Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны

Сыныптан тыс жұмыс. «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2020
954
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс жұмыс

«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру.

 Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

 Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша.

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

 Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

          Оқушыларға жалпылама сұрақтар беру арқылы топ жинау. Сұраққа жауап берген оқушылар ойынға қатысатын болады. Топта бес адам болады. Топтың сұрақтары конвертке салынып, қақпалардың жанына қойылады. Әр конверттің ішінде үш сұрақтан болады. Үш сұраққа толық жауап берілген жағайда, қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

 Жалпылама сұрақтар:

1.     Сөзді дыбыстық жағынан тексеретін ғылым қалай аталады? (фонетика)

2.     Көк ат деген тіркесте қандай ықпал түрі  бар? (ілгерінді ықпал)

3.     С. Сейфуллиннің туғанына неше жыл толды? (110 жыл)

4.     Көп сөзінің антонимін тап (аз).

5.     Республика күні қашан атап өтіледі? (25 қазан)

6.     Көкшенің сал-серілері (Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т.б.)

7.     Көкшетау қаласы қай жылы құрылды? (1824 жылы)

8.     Бір-біріне мағыналары жуық сөздер қалай аталады? (синоним)

9.     Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл)

10.   Ш.Уәлиханов қай жылы туды? (1835 жылы)

11.   Екі етіске ортақ жұрнақ (-ын, -ін, - н)

12.  Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)

13.  Қазақ лицейі қай көшеде орналасқан? (Менжинский)

14. Қара өлең ұйқасы (ааба)

15. Конституция қай жылы, қай күні қабылданды? (1995 жылы, 30 қыркүйек)

 

 

Тас қақпаның сұрақтары:

1.     Қайыңнан сөзіне фонетикалық талдау жаса.

2.     «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса.

3.     Берілген сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып жаз.

Кітапқа үңілу, ағашты өңдеу, ештеңе айтпау, сабақ дайындау, той дастарқаны, таңертеңгі шай, ақ жастық, Ақылбайдың дәптері, асықпай сөйлеу, үнсіз отыру, жібек белбеу, орнынан тұру.

 

Қабысу

Матасу

Меңгеру

Жанасу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.     Жай сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін ата, мысал келтір.

5.     Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда, сөз таптарын көрсет.

Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,

Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды.

6.     Айқындауыш мүше дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

7.     Адамның күлкісіне еліктейтін сөздерді ата.

8.     Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?

9.     Бетінен оты шығу деген сөз қалай аталады? Қандай мағынаны білдіреді?

 Күміс қақпа сұрақтары:

1.     «Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Дәлелдеңдер?

2.     Жүсіп Баласағұн қай жерде туып өскен?

3.     Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығын қалай анықтаймыз?

4.     Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылығын тап

5.     Көне түркі жазбаларының оқылу кілтін тапқан кім?

6.     Үзінді қай шығармадан алынған?

Балталы, Бағаналы ел аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол!

7.     Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері қай ғасырдың туындылары?

8.     Гипербола дегеніміз не? Мысал келтір.

9.     Көркем шығарманың кіріспе бөлімі қалай аталады?

 

Алтын қақпа сұрақтары:

1.     Қазақстан өз егемендігін қай жылы, қай айда алды?

2.     Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы ауыстырылды?

3.     Жерінің аумағы жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде нешінші орында тұр?

4.     Қазақстанда қанша халық тұрады?

5.     Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты?

6.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата.

7.     Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?

8.     «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды?

9.     «Диуани лұғат ат түріктің» авторы кім? Бұл не қылған шығарма?

    

Алтын сандық сұрақтары:

 1.     Үргеніш ханның сұрақтарына Сырым не деп жауап берді?

 Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не?

 2.     Дау мұраты не?

Сауда мұраты не?

Қыз мұраты не?

  3.     Досбол шешеннің айтқандарынан:

Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба?

 

4.     Төле би қырық қарақшының қолына түсіп қалып, келіні Данагүлге хат жазады. Хатында: «Кенже ұлыма құда түстім, соған қырық құнан атан, 20 бура, 8 ақ бас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса жіберіңдер,»-деп жазады. Келіні Данагүл Төле бидің жұмбағын қалай шешеді?

 

 Сабақты қорытындылау. Марапттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ