400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Әлемді биология арқылы таны" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме өз тәжірибемді тарата отырып, әдістемелік көмек ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы

Арал қаласы, Ж.Әбдірашев атындағы

№62 мектеп-лицейі


Химия-биология апталығы «Табиғаттың құпиясы тұңғиық

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»

Сыныптан тыс жұмыс. Ұйымдастырушы: химия-биология пәні мұғалімі Ұ.Оспанова

Қатысушы сыныптар: 8-сынып оқушылары

Болатын уақыты: 20 қазан. 2020 жыл. Сағ: 10-30


Тақырыбы: «Әлемді биология  арқылы таны»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік : Биологиядан алған  білім деңгейлерін анықтау, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.


Дамытушылық: Пандемия кезеңінде сақтық шараларын сақтай отырып, қашықтан оқуға бейімділіктерін, коммуникативтік белсенділіктерін арттыру.


Тәрбиелік – Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Формасы: Онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы сайыс


Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар


Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Сайысқа қатысушыларды таныстыру

8 «А» сыныбы –

8 «Б» сыныбы –

8 «В» сыныбы –

8 «Г» сыныбы –

ІІІ. Сайыс турларымен таныстыру

  1. «Кім жылдам?»

  2. «Не артық?»

  3. «Қалай ойлайсың?»

  4. «Сен білесің бе?»

І «Кім жылдам?» турында әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай

Сұрақтары:

1.Ядро қабықшасы қалыптаспаған жасушалар? (прокариоттар)

2.Суретте қандай организмнің жасушасы бейнеленген? (өсімдік жасушасы)

3.Суретте қандай процесс бейнеленген? (фотосинтез)

4.Нейрон жасушасының ұзын өсіндісі (аксон)

5. С6Н12О6 – қандай заттың химиялық формуласы (глюкоза)

ІІ «Не артық?» бұл турда биологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір классқа, бір отрядқа, бір тұқымдасқа жататын жануарлар немесе өсімдіктер суреттері беріліп бір сурет артық болады, оқушы артық суретті анықтайды және неге артық болғанын түсіндіруі тиіс.

ІІІ «Қалай ойлайсың?» бейнелі логикалық сұрақтар

  1. Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына ________километр жылдамдықпен жүгіре алады. (95 км)

2.Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің ________________ ерекшеленеді. (қаралығымен)

3.Керіктің мойыны адамдардан әлдеқайда ұзын екені бәрімізге мәлім, алайда оның да мойын омыртқасының саны _________ (7)

4.Қолтырауындар тас жұтқанды жақсы көреді, нәтижесінде, асқазандары жақсы жұмыс жасап, тас олардың ___________________________ көмектеседі. (су түбіне тереңдеуіне)

ІV «Суретті тест»

1.Жер бетінде ешқашан өлмейтін жәндік бар екен, ол тіршілік циклы аяқталған кезде теңіз түбіне бекініп қайтадан полиптерге айналады, ол қандай жәндік?

А.Минога

В.Медуза

С.Сегізаяқ

Дұрыс жауабы: В

2.Адам организміндегі ең мықты бұлшықет?

А.Жүрек бұлшықеті

В.Қол бұлшықеті

С. Тіл бұлшықеті

Дұрыс жауабы: С

3.Сүтқоректілердің қанында темір болғандықтан ол қызыл түсті, ал былқылдақденелілердің қаны неліктен көк түсті, қандай металлға байланысты?

А.Мыс

В.Мырыш

С.Никель

Дұрыс жауабы: А

4.Өзінің денесімен салыстырғанда ең үлкен миы бар жәндік?

А.Қанқыз

В.Көбелек

С.Құмырсқа



V «Сен білесің бе?»

Оқушыларды қосымша ақпараттармен таныстыру.

Қорытынды: Сайыс жеңімпаздарын анықтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
1547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі