Тақырыбы:
«Қазақ
математиктері»
Түрі:
ғылыми-конференция сабақ
Типі:
Сыныптан тыс математика
Мақсаты:
б і л і м д і л і к: оқушылардың математика
тарихы, математиктер туралы білімдерін
кеңейту;
Д
а м ы т у ш ы л ы қ: тақырыпқа материал
жинақтау, зерттеу, қорытынды жасау
дағдыларын дамыту;
Т
ә р б и е л і к: тыңдай білу, көпшілік
алдында сөйлеу, өз тақырыбын қорғап
шығуға тәрбиелеу.
К
ө р н е к і л і к:
АКТ, суреттер
Сабақ
мақсаты мен жоспарын таныстыру
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Қымбатты
ұстаздар, өнер-білім сүйгіш жас
достар.Бүгінгі біздің
ғылыми конференция түріндегі
математикалық кешімізге қош келдіңіздер!
Ең
бірінші кешімізді бастамас бұрын, мен
оқушыларды ғылыми жобамен айнылысып
дайындауды 2015 жылдан бастадым. Нәтижелері
жаман емес. Оқушылар ғылыми жобаны
бастамас бұрын ең бірінші реферат
жазудан бастады, содан кейін баяндама
жасап, түрлі тақырыптарда ғылыми жоба
жасай бастады. (слайд 1)
Биылғы
оқу жылында да 6-сынып оқушысы Талғарқызы
Жұлдызда «Арифметикалық амалдарға
берілген есептерді шешу» тақырыбында
ғылыми жоба жазып, нәтижесі аудандық
кезеңде 1-орын иеленсе, облыстық кезеңде
3-орын иеленді. Бүгінгі конференциямызды
осы жобамен бастағалы отырмыз. Ортаға
6-сынып оқушысы Талғарқызы
Жұлдыз.(слайд2)
Барлық
ғылым сияқты математика ғылымының да
өзіндік дамуы, өмір жолы бар. Бүгінгі
конференцияға қатысушылардың дайындап
әкелген ақпараттарын тыңдап, жүйелей
келе, қазақ математиктері жайлы деректерді
білеміз, оған себеп болған тарихи
оқиғаларды еске түсіреміз. Яғни, бүгінгі
отырысымыздың маңызды ерекшелігі бар
екенін ескертемін. Баяндамашыны мұқият
тыңдап, өзіңізді ойландырған сұрақтарды
қоюға рұқсат.
1.Математика
ғылымдар патшасы деп
Мойындаған
бар ғалым жер шарында,
Сол
қағида тағыда дәлелденбек
Бүгінгі
кеш бағдарлы жоспарында.
2.Математика
төрт амал негізінде
Туындатқан
талай заң келбетінде
Жұмбақ
әлем болғанмен, ей замандас,
Меңгерілер
еңбек, талап шеңберінде.
3.Математика,
математика қандай қиын
Оқымасаң
шешілмейді ешбір түйін
Ал
өмірде тек соның көмегімен
Орындалар
заңдылық, байлам дүйім.
4.Мақтануға
математика лайық та,
Шындық
іске бір сәт мойын бұрайық та.
Парақтаумен
әр ғылым, әрбір пәнді
Байланысын
ашық айтып тұрайық та.
ХХІ
ғасырдағы математика. Қазақ
математиктері.Бүгінгі ғылыми
конференциямыздың бірінші баяндамашысы:1.
5-сынып
оқушысы Мейрамғалиева Айзере:
презентация
Қазақ
математигі : Тілеубай
Ыдырысұлы Аманов
2.5-сынып
оқушысы Спатаева Бағжан:
презентация
Қазақ
математигі : Орынбек
Ахметбекұлы Жәутіков
3.5-сынып
оқушысы Орынбекова Ақерке:
презентация
Қазақ
математигі : Оразбаев
Базарбай Мәметұлы
4.6а-сынып
оқушысы Серикова Дина:
презентация
Қазақ
математигі : Тайманов
Асан Дабысұлы
5.6а-сынып
оқушысы:
Айболұлы
Жанбол
презентация
Қазақ
математигі : Боқаев
Сәдуақас Хасенұлы
6.6ә-сынып
оқушысы:
Мақанов
Әміре
презентация
Қазақ
математигі : Блиев
Назарбай Қадырұлы
7.6ә-сынып
оқушысы Берікбекова Іңкәр:
презентация
Қазақ
математигі : Ермеков
Әлімхан Әбуұлы
Мұғалім:
математика ғылымы даму үстінде, тіпті
математика араласпайтын сала жоқ,
өмірдегі кез келген құбылысты, оқиғаны
алсақ та, қай мамандықты алып қарасақ
та онсыз болмайтынын байқауға болады.
8.6ә-сынып
оқушысы Қаныбек Саида:
презентация
Қазақ
математигі : Жұмаділдаев
Асқар Серқұлұлы
Қазір
отандық математиктер даярлаудың бірден
– бір жолы математика олимпиадасын
ұйымдастыру болып отыр. Оның
шығу тарихымен, өткізілуі мен дамуы
туралы келесі оқушы тоқталмақ
9.6а-сынып
оқушысы:
Мұратова
Жансая
презентация
Қазақ
математигі : Мұқтарбай
Өтелбаев (видео)
10.
5-сынып оқушысы : Дәулет
Балауса
Қазақ
математикгі: Нұрсұлтанов
Қажи Нұрсұлтанович
Қорытынды:
Олимпиадамен қатар, математикадан
дарынды балаларды анықтау мақсатында
республикалық Ақбота, Кенгуру
интелектуальдық марафондар ұйымдастырылуда.
Болашақта математик болам деуші
оқушылардың осы сайыстарға қатысуына
кеңес беремін.
Егеменді
елімізді дүниежүзі елдермен терезесі
тең болатын дәрежеде өркендетемін,
негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін
шарлайтын біздің дарынды да, талантты
ұландарымыз. Әр күні өзгеріске толы
бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен
қалып қоймай, ертеңгі болашақ жас ұрпақты
білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор
жауапкершілікті жүктейді. Өйткені
еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Ендеше, үйрету мен оқыту жолында
табандылық танытып, ізденуден жалықпайық.
Біз осы бүгінгі ғылыми конференцияда
математиканың ғасырлар бойғы дамуын
айтып тауыспақ емеспіз. Дайындалған
оқушылардың ізденісіне, жұмыстарына
рахмет айта келіп, келешекте осы
жұмыстарды жалғастыруға, тың ақпараттармен
толықыруға кеңес, тапсырма беремін.
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер,-деп үнемі білімдеріңді
жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен
оқуларыңа тілектеспін.
Әрқашанда жаңашылдықтан қалмай, жаңа
талапқа сай болайық! Бүгінгі кешке
қатысқан барлық оқушыларға көп рахмет
айтамын.
«М.Әуезов
атындағы орта мектебі» КММ
Бекітемін:
Оқу
ісінің меңгерушісі : Л.Гылымбаева
Тақырыбы:
«Қазақ
математиктері»
Түрі
: Ғылыми-конференция
Сыныбы
: 5-6
Пән
мұғалімі : Мажиева
Динар
Пәні
: математика
2019-2020
оқу жылы