15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс. Абай аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" мысал өлең
Сахналық қойылым
Тақырбы: Абай « Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңі И.Крыловтан аударылған.
Сабақтың мақсаты: мысал арқылы оқушылар жауапкершілікке, еңбекқорлыққа үйренеді. Мысалдың негізгі идеясын сахналастыру арқылы ашады. Ресурстар: интерактивтік құрылғыларды пайдалану, слайд, дән, скрипка, жапырақтар.
Барысы: Ӏ.Ұйымдастыру кезеңі. Сахналық қойылым
Автор: Фархатова Амина Тақырбы: Абай « Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңі И.Крыловтан аударылған.
1 слайд.
А.Құнанбаев
И.Крылов
2 слайд
Шегіртке
мен құмырсқа
Автор: Фархатова Амина
-Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
3 слайд.
4 слайд
5 слайд
Автор: Фархатова Амина
-Жаздыгүні жапырақтың Бірінде- тамақ, бірінде – үй. Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң, кетті күй.
6 слайд
Автор: Фархатова Амина
-Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан, Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым- ақ қиын іс болды.
7 слайд
Автор: Фархатова Амина
-Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Сабанда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра:
8 слайд
Шегіртке: Әділбай Мақсат
-Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра !
Құмырсқа: Тастанбек Айым
-Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең?
Шегіртке: Әділбай Мақсат
-Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме?
Құмырсқа: Тастанбек Айым
-Қайтсін қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де билей бер!
9 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген