Кожабекова Эльмира Шаринханқызы Бастауыш сынып
мұғалімі
Жамбыл облысы. Мойынқұм ауылы. М.Жұмабаев
мектеп-лицейі.
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар» спорттық
сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген
қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр
түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен
шапшаңдылық
қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Акт
залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар,
доптар, кедергілер, жалаушалар, уақыт
өлшеуіш.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі
«Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар» спорттық
сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 «Ә» және 2 «Г» сынып оқушылары
қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға
шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
- Спорттық сайсымыз баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы
4 кезеңнен
тұрады
I - кезең «
Пингвин»
II -кезең « Кім шапшаң
»
III - кезең « Асық»
IV - кезең « Арқан тартыс»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт
сапар!
Сайысымызды
бастаймыз.
«Сұңқар» тобын ортаға
шақырамыз
Топтың ұраны: Әрқашан биікке
самғаймыз!
«Тұлпар»тобын ортаға
шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда
мықты
Бәрін жеңіп
шықты
І. Кезең.
«Пингвин»
Шарты: Допты екі аяқтың
ортасына қойып секіру.
Математика сабағынан сұрақтар:
11 + 3 = 14 11 – 4 = 7 8 + 5 = 13 13 – 5 = 8
14 – 5 = 9 8 + 4 = 12 12 – 6 = 6 6 + 6 =
12
7 + 4 = 11 5 + 9 = 14 7 + 6 = 13 13 – 7 =
6
14 – 7 = 7 7 + 7 = 14 8 + 7 = 15 15 – 7 =
8
ІІ кезең: «Кім
шапшаң»
Шарты: Шығыршықты белде айналдыру.
Қазақ тілі сабағынан сұрақтар:
1.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? ( Жуан,
жіңішке)
2.Жуан дауыстыларды ата. ( А, о, ұ,
ы)
3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ( Қатаң,
ұяң, үнді)
4.Ұяң дауыссыздарды ата. ( б, в, г, ғ, д, ж,
з)
5.Мәтін деген не?
6.Мәтіннің неше түрі болады? ( Сипаттау,
әңгімелеу, пайымдау)
7.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. ( Ә, ө, ү, і,
е)
8.Сөйлем дегеніміз не?
ІІІ кезең: «Асық»
Шарты: Асықты көздеп, атып, жинау.
Әдебиеттік оқу сабағынан сұрақтар
1.Кел,балалар,оқылық! Өлеңінің авторын ата. ( Ы.
Алтынсарин)
2.А.Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің? (
Күз, Ғылым таппай – мақтанба)
3.Күн шыққанда Өлеңінін авторын ата. (І
Жансүгіров)
4.Ертегінің түрлерін ата. ( Жан – жануарлар,
Қиял – ғажайып, Шыншыл ертегілер)
5.Аңыз әңгіме дегеніміз не? ( Адамның басынан
өткен оқиға)
6.Үш биді ата. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек
би)
7 «.Алтын ұя -Отан қымбат,
Құт-берекең –атаң қымбат» деген шешен сөзді
айтқан кім? ( Қазыбек би)
8.Отан туралы өлеңінің авторы кім? ( М.
Мақатаев)
ІV кезең: «Арқан тартыс»
Шарты: Арқан тарту.
Сұрақтар:
-
Тәуелсіздіктің туған күні
-
Рәміздерді ата
-
Елтаңбаның авторы кім?
-
Тудың авторы кім?
-
Әнұранның авторларын ата.
-
Теңгенің туған күні
-
Мемлекеттік тіл
-
Тәуелсіздікке қанша жыл толды?
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын
береді.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, -деп, сайысымыздың шарттары бойынша
қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз
әділқазыларға беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып,
спортты серік етейік!