«№44 жалпы орта білім
беретін мектеп» КММ
Алтын
күз
Орындаған: Данибекова
И.А.
«Арайлы алтын
күз»
Мақсаты:
Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын
және
күз ханзадасын анықтау.
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың
сайыс
қа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата -
аналар, оқушылар!
Бүгін оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған
«Арайлы алтын күз»атты күзгі балға қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Бүгінгі күзгі балымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы.
3. Үйге тапсырма(табиғи материалдардан қол өнер бұйымдары)
4. Білгенге –маржан. (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға
шақырамыз.
1 тобымыз ортаға
шақырайық.
Ай секілді өздері,
Сыңғыр,сыңғыр сөздері.
1 «А» сыныптың қыздары,
Әдемі ғой көздері.
2 тобымызды ортаға
шақырайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Сабақтан қалмайды.
1 «А» ұлдары сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.
- Сайысымызды бастамас бұрын,
бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қатысушыларымыздың өнерін
тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен
танысайық.
Жүргізуші:Сонымен құрметті қонақтар
«Арайлы алтын күз» атты күзгі балына сайыскерлеріміздің өзін -
өздері таныстыруларын тамашалайық.
1 сайыс
«Таныстыру»
Жүргізуші:
Өрік, алма, шие,
алша,
Жидек, жүзім
піседі.
Қауын, қарбыз, қияр
сәбіз
Қоймаларға
түседі
Айтындаршы
балалар
Бұл қай кезде болады?
/Күзде/ Күз шығады
Күз
Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл
нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға
өкпелеп көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтседе, менін
жомарттығыммен ақ көңілділігімді бәріде
ұнатады.
Жүргізуші:Күз қош келдің! Бізде сайыс
өтуде, бізбен тамашала, жоғары шық. Үй тапсырмасы(табиғи
материалдардан қол өнер бұйымдары)
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын
тыңдайық.
1 оқушы:
/Әсемгүл/
Қуандырып
біздерді
Берекелі күз
келді
Мерекелі күз
келді
Көбейді
құт-береке
Астық толы
қоймамыз
Құтты болсын
мереке
Алтын күзді
тойлаймыз!
2 оқушы
/Ділназ/
Кездескен соң
күзімен
Бұтағынан
үзілген
Ай жапырақ сары
алтын,
Айналанын бәрі
алтын
Қуандырып
біздерді
Мерекелі күз
келді.
Кел жемісті-алтын
күз
Кемелденсін
халқымы
3 оқушы.
/Батырхан/
Күздің сыйын
алайық
Қызығына
қанайық
Күзге арнап
бәріміз
Әнімізді
салайық
4 оқушы
/Әлиқан/
Дамылдап жатқан
балғындай
Тоқтатты сулар
тасуын
Ағаштар алтын
жамбыдай
Шашады жерге
шуағын.
5 оқушы
/Шүкір/
Жүрексіз қоян
безеді
Жөңкіле қаңбақ
күздегі
Қиқулап көкте
жүзеді
Құстардың керуен
тізбегі
6 оқушы
/Ельмухан/
Күйекте күйлі мал
қанша
Қырманда толы дән
қанша,
Алтын күз әсем
айналам
Қараймын көзім
талғанша!
Күз: - Рахмет! Ал балалар
білеме, неге мені «алтын күз» деп атайды
7 оқушы
/Тайман/
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап
Мұны көріп, қалай
күзді
Тенемейміз сары
алтынга?
8 оқушы
/Әсемгүл/
Қауын-қарбыз
жемістермен
Толтырамыз қол
себетті
Алтын күз деп аталады
Күз айы да сол себепті
9 оқушы /Алихан/
Рахмет, балалар, кім күз айларын
атайды?
10 оқушы /Ділназ/
Күз айларына:
Қыркүек, Қазан, Қараша айлары
жатады.
Жүргізуші: Ендеше балалар! Ортаға осы
кештің куәгерлерін, яғни күз айларын
шакырамыз
11 оқушы
/Айлана/
Қыркүйек:
Алтын күз! Сізбен бізге шуак
шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін
ашсын,
Бақпен шаттық бізге қатар
қонып,
Береке бірлікпенен
ортақтассын!
12 оқушы
/Назеркем/
Қазан:
Қазан айы
басталды
Құстар қайта
бастады
Туыстық адал достықпен
Жалғасып күндер барады!
13 оқушы /Нұрбол/
Қараша
Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Жүргізуші: Білгенге –маржан
(Күз мезгіліне байланысты сұрақ-
жауап) «Жапырақ теру» ойыны
арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы
ағаштағы жапырақшалардағы
сұрақтарға жауап бересіздер..
Күз: Оқушылар қазір біз
«Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.
1. Пісетін кезі дәл
күзде
Мезгілсіз оны
үзбе.
Аузыңнан кетпес
дәмі
Оның аты ...
.
2. Кіп – кішкене болса
да
Ағаштың басын
иеді.
Жемістерін
айырып
Танисың ба ...
.
3. Жапырақты
тасалап
Өсетін жері бақша –
бақ.
Күрең қызыл шіркін –
ай
Оның аты ...
.
Жүргізуші:Осымен «Арайлы алтын
күз»атты күзгі балымыз өз мәресіне жетті.Назар қойып
тамашалағандарыңызға рақмет.Әділ қазыларымыз
әділ
шешімдерін айтып өтсе
болады.
Қорытынды бөлім. М а р а п а т
т ау