400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Ақпараттық технология" 5 сыныптар аралығында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бесінші сыныптарға арналған. Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектесетін материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№4 ЖОББМ» КММ

















Ақпараттық технология

(интеллектуалдық сайыс)






Өткізген:Қанатова Б.І.

Сыныбы: 5а,ә























Шалқар қалалық

2018-2019 оқу жылы

Күні: 05.01.2019

Сыныбы: 5а,ә

Пәні: информатика

Сайыстың тақырыбы: Ақпараттық технология

Сайыстың мақсаты:

  • оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

  • оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Барысы:

Жағымды психологиялық ахуал туғызу (Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.

Жүргізуші: Армысыңдар, бүгінгі «Ақпараттық технология» атты сайысқа

қош келіпсіздер!

Информатика – бұл ХХІ ғасырдың есігін ашқан, болашаққа бағдар беретін

сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағының

өте қызық екендігіне көз жеткіземіз.

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен,

Роботтай адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен,

Компьютер емей немене?

Білмегенді білдірген,

Өлшеп киім кидірген,

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген,

Компьютер емей немене?

Бәріңіз маған қараңыз,

Ойынымызды бастайық.

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі,

Ойлануға татырлық.

«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек, баланың бір тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын топтарымызды қарсы алайық.

Жүргізуші:

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таныс та, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қал ма жасып.

Жұлдыздармен танысу –

Сапарға шығу аспанға.

Тамашалайық ендеше,

Қазақ халқы ертеден

Ата салттан асқан ба?

  • дей отырып, әр топ өздерінің таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын.

І. «Жұлдыздарға сапар» (Таныстыру)

І – топ –«Ақпарат» ІІ – топ – «Вирус».

Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады.

Жүргізуші :

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп екінші кезеңге өтеміз.

ІІ. «Қас қағым сәт» (Сұрақ-жауап)

1. Компьютер «миы» (Процессор)

2. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (Себетте)

3. Компьютердің атасы (Чарльз Бәббидж)

4. Delete пернесінің қызметі (өшіру)

5. Ең ұзын перне (Бос орын)

6. Көп пернелі құрылғы (Пернетақта)

7. Компьютердің «теледидары» (Монитор)

8. 1 байт неше биттен тұрады? (8)

9. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)

10. Баспаға шығару құрылғысы. (Принтер)

11. Компьютер алдына қойылатын өсімдік (кактус)

12. Сазгер қорап. (Колонка)

13. Анивирус деген не? (Вирусты анықтап, емдейтін не өшіретін бағдарлама)

14. Алғашқы адамдар немен есептеді? (Саусақпен)

15. “Ас – адамның арқауы”, ал компьтердің асы не? (тоқ)

16. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (Бит)

17. Ақпаратты енгізу құрылғысы. (пернетақта)

18. Сурет салуға арналған программа. (Графикалық редактор)

Жүргізуші:Кездестік міне тағы да,

Саласында білімнің.

Сараптауға асықпай,

Компьютердің қызығын.

ІІІ. «Адасқан әріптер» (бұл кезеңде берілген сөздерден сөз шығару керек)

Ақпарат

Вирус

Пьюромтек-Компьютер

Нимотор-Монитор

Акитамрофни-Информатика

Деммо-Модем

Граммпора-Программа

Лайботик-Килобайт

Лайф-Файл

Енрепатқат-Пернетақта

Жүргізуші: Күш пен қуат ақылың мен білекте,

Ұмтылыстан шыңдалады жігерің.

Сенім, үміт нұр құяды жүрекке,

Мекендейсің сонда рахат түбегін!

ІҮ. «Ребус»

Жауабы: Басыпшығарғыш, монитор.

Жүргізуші: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

  • Деп, Қадыр Мырзалиев айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл білімін тамашалайық.

Ү. «Тіл-өнер.» (Жұмбақтар шешу, жауабын орыс тіліне аудару)

1.Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (бит, бит)

2.Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (жүйелі блок, системный блок)

3.Ақпараттарды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (мәтіналғы, принтер)

4.Батырмасын басасың,

Қажетіңді ашасың. (тінтуір, мышка)

5.Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар! (тінтуір, мышка)

6.Мәліметті сұраған

Көз алдыңа шығарам. (монитор, монитор)

7.Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса, артынан

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын, пробел)

8.Қанша тетік тізілген,

Саусақсағыңды сезінген.

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген. (пернетақта, клавиатура)

Жүргізуші:

Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз.

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

ҮІ. «Түсін мені» Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 5 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, хат, модем, калькулятор, колонка.

2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: компакт-диск, мұғалім, маус, сканер, доп, принтер, фотоаппарат, монитор.

ҮІІ «Қандай белгі?» Суретте жасырын турған белгілерді айтып, жауабын айту керек.

Жауабы: Текстік редактор, себет, архив, интернет, қалта.

ҮІІІ. Қорытынды

Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үренеміз аман болсақ!


Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі