Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс. 21 ғасырдың білімді ұрпақтарымыз 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасырдың білімді ұрпақтарымыз.
Міндеті: Әлем елдері, шаруашылығы, халқы, табиғаты, географиялық ұғымдар туралы
білімдерін ортаға салып жарысуына мүмкіндік туғызу үшін Тәуелсіздігіміздің
20 жылдығына байланысты сыныптан тыс жұмыстар.
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту,
меңгерген білімдерін байқау, білім деңгейлерін көтеру.
Дамытушылығы: тез ойлап, тез шешім қабылдауға жарыс барысында белсенділік
көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына, өз ойын ашық айтуға
дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Патриоттық тәрбие елін, Отанын сүюге туған жерін қорғайтын батыл, білімді
ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, мультимедия, атлас, жарты шардың физикалық
картасы.
Сабақтың түрі: Сұрақ- жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды дайындаған столға отырғызу, бүгінгі сайысымызға 10 сынып оқушыларын шақырамыз. Сайысымызға 3 топ қатысады.
Олар: 1 топ: «Айсберг»
2 топ: «Анхель»
3 топ:»Джомолунгма»
Жарыстың өту барысын бағалайтын төрешілерді сайлаймыз. Мұғалімдер:
Ендеше: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,-
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер дей келе сайысымызды бастаймыз.
Сайыс турлары:
-
Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады. Әр топ тәуелсіздікке байланысты «Отаным» тақырыбында ой толғау оқиды.
-
Бәйге.
-
«Тіл өнері»
-
«География әлемі»
-
Географиялық атаулар. Сергіту Ең... ең... ең
-
«Сәтті сапар» кезеңі
-
Капитандар сайысы
-
Жорға «Кім жылдам»
-
Қорытынды.
Тәуелсіздігіміз – басқа қонған бағымыз. ХХІ ғасырдың білімді ұрпақтарымыз. Қазақстанның өткен тарихына көз жібере отырып, өткенсіз бүгіннің жоқ екенін жас ұрпақ санасына жеткізу.
Қазақстанның өткен тарихы – ата бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты үшін соның жолындағы ұзақ та, ауыр күрестің тарихы. Қазақстанның тағылымды тәжірибелері әлем жұртына үлгі болды. Тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған Қазақстанның дәулеті мен сәулеті келісіп, әлеуеті мен қуаты еселеп артты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бостандықпен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан- ұрпаққа қалдыру қажет – деген сөзін әрқашан есімізден шығармауымыз керек. Егеменді еліміздің ертеңі- біздерміз. Кешегі өткен от ауызды шешен билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштерімен сақтап қалған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу- өз Отанымыздың лайықты азаматы болу бәріміздің қасиетті борышымыз.
ІІ. Бәйге. Кім тез жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. 16 сұрақ берілген.
«Айсберг» тобына
-
Жер шарының жалпы ауданы қанша? (510 млн. ш.ш)
-
Жер шары климатын 13-ке кім ажыратты? (Б.П.Алисов)
-
Ауа қысымын өлшейтін құрал (барометр)
-
Атмосфераның төменгі қабаты (тропосфера)
-
Африканың Үнді мұхитындағы аралы (Мадагаскар)
-
Ауданы жағынан ең кіші, ең таяз, ең суық мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
-
«Азия айдаһарлары» деген атқа ие болған мемлекеттерді ата?
(Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур)
-
Дүниежүзінің ең үлкен шөлі (Сахара)
-
Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы (климат)
-
Қысы қатал болатын Лапландияны дүниежүзі халықтары қалай атайды? (Аяз атаның мекені)
-
Ұлыбритания мен Ирландияны бөліп тұрған бұғаз (Ла-Манш)
-
Американы кім және қай жылы ашты (Х.Колумб 1492)
-
Қыздың есімімен аталатын көл (Виктория)
-
2000 жылы олимпиада өткен қала (Сидней)
-
Қай мемлекетті басымызға киеміз (Панама)
-
«Экономикалық белсенді халық» деген не? (еңбек етуге жарамды жас)
«Анхель» тобына
-
Балық өңдеу зауыты орналасқан қала. (Атырау)
-
Ауаның құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ (азот)
-
Дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан ауданы қанша (361 млн.ш.ш)
-
Еуропа мен Азияны бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)
-
Дүниежүзінің ең биік тау шыңы (Гималай Джомолунгма 8848 м)
-
Қазақстандағы ендік бойынша созылған көл (Балқаш)
-
Жер көлемі жағынан Еуразиядағы ең үлкен елдерді атаңыз. (Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы)
-
Дүниежүзіне әйгілі цейлон шайы мен үнді шайы өсірілетін арал (Шри- Ланка)
-
Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі t- сы арасындағы айырмашылық (тәуліктік амплитуда)
-
Жаздағы ертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
-
Қалыпты атмосфералық қысым (760 мм сынап бағанасы)
-
Солтүстік сөзінің қазақша баламасы (Теріскей)
-
Сарқылатын ресурстар түрлерін ата? (минералдық ресурстар)
-
Қазақстан республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторы
(Жандарбек Мәліков, Шота Уәлиханов)
-
Қыздың есімімен аталатын түбек немесе вулкан (Камчатка)
-
«Үлкен жетілік» елдерді ата?
(АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада)
«Джомолунгма» тобына
-
Солтүстік Америкадағы түбек (Аляска)
-
АҚШ- тың басқару формасы (Республика)
-
«Фиат» автомобиль фирмасы қай мемлекетте орналасқан (Италия)
-
Жер қыртысындағы болып тұратын әлсіз жер сілкінуді анықтайтын құрал (сейсмограф)
-
Ыстық су мен бу оқтын- оқтын атқылап тұратын бұлақ (гейзер)
-
Қай өсімдікті Орта Азияның «ақ алтыны» деп атайды? (мақта)
-
Әлемдегі дінді атаңыз (мұсылман, христиан, буддизм)
-
Ең кіші материк (Австралия)
-
Қанша геологиялық эра бар?
(Архей, Протерозой, Полезой, Мезозой, Кайнозой)
-
Біз өмір сүріп жатқан дәуір қалай аталады? (Кайназой)
-
Доссор, Мақатта не өндіріледі? (мұнай, газ)
-
Қазақстан туының авторы? (Ш.Ниязбеков)
-
Ұл баланың атымен аталатын қазба? (алмас)
-
Машина маркасымен аталатын өзен. (Волга)
-
«Қар мекені» деген мағынаны білдіретін тау (Гималай)
-
Монархиялық елдерді кімдер басқарады
(мемлекет басында король, император, принц, герцог, книязь, сұлтан)
ІІІ. «Тіл өнері» Полиглот.
Жүргізуші: 1997 жылы 21 шілдеде ҚР-ның «Тіл туралы» заңы шықты. Табиғаттағы тіршілік атауының өсіп- өнуі, даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Жақында ғана ҚР- ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы шықты.
2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенеміз.» ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялысы Х.Досмұхамедовтың «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген парасатты пайымдауы қазір ақиқатқа айналды. Сондықтан ендігі кезекті «Тіл өнері» Полиглот сайысына береміз. Онда мақал, жұмбақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береміз. Әр жауап 5 ұпайдан.
Айсберг:
-
Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді
(ауа- воздух – air)
-
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.
(тұз – соль – salt)
-
Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.
(темір – железо – iron)
-
Нан бар жерде ... бар.
(ән – песня – song)
Анхель:
-
Қос алып көз
Бірі жарықта көреді,
Бірі қараңғыда көреді.
(күн мен ай – солнце и луна – sun, moon)
-
Жартысы жадыратып нұр себеді,
Қалғаны қара мақпал бүркенеді.
(тәулік - сутка - day)
-
Келістіріп өрнегін,
Құрып қойды өрмегін (Кемпірқосақ – радуга - rainbow)
-
Көп сөз көмір, аз сөз ...
(алтын – золото – gold)
Джомолунгма:
-
Алып кілем
Гүлге толы
Үсті кілең
(жер – земля –land )
-
Аспаннан домалап,
Көк моншақ төгілді.
Буланып, жон алап
Терледі, керілді.
(жаңбыр – дождь - rain )
-
Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзіңе
Тіл қатқанмен қаймықпай
Көрінбейді көзіңе.
(жаңғырық – эхо - echo)
-
... ішкен құдығыңа түкірме.
(су – вода – water)
2) тур
Айсберг
1. лада дала степь steppe
2. аут тау гора mountain
3. ерж жер земля cround
4. лопяр поляр полярный polar
5. тұбл бұлт туча cloud
6. лара арал остров islad
7. тебүк түбек полуостров penin sula
8. зетің теңіз море the sea
Анхель
1. зөне өзен река the river
2. ақал қала город city
3. ықс қыс зима winter
4. шаға ағаш дерево tree
5. клө көл озеро lake
6. панса аспан небо sky
7. меткөк көктем весна spring
8. үзк күз осень autumn
Джомолунгма
1. мұтхи мұхит океан ocean
2. дызлуж жұлдыз звезда star
3. ңбыржа жаңбыр дождь rain
4. азұбғ бұғаз пролив strait
5. ус су вода water
6. зжа жаз лето summer
7.отаж жота гребень горы crest of a mountain
8. үкн күн солнце the sun
ІҮ. «География әлемі»
Кестедегі 12 шаршыға 20, 30, 40, 50 сандары жазылған. Әр санның шамасына қарай сұрақтар берілген логотип орналасқан.
201 - Төңірегін су қоршаған құрлық (арал)
202 - Жер бетіндегі шығып ағатын таза мөлдір су (бұлақ)
203 - Урбандалу деген не? (қала халқының өсуі)
301- Климат түзуші факторлар (Күн радиациясы, атмосфера, циркуляциясы, жер бедері)
302 – Демография қандай ғылым? (демография халықтың саны, құрылысы, динамикасы туралы ғылым, халықтың дамуын, өсуін, ұлттық, жыныстық құрамын зерттейді)
303 – Қазақстандағы ұзындығы 1000 метрден асатын ірі өзендерді ата (Ертіс, Есіл, Тобыл, Іле, Шу, Сырдария, Жайық )
401 – Адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ ғасырда басталған бұл жол Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастыратын көпір болған. Бұл қандай жол? (Ұлы Жібек жолы)
402 – ХІХ ғасырдың 50 – 60 жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеп, Іле
Алатауындағы жануарлардың биіктікте таралу сызба – нұсқасын жасаған зерттеуші (Ш.Уәлиханов)
403 - Жер беті тегіс, онда кішігірім ойпаңдар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Өзендер түгелдей қар суымен толығады. Бұл – Қазақстанның қай зонасы? ( Дала, дала зонасы)
501 – Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь – Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1865 – 1867 жылдары Қазақстанның биік тауларына бірінші рет экспедиция жасап, ол таудың жанар таудың әсерінен пайда болмағанын анықтаған қай ғалым? (Семенов Тянь- Шанский)
502 – 1900 – 1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Оның «Арал теңізі» атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялық тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер жан – жақты сипатталды. Бұл қай ғалым? (Л.С.Берг)
503 – Ғылыми еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Ұлытау – Жезқазған, Қоңырат – балқаш, Қаратау аудандарын жан – жақты зерттеген, қазақтың тұңғыш ғалымы? (Қ.Сәтбаев)
Ү. Географиялық атаулар. «Ең...ең...ең....» дұрыс жауапқа 1 ұпай
Айсберг
1. Ең биік тау – Гималай
2. Ең үлкен арал - Гренландия
3. Ең кіші материк- Аустралия
4. Ең биік сарқырама- Анхель
5. Ең үлкен шөл- Сахара
6. Ең терең шұңғыма- Мариан
7. Ең суық материк- Антарктида
8. Ең үлкен түбек- Арабия
9. Ең үлкен мұхит- Тынық
10. Ең үлкен мемлекет- Ресей
11. Ең жүйрік сүтқоректі- гепард
12.Ең кішкентай құс- Колибри
13.Дүниежүзінде жауынның ең көп түсетін жері – Черопунджи 12000 мм
Анхель
-
Ең үлкен материк- Еуразия
-
Ең кіші мұхит- Солтүстік Мұзды мұхит
-
Ең ыстық материк – Африка
-
Ең ұзын өзен- Ніл
-
Ең терең көл- Байкал
-
Ең ұзын тау- Анд
-
Ең биік шың- Джомолунгма 8848 м
-
Ең суы мол өзен- Амазонка
-
Ең ылғалды материк – Оңтүстік Америка
-
Ең үлкен дүние бөлігі – Азия
-
Ең ірі құс- түйеқұс
-
Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі – Морж
-
Солтүстік жарты шардағы ең төменгі температура қай жерде?-
Оймякан елді мекені -7 С0
Джомолунгма
-
Ең терең ойыс – Өлі теңіз
-
Ең үлкен көл- Каспий
-
Ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз
-
Ең кішкентай мемлекет- Ватикан
-
Ең ежелгі тау – Орал
-
Ең халқы көп мемлекет- Қытай
-
Ең енді климаттық белдеу – Қоңыржай
-
Ең үлкен бұғаз- Дрейк
-
Ең суыққа төзімді құс- пингвин
-
Ең үлкен ойпат – Амазонка
-
Ең ірі су жануары- кит
-
Ең биік жануар- керік
-
Қоңыржай белдеуіндегі ең үлкен табиғат зонасы – Тайга
ҮІ. «Сәтті сапар»
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Елдердің астанасын, ақша бірлігін, тілін атау қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
Айсберг
Ел Астанасы ақшасы тілі
1. Ұлыбритания Лондон фунт стерлинг ағылшын
2. Дания Копенгаген Дания кронасы дат
3. Италия Рим евро италян
4. Ауғаныстан Кабул ауған бірлігі ауған
5. Қазақстан Астана теңге қазақ
6. Қытай Пекин юань қытай
7. Египет Каир египет фунты араб
8. Бразилия Бразилия реал португаль тілі
9. Канада Оттава Канада доллары ағылшын, француз
10. Сингапур Сингапур Сингапур доллары малай, ағылшын
11. Латвия Рига Беларус сумы беларус тілі
12. Эстония Таллин Эстон кронасы эстон
13. Украина Киев гривна украин
14. Ватикан Ватикан евро лат, италия
15. Сан- Марино Сан – марино евро италия
Анхель
1. Германия Берлин евро неміс
2. Испания Мадрид евро испан
3. Кипр Никосия кипр фунты грек, түрік
4. Франция Париж евро француз
5. Бельгия Брюссель евро неміс, француз
6. Бахрейн Манама Бахрейн динары араб
7. Лихтенштейн Вадуц швед франкі неміс
8. Жапония Токио иена жапон
9. Албания Тирана лей албан
10. Никарагуа Манагуа кордова алтыны испан
11. Македония Скопье денар македон
12. Мальдива Мале малд рупиясы мальдвия
13. Израйл Тель – Авив шекель араб,иврит
14. Хорватия Загрев куна хорват
15. Словения Любляна толар словен
Джомолунгма
-
Исландия Рейкьявик ислан кронасы ислан
-
Эквадор Кито сукре испан
-
Пакистан Исламабад рупия урд, ағылшын
-
Польша Варшава злотый поляк
-
Финляндия Хельсинки евро фин, швед
-
Швеция Стокгольм швед кронасы швед
-
Чехия Прага чех кронасы чех
-
Норвегия Осло норвег кронасы норвег
-
Австрия Вена евро неміс
-
Мексика Мехико Песо испан
11. Коста – Рика Сан – Хосе коста колоны испан
12. Куба Гавана куба песосы испан
13. Андорра Андора ла – Велья евро француз, испан
14. Палау Корор АҚШ доллары ағылшын
15. Австралия Канберра Австралия доллары ағылшын
ҮІІ . Капитандар сайысы.
Сайыс барысында осы география саласы бойынша капитандарымыздың ой- өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа саламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау
Озат болу шарты сол – еңбектену жалықпау.
Ендеше команда капитандарын ортаға шақырамыз.
Айсберг тобының капитаны.
-
Италияда «ит үңгірі» деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмірқышқыл газы тұнып тұрады. үңгірде адам еркін жүре береді, ал ит болса, көп ұзамай- ақ сенделіп барып құлайды. Неге? (газ жерден 1 м-ден артық биікке көтерілмейді, ит сондықтан құлайды.
-
Қазақ жеріндегі алғашқы тайпалар. (сақ тайпалары)
-
Қазақтан шыққан тұңғыш геолог ғалым (Қ.Сәтбаев)
-
«Қағаз телефон» қай елде ойлап шығарылған? (АҚШ)
-
Отан, жер, ел туралы 5 мақал – мәтел айту.
-
Қай елдің туы екенін табу.
-
Еліміздің рәміздері туралы айту.
Анхель тобының капитаны
-
Ертеде қойшылар ағаш тостағанда сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады?
( тасты қыздырып салып отырған)
-
Қазақстан халқының саны. (16 млн)
-
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда ең бірінші таныған ел. (Түркия)
-
Букет құрау – икебана қай елдің өнері. (Жапония)
-
Отан, жер, ел туралы 5 мақал – мәтел айту.
-
Қай елдің туы екенін табу.
-
Еліміздің рәміздері туралы айтып, қорғау.
Джомолунгма тобының капитаны
-
Басына шыққанда бірден төрт елді көруге болатын тау қалай аталады және ол қайда жатыр. (Мұзтау. Қазақстан Алтайы)
-
Қазақстанның ең ірі су қоймасы. (Бұқтырма)
-
Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр. (қоңыржай)
-
Сәби өлімі көп дүние бөлігі. (Африка)
-
Отан, жер, ел туралы 5 мақал – мәтел айту.
-
Қай елдің туы екенін табу.
-
Еліміздің рәміздері туралы айтып, қорғау.
ҮІІ. Жорға «Кім жылдам»
Әр топқа жеке – жеке 11 сұрақтан берілген. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
Айсберг
1. Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен? (Ресей)
2. Қазақстан Республикасының премьер министрі кім? (Д.Ахметов)
3. Қазақ жері туралы алғашқы мәліметтерді кім жазды? (Геродот)
4. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты? (Краб – араб)
5. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
6. Көліктің қай түрі озон қабатын «жүдетуге» әсерін тигізеді? (автомобиль)
7. Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 ж )
8. Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын сызықтар (изотерма)
9. Қазақстанның көне қалаларын ата? (Отырар, Тараз, Сығанақ, Түркістан)
10. Түрлі түсті теңіздер, өзендер (ақ, сары, қара, қызыл)
11. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін не қолданды?
(картографиялық проекциялар)
Анхель
1. Қазақстан Каспий теңізі арқылы неше елге шығады? (4)
2. Антарктидаға алғашқы барған қазақ кім? (Марат Мұсабаев)
3. «Алтын киімді адам» ескерткіштері Қазақстанның қанша аймағынан табылды? (3)
4. Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны. (эскимо – эскимос)
5. Италияның самсасы ол жейтұғын, Францияның курорты болды тамаша дейтұғын. (пицца – Ницца)
6. Қандай өзен А – дан Я – ға дейін ағады? (Амудария)
7. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым. (Ш.Уалиханов)
8. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? (1993 – 1995 ж)
9. Қаратопырақ Қазақстанның қай бөлігінде. (солтүстік)
10. Әскери атақпен аталатын географиялық атау. (Маршал аралы)
11. Орыс қызының есімімен аталатын өзен. (Лена)
Джомолунгма
1. Қазақстан республикасының тәуелсіздік алған жылы. (1991 ж)
2. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – ғалым. (Қаныш Сәтбаев)
3. Қазақстандағы қысқы Азия ойындарының заманауи символдарының бірі. (қарлы барыс)
4. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы арқылы өтетін басым желді ата. (Арыстанды – Қарабас)
5. Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады? (Куба)
6. Қостанайдағы кондитер фабрикасы? (Баян сұлу)
7. Жердің абсолют жасын анықтау үшін қолданылатын элементті ата? (уран)
8. Қазақтың ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
9. 30 тамыз қандай мереке? (ҚР Конституция күні)
10. Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның қаласы. (Алматы)
11. Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек. (Скандинавия)
Жүргізуші:
Қазақстан – ғажапстан, жанатым
Көшіп кеткен басымыздан қара түн
Отым сенсің жанарымда жанатын
Сенсің менің ұшар жалғыз қанатым
Сенсің менің сүйенетін тірегім
Жазығыңда жалпақ басып жүремін
Сенсің менің аласармас асқарым
Сенсің менің соғар жалғыз жүрегім.
Ән: «Атамекен»
Жүлдегерлерді анықтау, марапаттау.
ІХ. Қорытынды.
Біз елімізді, жерімізді, Отанымызды сүйетін патриот болып, ол үшін, елімізге, Отанымызға болашақта қызмет етіп, өз үлесімізді қосуымыз керек. Мен сөзімді президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға айтқан жолдауымен аяқтағым келеді. Сендер, қазіргі жастар, Тәуелсіз Қазақстанда өстіңдер, сендердің көз алдарыңда біздің мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Сендер ана сүтімен бойларыңа патриотизм және өз тәуелсіз отандарыңа деген сүйіспеншіліктің терең сезімін дарыттыңдар. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі біздің барлық ойымыз бен жоспарларымыздың қорытындысына жететін сендер боласыңдар дей келе
«Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
География сырына», дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.