жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс - Өнердегі ұрпақтар үндестігі
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі
«Өнердегі ұрпақтар үндестігі» атты жергілікті
әкелі-балалы композиторлармен кездесу кеші
Өтетін орны
және уақыты: Мәжіліс залы. ....... ........... 20.... жыл. Сағат .............
Ортаға 2 жүргізуші шығады
І жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
ІІ жүргізуші
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кей зауық, кей мұң дертін қозғап,
Жас балаша қөңілді жақсы уатар
І жүргізуші
Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және ән сүйер қауым!
ІІ жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған, ән әлемінде өзіндік орындары бар, елімізге өздерінің әдемі әндерін сыйлап жүрген, Жетісу өлкесінен шыққан композиторлар, әкелі-балалы Өмірсерік аға мен Данияр Араповтардың шығармашылығына арналған «Өнердегі ұрпақтар үндестігі» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
І жүргізуші
Олай болса, бүгінгі кештің басты кейіпкерлері: Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, республикамызға танымал композитор, 90-ға жуық әндердің авторы, ұстаз-сазгер Арапов Өмірсерік Бақытжанұлы мен әкесінің жолын қуған, жас болса да 30-ға жуық әндердің авторы, мектебіміздің түлегі Арапов Данияр Өмірсерікұлын қошеметпен зал төріне шақырайық!
ІІ жүргізуші
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,
Ел іргесі берік болсын ұраным!
Тәуелсіздік өзінді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім қолдан түспес құралым! – деп, алғаш тамашалайтындарыңыз ақын Жұмабек Қуанышбайұлының сөзіне жазылған, Өмірсерік Араповтың әні «Тәуелсіздік жыр әнім» әнің мектебіміздің 6а кадет сыныбының орындауында қабыл алыңыздар!
«Тәуелсіздік жыр әнім» - 6а кадет сыныбы
І жүргізуші
Музыка ол бөлек әлем мен үшін,
Әуен шабыт емес пе еді тегі шын.
Жүлде алып өлең жазсам егер де
Музыкаға байланысты жеңісім.
ІІ жүргізуші
Құрметті көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу өнер сүйер қауым! Келесі кезекті бүгінгі келіп отырған қонақтар жайлы әзірленген бейнетаспаға назар аударайық!
№1 видео және №2 видео
І жүргізуш
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Қонақтарға арналсын тілегіңіз – деп, сөз мектебіміздің директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлына беріледі.
ІІ жүргізуші
Музыка өмірімнің бөлшегі,
Əрдайым көтереді еңсемді.
Жеті нота қосылғанда әдемі,
Жүрегімді жылы сезім тербеді – дей келе, келесі тыңдайтындарыңыз жергілікті ақын Мәрлен Көлбаевтың сөзіне жазылған, Данияр Араповтың әні «Сен жаным» орындайтындар 10 сынып оқушысы Асқарбеков Мираз бен 9 сынып оқушысы Тоқтарбекқызы Ақерке.
Қабыл алыңыздар!
Ән «Сен жаным» - Мираз бен Ақерке
І жүргізуш
Өмірсерік ағамыздың әндерін өнірге және республикамызға танымал әншілер орындап келеді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Бақтияр Тайлақбаев, Өмірқұл Айниязов, Асылбек Тойлыбаев, Нұржан Ахметбек, Ару тобы, Хан Тенгри тобы, Мәншүк Тұрсынғазиналар бар. Сондай-ақ әндері қазақ радиосы толқынында шырқалып жүр.
ІІ жүргізуші
Ән «О, Ана жылда келер жыл құсыңмын». Сөзін жазған Жұмабек Қуанышбайұлы, әнің жазған Өмірсерік Арапов. Орындайтын Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, 9 сынып оқушысы Меңіс Жұлдыз! Қарсы алыңыздар!
Ән «О, Ана жылда келер жыл құсыңмын» - Меңіс Жұлдыз
ІІ жүргізуш
Күн ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Күмбірлеген домбырасы барында – деп, келесі тамашалайтыңдарыныз
осы бүгінгі кеш иелеріне жиен қыздары болып келетін 9 сынып оқушысы, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Қуандық Ақботаның орындауында «Ата толғау» күйін қабыл алыңыздар!
Күй «Ата толғау» - Қуандық Ақбота
І жүргізуші
Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі - өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға
ІІ жүргізуші
Дарынды адам танылған өнерменен,
Ән мен күй шығарып жүрегімен.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен.- дей келе, сөз кезегін өздеріңізге берсек дейміз құрметті қонақтар және осындай бақытқа ие болып отырған көрермендеріміздің сіздерге қояр сұрақтары бар сияқты!
Қонақтар сөйлейді – оқушылар сұрақтарын қояды
І жүргізуші
Ал енді қадірменді қонақтар және ән сүйер қауым бүгінгі кешімізді ең керемет нотамен аяқтау үшін барлығымыз қосылып Өмірсерік Араповтың әні «Туған жерге сағыныш» әнің бірге шырқайық!
Караоке «Туған жерге сағыныш» - Нұржан Ахметбек
І жүргізуші
Қазағымның кең байтақ даласында,
Көп болсын өздеріндей тұлғаларым.
Біз үшін мәңгі үлгі боласыздар,
Ән жазып, мұра қылған ағаларым.
ІІ жүргізуші
Осымен бүгінгі кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. Құрметті біздің елдің мақтаныштары, сіздерден әлі де талай-талай жақсы туындылар күтеміз, қанаттарыңыз талмасын, шабыттарыңыз сөнбесін, отбасыларыңызға амандық, дендерінізге саулық және шығармашылық табыстар тілейміз! Келесі кездескенше сау-саламатта болайық!
СҰРАҚТАР
Өмірсерік аға! адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті? Және қызықты бір оқиғанызды айтып берсеніз!
Өмірсерік аға және Данияр аға сіздердің ән жазуға не түрткі болды?
Өмірсерік аға, бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?
Ең алғашқы жазған әндерініз қандай? және қанша жаста болдыңыздар?
Данияр аға, сыныбыңыз туралы айтып беріңізші, қандай оқушылар болды? сіз мектепте жүргенде төбелестіңіз бе?
Ағалар, мектепте оқып жүргендеріңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыздар?
Өмірсерік аға, бала кезіңізде неге құмар болдыңыз?
Данияр аға бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз? Спортпен шұғылдандыныз ба?
Сазгер ретінде сіздерді көбіне не шабыттандырады?
Композиторлардың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?
Ағалар, соңғы жазған әндеріңіз және күйлеріңіз қандай, не туралы?
Данияр аға сіздің әндеріңіздің басым бөлігі махаббат тақырыбында, ал осы мектепке, ұстазға арналған әндеріңіз бар ма?
Өмірсерік аға сіздің әндеріңізде барлық тақырыптар қамтылған сияқты, ал осы спорт туралы немесе чемпиондар туралы әңдеріңіз бар ма?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген