Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс " Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, келіп отырған қонақтар сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып ,жанұяларыңызға бақыт тілейміз,аспанымыз ашық болып,еліміз көркейе берсін.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр төгіп,тек қана жақсылықтар алып келсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жыл кешінің 5-7 сыныптарға арналған сценарийі


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар, келіп отырған қонақтар сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып ,жанұяларыңызға бақыт тілейміз,аспанымыз ашық болып,еліміз көркейе берсін.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр төгіп,тек қана жақсылықтар алып келсін.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа тарайды.

2- Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
КОНКУРС-1.Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).
2-жүргізуші:
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға 7 сынып оқушыларын «флешмоб» биімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
5 сынып оқушысы Фариза :Мына жерге келіп жайғасыңыздар...
Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді 5 сыныптан бастайық.
( ортаға 5 сынып оқушылары шығады. Одан кейін 6-7)
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән «Жаңа жыл» орындайтын 7 сынып оқушысы Сағымбай Ерғали мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Айдана
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Ортаға 7 сынып оқушылары шығып қойылым көрсетеді
1-жүргізуші: КОНКУРС-4 Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман

Би: 1. Қара жорға 2. Өзбек биі 3. Шығыс биі

2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12