Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс " Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс " Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы" 7 сынып. Ағылшын тілі мен қазақ тілі пәндерімен кіріктіріліп өткізілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:24.11.2021ж

Сыныбы: 6-7 сынып оқушылары

Өткізетін мұғалімдер: Оралова А, Какибаланова М

Сабақтың тақырыбы: Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде.

Мақсаты: Оқушыларға әрбір тілдің өз халқы үшін ұлы екенін, сонымен қатар өз тіліміен өзге тілді қоса білудің маңыздылығын насихаттау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың тілдік дағдылары қалыптастыру арқылы, үш тілдің маңыздылығын түсінеді. Үш тілде өз ойларын еркін жеткізеді.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сайыстың формасы: топтық, жекелей.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, тілге қатысты ой – толғаулар жинағы, түрлі түсті қағаздар .

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды сайыс кезеңдерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлу. Сабақты бағалайтын тәсілдерді айту.
II. Негізгі бөлім:
Тіл- адам баласының басты қазынасы. Тіл- халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ұлтты танытатын басты белгі. Демек, кез келген ұлттың басты ерекшелігі- оның ана тілінде. Ана тілі- әр адамға ананың ақ сүтімен, әлдиімен бесік жырымен сіңіп, даритын ұлы күш. Үш тілділік – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін, экономика тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау міндеті басты назарда тұр. Ендеше, осы міндетті жүзеге асыруда әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосуы тиі деп ойлаймыз. Өйткені, үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі. Халқымыз: “Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл”- деп бекер айтпаған.
Ақын Қ. Мырзалиев: Ана тілі- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Жоспар
1. Таныстыру
2. Зымыран сұрақтар
3. Өлең өрнегі
4. Өнер сайысы
5. Мақал- сөздің мәйегі
6. Үш тұғырлы тіл
7. Дара тапсырма

Жүректен жүрекке.

-Балалар, экранда ненің суретін көріп тұрмыз?

-Жүректің.

-Жүректі көргенде сендер қандай сезімде боласыңдар?

-Біз жүрек арқылы Отанға, ата-анаға, досымызға және ұстаздарымызға деген ыстық ықыласымызды, сүйіспеншілігімізді білдіреміз.

-Ендеше, бір-бірлеріңе, ұстаздарыңа жақсы тілектеріңді айтыңдар.

1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.

2. Зымыран сұрақтар.

3. Өлең өрнегі. Ақын өлеңдерінен үзінділер беріліп, жыр жолдарында жасырынған сөздерді тауып, үш тілде жауап беру.

1. Ең ................ бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның ............ кенін.

/бірінші- первый- first/, /алтын-золота- gold/

2. Өлең -.......... патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

................ жеңіл жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

/сөз-слова-word/, /тіл-язык- language /

3. Ақ ................., денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі ..............,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

/киім-одежда-clothes/, /суық-холода- cold/

4. Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небәрі ............ жасымда.

Алып тұлғалар жылағанын көрдім,

................. сүйеп ғасырға.

/бас-голова- head/, /алты-шесть-six/

5. Айналайын Ақжайық,

.................... салмай өтер күн қайда?

Еңсесі биік боз орда,

Еңкеймей кірер ........... қайда?

/ат-лошадь- horse/ /күн-солнце-sun/

6. Өлсе өлер .................. , адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ............ -күлмес.

Мені мен менікінің айырылғанын,

"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.

/табиғат- природа- nature/, / ойнап- игать-play/

4. Үй тапсырмасы. / ән, би көрініс т.б/

5. Мақал- сөздің мәйегі.

Ағылшын тіліндегі мақалдарды қазақ тіліне аудару.

1. All is not gold that glitters.

2. Better late than never.

3. Everything is good in seasons.

4. First think then speak.

5. Live and Learn.

6. Two heads better than one.

6. Үш тұғырлы тіл. Ағылшын және орыс тілдерінде көркем сөз оқу сайысы.

7. Дара тапсырма. Топ басшыларына ҚАЗАҚСТАН сөзінен түрлі сөздер құрастыру.

8. Көрермендерге сауал.

Екі жағынан оқысаңыз да бір сөз шығатын ұлт атауы?

/қазақ/

2. Үш буыннан тұратын жер атауы, бірінші буыны сан есім, екінші буыны адамның дене мүшесі, үшінші буыны ас дәмін келтіретін зат атауы. Ол қай қала?

/Екібастұз/

3. Екі жағынан оқысаңыз да бір сөз шығатын мал атауы?

/шыбыш/

4. Екі буыннан тұратын құс атауы. Бірінші буыны сан есім, екінші буыны ас үйде қолданылатын зат атауы. Ол қай құс?

/бірқазан/

9 "Екі сурет- бір сөз" ойыны ағылшын тілінде



Қорытынды.

"Тілі бірдің-тілегі бір" демекші ел бірлігінің негізі-тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парызымыз. Жас ұрпақтың қазақ тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып, білуге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы елге, туған жерге деген сезімдерін ояту-басты міндетіміз. Үш тілді меңгеру-халықтар достығына, мемлекетаралық сыйластыққа тәрбиелейтін баспалдақ, әлемдік деңгейге көтерілудің басты жолы. Қорыта келе айтарымыз, әрбір тіл өзінің хлқы үшін ұлы.



















«Өкпеті орта мектебі» КММ















Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде









Күні: 24.11.2021ж

Сыныбы: 6-7

Сабақтың формасы: интеллектуалды сайыс сабақ

Өткізетін мұғалімдер: Оралова А, Какибаланова М









2021-2022 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2022
754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11