жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс "Әл-Фараби – екінші ұстаз"
Тақырыбы: Әл-Фараби – екінші ұстаз
Авторы: handle
Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы.
«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Математика пән
мұғалімі Чингоджаева Жазира Ғазизқызы
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Әл-Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру,
математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге
деген талпыныс пен құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап,
зейіндерін кеңейте түсу.
Дамытушылық мақсаты: Математикалық қабілетін, шығармашылық
қасиеттерін, қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы
тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге
үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, карта, әр түрлі баспа материалдары,
«Шығыс жұлдыздары»-ның портреттері, өмірі мен еңбектері жазылған
газеттер, музыкалық шығармалар.
І-бастаушы: «Әл-Фараби – екінші ұстаз» атты математикалық кешімізді
бастауға рұқсат етіңіздер
І-Бастаушы: Вавилонда, Египетте,
«Ата мұра» кешегі.
Жеткен екен бүгінгіге
«Теңдеу шешу» есебі
Әл-Хорезми-Хорезмде
Ғылымға еңбек етіпті.
«Әл-Жебр»- «Алгебра»,
Деп аталып кетіпті.
ІІ-Бастаушы: Ғалым болған ұл-қыздары,
Шығыстың бас жұлдыздары.
Ұлықбекті отқа жақты
Сол заманның құзғындары
«Екінші ұстаз» – деп атады,
Фарабиді жұрт түгел.
Атамыздың трактатын
Бағалы әрі, мықты дер.
І-Бастаушы: Тоғызыншы-он бесінші
Ғасырлардың алыбы.
Нұрын шашқан бар әлемге,
Бұлар – Азия ғалымдары
2-Бастаушы: Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан
үлесі
1-Оқушы: /Әл-Фараби/
Әбу Насыр ибн Мұхамед Тархан ибн Ұзлаг Әл-Фараби 870 жылы Сыр
бойындағы Арыс өзені Сырға құятын өңірдегі Отырар қаласында
қыпшақтың әскери қолбасшысының жаұясында туылған. Әл-Фарабидің
толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан
Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан Фарабтан шыққан деп
атаған. Бұл қаланың орны қазіргі Шымкент облысының Қызықұм
/Шәуілдір/ ауданы территориясында. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға
үйір болып өсті, алғашқы білімді жергілікті медреседе алады. Зерек,
құйма құлақ бала бір-екі жылда-ақ сауатын ашып, өз бетімен кітаптар
оқи бастайды. Оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай
кітапхана бар еді. Отырардағы кітапхана, ел аңызына қарағанда
кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі
екінші орында болған.
Тарихи мәліметтерге қарасақ Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи
қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет
орталығы болған. Түйелерінің табандарына құрым байлап жатқан жат
жердің керуендері де Әбунасыр үшін қызықты. Кем мен Қашқардан,
Үндістан мен Ираннан, Мысыр мен Йеменнен, Шам мен Ирактан, Кавказ
бен Еділ бойынан құлақ естімеген көз көрмеген жерлерден келген
керуендерді жағалап жүріп, елдердің жайын сұрайды, көрмеген
халықтардың салт дәстүрлері де қызықтырған. Керуеншілерге ілесіп
жүрген саяхатшыларды, ғалымдарды, музыканттарды көріп тыңдаған
.
Білімге, ізденуге деген құштарлығы, дүниедегі құбылыс біткеннің
бәрін білсем деген құштарлығы, ақылының алғырлығы және асқан
байсалдығы көп ұзамай оның абырой – беделіп көтере бастады.
Әбунасыр кітаптан басқа тағы үш нәрсеге көңіл бөледі. Бірі- ат
спорты, екіншісі- батырлар мен шешендердің сөздерін тыңдау,
үшіншісі- ән шырқап, күй тарту. Сол заманда көкпар тартысып, ат
үстінде аударысып, жамбы атып, садақ тартып, найза лақтырып
үйренген. Бұларға ебі жоқ жастар «қортық» болып есептелген.
Алғырлығы арқасында Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренді, осы
тілдерде ғылыми трактаттар оқыды. Кәмілеттік жасқа толған соң ол
оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Пифагор,
Аристотель, Евклид, Архимед, Птолемей, тағы басқа ғалымдардың
еңбектерімен танысып, сол ғалымдарға еліктеп жақын жерлерге
саяхаттар жасайды. Саяхаттаған жерде өз білімін толық жетілдіреді
және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында
жетекші орынға ие болады. Осы мақсатпен Сағанақ, Сауран, Хиуа,
Үргеніш, Бұхара, Самарқанд, Исфаған тағы басқа Орта Азия
қалаларында саяхаттары әр өлкенің әдет-ғұрыптарын түсінуге белгілі
тәртіп сақтауға, сақтық пен төзімділікке үйретеді. Ол енді ғылымның
шымырлап қайнап тұрған жері- араб елдеріне, оның ішінде Бағдатқа
бармақ болады. Бағдатта «Даналық үйі» бар дегенді талай естіген.
890 жылы күзде Әбунасыр ел-жұртымен, туған-туыстарымен қоштасып
тұлпарына мініп Бұхарадан шығатын керуенге қосылып Меккеге жол
тартады. Жеті ай жол азабын тартып Меккеге одан Бағдаттағы «Даналық
үйіне» келіп өз білімін жетілдіреді. Осы жерде ол өз білімін толық
жетілдіріп, көптеген ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші
орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай діни-ғалымдардың көре
алмаушылықтарын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Әл-Фараби
Бағдатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы
күндерін Аллепо және Дамаскде өткізді. 950 жылы Дамаскіде қайтыс
болып, сонда Бабыс-Сағыр деген зиратта жерленген. Туғанына 1100 жыл
толуын бүкіл дүние жүзі, соның ішінде біздің елімізде үлкен
салтанатпен атап өтті. Бұл күнде Сирияның астанасы Дамаск қаласында
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаеватың тапсырмасымен
Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық салынған.
2- оқушы: Әл-Фараби энциклопедисть ғалым ретінде ғылымның барлық
салаларында елеулі еңбек сіңірді. Көптомдық «Музыка туралы үлкен
трактат» деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Бұл еңбек
қазіргі кезде де аса жоғары бағаланады. «Музыка жайлы талдау»,
«Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Өлең көне шешендік
туралы» т.б. еңбектер жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды,
музыкалық аспаптар жасауды, әнді орындауды ғылыми жағынан
жетілдіреді. Өзі бірнеше музыкалық аспап жасап шығарады. Солардың
ішінде «қыпшақ» деген аспап болған екен. Ол осы күнгі қазақ, өзбек,
қырғыз сияқты халықтар арасында кең тараған домбыраға ұқсас болса
керек.
3-оқушы: / Еңбек туралы «Аплотонның намысты қоғам еңбегін қысқаша
талдау», «Бақыт жолындағы ескертулер», «Жасампаз қала тұрғындарының
көзқарасы» деген қолжазбалары құнды деректердің бірі.
Еңбек туралы:
Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық еңбек
күшті қайтарады.
…адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым
жетік және жақсы аңғарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай
әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру
біздің мақсатымыз болып табылады.
4-оқушы: Әл-Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік
қызметіне байланысты Фараби алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен
айналысады. Денсаулық хақында:
Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылысы. Сондықтан
алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында
дене біртіндеп сауыға бастайды.
5-Оқушы: тәлім-тәрбие хақында:
Тәрбиелеу дегеніміз- халықтардың бойына білімге негізделген
этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.
Ұстаз .. жаратылысынан алғырда аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше
шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және
ар-намысын ардақтайтын, әділ, батыл, ержүрек болу керек .
6-оқушы: Төмендегі өлең жолдары Әл-Фарабидің ақындық тұғырының биік
болғандығын дәлелдейді.
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Тіршілкте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
7-оқушы: Фараби дің өз басының өнегесі – жастарға ғибрат. «Ақыл-ой
туралы», «Жан туралы», «Қызу қандылық туралы», «Жасөспірімнің
ақыл-ойы туралы кітап» т.б. көптеген еңбектерінің ғылымда алатын
орыны ерекше.
Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға
қабілетті болу деген ұғым.
Мұхтар Шахановтың «Арманда» өлеңінен көрініс.
Автор сөзі: Ерте, ерте, ертеде
Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды,
Бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.
Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті
Құрметпенен өз үйіне шақыртты:
Қария: Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.
Мен де танып білсем деп ем,
Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?
Кәне, Дойыл, сен айтшы?
Дойыл: Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен, армен де.
Жалын шашса өнерімнің өрнегі,
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеген пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.
Қария: -Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Бағымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?
Дойыл: -Арманымды өзгерте алман, жан баба!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген