күй атасы-Құрманғазы десе, ән атасы деп-Сәкен деп айтамыз?

(жоқ) (Әміре)



1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

IIтур <<Самғау>>

Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын <<айналайын>> деген сөзінің арасында қандай байланыс бар?

КӨМЕК

<<адамды айналма>> жаман болды деген ырымға байланысты

Адам байындағы жаман қасиеттер туралы, ана мен бала арасындағы сезім

Жауабы: Адамды айналып шығу, сол адамның бойындағы бар жамандықты, ауруды өз мойныма аламын деген сөз

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген?

КӨМЕК

Адамдардың алғаш қолға үйреткен жануары

7 қазынаның бірі

Жауабы: итті, себебі оны киелі деп санаған

Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе?

Көмек

Асқорыту мүшелерінің бірі төрт түлік малдың өзіне қатысты болып отыр

Жауабы: Мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

Парсы саяхатшысы Гардизи: <<Ертістен өтсең қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал.Бірақ түйе жоқ.Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе, түйесі өліп қалады>>,-деп жазады . Неге түйе өліп қалады?

КӨМЕК

Күнделікті өмірде қолданылатын тағам

Химиялық формула NaCL

Жауабы: шөптерінде тұз жоқ

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

Неліктен сақтар соғысқа аттанарда семсерді жерге шаншып, үстіне қан мен сүт тамызған? Бұның мәнісі неде?

КӨМЕК

Жақсы тілек тілеу

Соғысқа кеткеңдердің жалғыз тілегі болады

Жауабы: қанды қырғыннан аман-сау қалуды тілеу

1 жүргізуші 10ә сынып оқушысы Зарина

I.Әкесі Қожағұл әйгілі батыр болған адам. Өзі жоңғарларға қарсы шығып, елін қорғауға үлес қосқан батыр. Жеті жасында әкеден жетім қалады. Оның бітімі кесек, ер тұлғалы болғандықтан, жеңгелері <<Нарбала>> атапты. Бойының сұңғақтығы сонша, он үш жасар кезінде тайға мінгенде аяғы жерге тиіп жүреді екен .Әңгіме кім жайында ? Шын есімін ата?

Анаграммаларды шешіп артық сөзді алып тастаңыздар. РЕХООЯЛГИ АИКИФЗ ЕГАРЛДЬКИА УАТМНЗКМИАИ

III. Тарихта болған көтерілістерді рет-ретімен қойыңыздар?

1)Сырым Датұлы 1837-1847ж.ж

2)Исатай мен Махамбет 1773-1775ж.ж

3)Саржан Қасымұлы 1783-1797ж.ж

4)Емельян Пугачев 1825-1836ж.ж

5)Кенесары Қасымұлы 1836-1838ж.ж

ЖАУАБЫ:

I.Қабанбай-Ерасыл

II.Анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып тастаңыздар.

РАЕХООЯЛГИ (археология)

АИКИФЗ (физика)

ЕГАРЛДЬКИА (геральдика)

УАТМНЗКМИАИ (нумизматика)

(жауабы: ФИЗИКА)

III.Тарихта болған көтерілістерді рет-ретімен қойыңыздар?

Дұрысы

1)Емельян Пугачев 1773-1775ж.ж

2)Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж

3)Сатжан Қасымұлы 1825-1836ж.ж

4)Исатай мен Махамбет 1836-1838ж.ж

5)Кенесары Қасымұлы 1837-1847ж.ж

2 жүргізуші 10 а сынып оқушысы Гүласем

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Сауатсыз деп жазғырған.

Ата-баба ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үллкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Сақталды міне дәстүр, салтымыз,-деп бүгінгі<<Тарихи таным>> сайыс сабағын аяқтай келе әділқазылар алқасынан әділ бағасын сұраймыз

Әділ қазылар алқасы өздерінің бағасын береді.

Қорытынды сөз Мектебіміздің оқу ісінің әдістеме жөніндегі орынбасары -----------------

Тарих пәнінің мұғалімі Гауһар Жолдасқызы бүгінгі сыныптан тыс іс шарамызды жүргізген Зарина мен Гүласемге көптен көп рақмет және де қатысушы сыныптарға да көп рахмет . Іс шарамыздың 4 кезеңнінде 3 топ да сайыскерлеріміз жақсы қатысты.Атап өтсек театрландырылған қойылымда ойнаған жігіттеріміз , сауалдарға жауап беріп жатқан қыздарымызға да рақмет .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 ақпан
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі